Перцептивті іскерлік
қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.
Педагогикалық техника
мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.
Педагогикалық мораль
мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида ережелердің, қалыптың мазмұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.
Педагогикалық іс-әрекет
аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикалық
импровизация
жасау мен қайта жаңғырту уақыты жағынан сәйкес келгенде кездейсоқ жағдаятқа жауап ретінде пайда болатын педагогикалық үдеріс барысындағы әрекет. Егер мұғалім фундаменталды білімдерді меңгерген, реакциясы жылдам,қиялы және интуициясы дамыған, қабылданатын шешімді сол сәтте жүзеге асыра алатын болса, онда импровизация жасау қиын емес.
Педагог
білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын қызметкерлер.
Педагогтар
құл иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты шенеуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Рефлексия:
адамның өз-өзіне тоқтатуы, іс-әрекетін талдауы, негізгіні дұрыс ойлауы, іс-әрекетінің дұрыстығын дәлелдеу.
Рефлексия
педагогтың өзін, өзінің психикалык жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін калай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.
Достарыңызбен бөлісу: |