Оқушыларға жүргізілетін тренинг сабақ
Мен және менің отбасым
Тренинг сабақтың мақсаты: Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгінгі біздің тренинг сабағымыздың тақырыбы «Мен және менің отбасым»
Тренинг сабағымыз 5 бөлімнен тұрады.
1.Таныстыру (аты-жөні, менің отбасым бақытты)
2.Отбасы туралы сұрақтар
3. Жұмбақ шешу
4. Логикалық сұрақтар
5. Менің анам ол....
«Таныстыру»
Әрбір оқушы орындарынан тұрып аты-жөндерін айтып таныстырады және Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...).
Отбасы туралы сұрақтар
Отбасы дегенді қалай түсінесің?
Отбасының басшысы кім?
Отбасы қандай болуы керек?
Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?
Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба?
Сен қандай отбасын армандайсың?
Өз отбасыңа көңілің тола ма?
Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?
Отбасының ұйытқысы кім?
Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
Жұмбақ шешу
Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.
-Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
Олай болса мен сіздерге жұмбақтар жасырамын. Сендер оларды шешуге тырысыңдар.
Тағы менің қоятын бір шартым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, мақал-мәтел айтып немесе ән салып беріңдер
1-жұмбақ:
Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?
(АТА)
2-жұмбақ
Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)
3 - жұмбақ:
Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).
4 -жұмбақ.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).
Логикалық сұрақтар
1. Менің атым Медет. Менің апамның бір ғана інісі бар. Менің апамның інісінің аты кім? Жауабы: Медет
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: 3 адам
3. Анаңның апасының баласы саған кім болады? ( бөле)
4. Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың? (жиен немере)
5. Мен ата-анама кім боламын? (ұлымын, қызымын)
6. Бір үйде 4 қыз бар оның әрқайсысының бір інісі бар, бұл үйде неше бала бар? (5 бала)
7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы)
8. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата)
9.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере)
Ал енді балалар сендер аналарыңа қандай жылы сөздер, жақсы тілектер айтып жүресіздер. Соны анықтау мақсатында
Сіздерге менің анам –ол... кестесін таратамын.
«Менің анам – ол... мейірімді, еңбексүйгіш, адал, әдемі, қамқоршыл, инабатты, сыпайы, »
Тапсырманы орындауға оқушыларға кесте таратылады менің анам ол.... сөзін ары қарай жалғастыру тапсырылады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жазылған бетшені аналарына таратып беру. Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық.
Бүгін біз сіздермен отбасы туралы ой бөлістік. Осымен бүгінгі «Мен және менің отбасым» тақырыбындағы семинарымыз аяқталды. Семинарға ауызбіршілікпен қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Ауызбіршілік Әдепті
бақытты
қамқоршы
тату-тәтті,
сүйкімді
мейірімді
еңбекқор шыншыл
Достарыңызбен бөлісу: |