§7 (6). Есептер №32,34. (52-56 беттер)
№1
1. Цилиндрдің бүйір бетін қалай аламыз?
2. Конустың радиусы 3 см. (биіктігі) жасаушысы 5 см. Конустың бүйір бетінің ауданын тап.
3. Радиусы 41 дм шар центрінен 9 дм қашықтықты жазықтықпен қиылған қиманың ауданын тап.
№2
1. Конустың бүйір бетін қалай аламыз?
2. Цилиндрдің радиусы 4 см, жасаушысы 5 см. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын тап.
3. Қиық конус табандарының радиустары 3 м және 6 м, биіктігі 4 м. Жасаушысын табыңдар.
№3
1. Қиық конустың бүйір бетін қалай аламыз?
2. Шардың үлкен дөңгелегінің ауданын тап, егер шардың радиусы 4 см болса.
3. Цилиндрдің биіктігі 6 см, табан радиусы 5 см. Цилиндр осіне 4 см қашықтықта оған параллель жүргізілген қиманың ауданын тап.
№4
1. Цилиндрдің осьтік қимасы қандай фигура?
2. Сфераның радиусы 6 см болса, оның үлкен шеңберінің ұзындығы қандай?
3. Конустың биіктігі 20 см, табан радиусы 10 см. Осьтік қимасының ауданын тап.
№5
1. Сфераны (шар бетін) қалай аламыз?
2. Қиық конустың радиустары 3 см және 5 см, жасаушысы 8 см. Бүйір бетінің ауданын тап.
3. Цилиндрдің табанының радиусы 2 м, биіктігі 3 м. Осьтік қимасының диагоналін тап.
.
Ш қандай айырмашылығы және ұқсастығы бар?
2. Радиус, диаметр, хорда, сектор дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жарты шеңбер өз диаметрінен айналғанда шығатын фигураны сфера деп атайды.
Жарты дөңгелек өзін шектейтін диаметрден айналғанда шығатын фигураны шар деп атайды
Сфера шар
Шардың беті – сфера.
Сфераның(шардың) кез келген екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда, ал центрі арқылы өтетін хорданы диаметрі деп атайды.
Жер шар тәріздес. Жердің ең үлкен қимасының шеңбері экватор, ал қалған кіші шеңберлер параллельдер деп аталады. Жарты шеңберлер меридиандар деп аталады.
Шарды(сфераны) жазықтықпен қиғанда пайда болатын кез келген қима дөңгелек(шеңбер) болады. Бұл дөңгелектің(шеңбердің) центрі шардың(сфераның) центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.
ІV. Есептер шығару
1. Шардың радиусі 8 см - ге, ал қиманың радиусі см - ге тең. Шардың центрінен қима жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
R=OB=8 см
AB= см
AO -?
Шешуі: AO2=OB2 - AB2 AO2=64 - 15=49; AO=7см
Жауабы: 7 см
Достарыңызбен бөлісу: |