Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»
А/И2. Автор бейнесі 7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ мақсаты
Айтыстағы авторлардың көтерген мәселелерін құндылық тұрғысынан саралай отырып, автор бейнесін анықтайды, өз көзқарастары тұрғысынан баға береді.
Айтыстағы көтерілген мәселелерді құндылық тұрғысынан саралайды.
Шығармадағы құндылықтар арқылы автор бейнесін анықтайды.
Дескрипторлар
айтыстағы кемінде 3 түрлі көтерілген мәселені анықтайды;
анықтаған мәселелер арқылы ақындардың 2 құндылығын айқындайды;
ақындар айтыста әспеттеген кемінде 2 -3 тұлғаның есімдеріне қатысты тарихи деректерді қарап, маңыздылығына баға береді;
қазіргі кездегі құндылықтармен салыстырып, авторларға бүгінгі күн тұрғысынан баға береді.
өз көзқарасын білдіріп,1 сөйлеммен тұжырым шығарады.
Құндылықтарды игерту
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.
АКТ-ны қолдану дағдылары:
Зар заман ақындары туралы бейнебаян көрсетіледі.
Пәнаралық байланыс
Мәдениеттану, тарих, ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика саласы, орыс тілі
Тілдік міндеттер
Пәнге байланысты сөздер және терминдер:
Фольклор, айтыс, автор бейнесі, тарихи құндылық, тұлғалық болмыс, поэзиялық жанр, суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы, тұлғалық болмыс, гуманизм.
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...
Менің ойымша,...
Мен ойлаймын...
Алдыңғы білім
ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар мен зар заман ақындары туралы ұғым-түсініктері қалыптасқан.