Смаилова Сымбат
2 топ ПШО филиалы
Өскемен қаласы
|
«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»
2016 жыл
|
А есебі
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: «Түйебай» Б.Майлин 1-сабақ
|
Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Смаилова С.Т.
|
Сынып: 5«А»
|
Қатысқандар саны: 16
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ мақсаты
|
Б.Майлин өмірі, шығармашыылығы туралы мәлімет беру, «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар:
|
Әңгіме мазмұнын түсінеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Әңгіме мазмұнын баяндап береді.
Кейіпкерлерді жағымды, жағымсыз қасиеттері бойынша жіктей алады.
Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере біледі.(тапсырманың шартын талдайды, ережелерді біледі,сөздерді таба біледі, қорыта алады)
|
Кейбір оқушылар:
|
● әңгіме мазмұнын толық меңгереді, шығарманы талдай алады,ой қорыта алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
●Алған білімдерін қолданады;
Өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады;
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
«Шоқынып кетсем де, енді молданын алдын көрмеймін», Түйебай, бақыт
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|
Сіз неліктен ...... екенін айта аласыз ба?
|
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
|
Алдыңғы оқу
|
С.Сейфуллин «Дала» өлеңі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
2 минут
10 минут
|
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу,
Сынып оқушыларын топқа бөлу ( «Есімдер» бойынша )
Үй тапсырмасын сұрау (Сұрақ-жауап әдісі бойынша, ыстық орындық әдісі)
|
Үлестірмелер
|
Ортасы
30 минут
|
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Үш бәйтерек
Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл. Үш бәйтерегіміз биыл 120 жасқа толып отыр.
Оқушылардың Б. Майлин шығармаларымен қаншалықты таныстығын анықтау.
( Б. Майлин - көркем прозаның зергері, сыршыл да сыншыл лирик, әрі суреткер ақын, драматург, публицист).
Сенің зарың - зарлайтыным өмірде
Сенің арың - арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең, мен де соны көремін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы - шерім ашылар.
Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар.
«Қазақ әңгімесі дегенде алдымен Б.Майлиннің есімі тілге оралады. Бұл қаламгер әңгімені сан жағынан да, сапа жағынан да жазушыларымыздың бәрінен көп жазды, келістіріп жазды.»
Т.Нұртазин
Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Жастай әкеден айрылып, балалық шағы жоқшылықта бейнетпен өтеді.
Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Әсіресе, қазақ прозасындағы әңгіме жанрын биік деңгейге көтерген. Оның әңгімелері жаңа құрылыс кезеңінің көркем шежіресі іспетті. Кейіпкерлері – қарапайым ел адамдары. Аумалы-төкпелі заманның қиыншылықтары, жаңа үкімет тарапынан жіберілген асыра сілтеушіліктер, ел адамдарының бастан өткерген уақыт кезеңі жазушы қаламында шебер көрініс тапқан. Қаламгер кейіпкерлерінің шынайы болмыс-бітімі тұрмыс-тіршілігі, психологиялық күйі арқылы сол қоғамды шынайы бедерлеумен қатар, өзіндік көзқарасын білдіреді. Жаңа үкімет тарапынан жіберілген кемшіліктер оның Мырқымбай сияқты кейіпкерлерінің аузымен кейде ашық, кейде астарлы түрде сынға алынады. Қаламгер заман сипатын дер уақытында айқын танып, өз шығармаларында көркем бейнелеген. «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист», «Арыстанбайдың Мұқышы» «Он бес үй», «Майдан» т.б әңгіме, повесть, драмалар – шыншыл суреткердің қаламынан туған бірегей туындылар. Ол 1938 жылы қайғылы қазаға ұшырайды.
ІІІ. Мағынаны тану
1.Әңгіме мазмұнын ЖИГСО әдісі арқылы меңгертеді.
2. «Түйебай» әңгімесі бойынша жоспар:
1. Қоржын томар жайлауы
2. Ауыл балалары молдадан оқуда
3.Түйебайдың сабақтан кешігуі
4. Молдамен қоштасуы
5.ҚойшыТүйебай
ІҮ. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мәнін ашу.
Топқа бөлінгеннен кейін әр топ 5 рөлді анықтап алады: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы. Жұмыс төмендегідей жоспармен өтіледі. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып,талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын толтырады.
Бақылаушының бақылау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Лидер
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа ат салысу
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірін талдау.
Ү. І топ
1. Бейімбет Майлиннің әңгімесі неге «Түйебай» деп аталған?
2. Түйебайдың молда оқуындағы жағдайы қандай еді?
3. «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді дегенге қандай пікір айтасың?
ІІ топ
1. Әңгіменің бас кейіпкері кім?
2. Түйебайдың ата - анасының тұрмысы қандай?
3. «Шоқынып кетсем де, енді молданын алдын көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?
ІІІ топ
1 Молданын алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
2. Молда неге Түйебайға өшікті?
3. «Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп, сол сағатында Түйебай неге айта алмады?
|
Ғаламтор жүйесі
5 сынып оқулығы
АКТ құралдары( интербелсенді тақта, компьютер, слайд,)
|
Аяқталуы
Үйге тапсырма
2 минут
Бағалау 1 минут
|
1. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысына бағалату;
2. Берілген бағалау парағына топ басшысының бағалауы бойынша бағаларын қоюын қадағалайды.
3. Кері байланыс «Даналық ағашы» арқылы
Үйге тапсырма.
Әңгімеден күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді жазып келу,
«Адам болатын бала алысқа қарайды» ойтолғау
|
бағалау парағы
|
Қосымша ақпарат электрондық оқулық. Түйін жасады. Салыстырады. Дәлелдейді.
|
І топ
1. «Түйебай» әңгімесін композициялық құрылысына талдау
ІІ топ
1. Мәтіннен портрет пен пейзажды табу
ІІІ топ
1. Автор болсаң, «Түйебай» әңгімесін қалай аяқтар едің?
І топ
1. «Түйебай» әңгімесін сурет арқылы жеткізу
ІІ топ
1. Кластер «Түйебай қандай бала?»
ІІІ топ
1. Эссе «Біз бақытты баламыз...»
Тұжырым жаса:
Не себепті Түйебай өз заманында құқығын қорғай алмады?
Егер де Түйебай бүгінгі заманда өмір сүрсе, өмірі қалай болар еді?
Молда алдындағы оқу мен қазіргі оқудың қандай айырмашылығы бар?
Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |