Электротехникада
Өзіндік өте төмен кедергілік қасиетіне сәйкес (күмістен кейін) мыс, электротехникада күшті кабельдер де басқада түрде қолданылады. Мыс сымдары энергия сақтайтын орамдарда және күшті трансформаторларда қолданылады.
Жылу алмасу
Мыстың тағы бір қасиеті – өте жоғары дәрежедегіжылу өткізгіштігі. Бұл қасиетіне сәйкес жылу бөлінетін, жылу беретін жерлерде қолданады. Бұларға суыту радиоторлары, кондиционерлер және жылу радиоторлары жатады.
Құбыр өндірісінде
Өте жоғары механикалық мықтылығына сонымен бірге механикалық өңдеуге тез келетініне сәйкес дөңгелек мыс құбырлары сұйықтар мен газдарды тасымалдауға су құбырларының ішкі системаларында жылыту жүйелерін газбен жабдықтау, кондиционер құрылғыларында, суыту агрегаттарында пайдаланылады. Көптеген елдерде мыс құбырлары осы жағдайлар үшін ең негізгі болып табылады.
Мырыш (лат. Zincum), Zn – элементтердің периодты жүйесінің II-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 30, атом массасы 65,39.
Электрондық формуласы:
Zn +30 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2
Химиялық реакцияларда тек соңғы қабаттағы 2s электронды беріп, +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Әдетте мырыш кендері –полиметалдық. Маңызды минералдары: мырыш алдамшысы-ZnS, цинкит-ZnO, мырыш шпаты-ZnCO3.
Алынуы.
2ZnS+ 3O2= 2ZnO+ 2SO2
ZnO+ C= Zn+ CO
Химиялық қасиеттері:
Жай заттармен
Zn+ Cl2= ZnCl2
2Zn+ O2= 2ZnO
Zn+ S= ZnS
Күрделі заттармен
Zn+ H2O= ZnO+ H2
Zn+ 2HCl2= ZnCl2+ H2
Мырыштың маңызды қосылыстары:
Zn(OH)2-мырыш гидроксиді, екідайлы қосылыс.
Zn(OH)2+ 2HCl= ZnCl2+2H2O
Мырыш сульфаты-ZnSO4*7H2O мырыш купоросы.
Мырыш сульфиді- ZnS люминесценттік қабілеті бар.
Мырыш қосылыстарын анықтау.
Мырыш тұздарына сілті қосқанда қоймалжың тұнба түзеді.
Zn+2 + 2OH- = Zn(OH)2
Мырыш тұздарының маңыздылары: ZnS, ZnCl2, ZnSO4, ZnCO3. Мырыш сульфиді ZnS – түссіз кристалл, суда ерімейді, қышқылдар әсерінен ыдырайды, литопон деген ақ бояу құрамына кіреді.
IV кезең “Сабақты бекіту”
Оқулықпен жұмыс
1)Оқулықты берген тапсырманы «Кім жылдам» деген ойын арқылы топты жарыстыра отырып орындау.
CuO →Cu → CuСІ2 →Cu(ОН)2 →CuSО4
Zn →ZnСІ2 → Zn(ОН)2 → ZnO → K2⦋Zn(OH)4⦌
2) «Мыс» тобына 179 бет №7
Массасы 40г мыс пен мыс (II) оксидінің қоспасын сутекпен тотықсыздандырғанда 6г су түзілген. Қоспадағы әрбір компоненттің массалық үлесін (%) анықтаңдар.
Мырыш тобына 184 бет №6
Массасы 30г мыстың мырышпен құймасын күкірт қышқылымен өңдегенде 4,4л (қ.ж.) сутек бөлінген. Бұл құймадағы мырыштың массалық үлесін (%) есептеңдер.
V кезең. Бағалау . Топ басшы өз тобы мүшелерін бағалайды
Топ мүшелер тізімі
|
Дәптермен жұмыс
|
Мақалды жалғастыр
|
Жаңа сабақ
|
Оқулықпен жұмыс
|
қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VI кезең. Үйге тапсырма: §7.1, 179 бет №6 есеп
§7.2, 184 бет №7 есеп
Достарыңызбен бөлісу: |