Пән: дүниетану
Тақырыбы: Дәмді әрі пайдалы тағамдар
|
Мектеп: «№16 ЖОББМ» КММ
|
Күні: 17.04.2017 жыл
|
Мұғалімнің есімі: Шакенова Ж.К.
|
Сынып: 1«В»
|
Қатысқандар
саны: 20 оқушы
|
Қатыспағандар
саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: дұрыс тамақтану туралы біледі.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді;
|
|
Кейбір оқушылар: Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: жаңғақ – орех – nut;
ұлттық тағам – национальные блюда – national dish;
дұрыс тамақтану – правильное питание – healthy diet.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін тіл стилі: айтылым, жазылым, оқылым.
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Әр түрлі жарық көздері не үшін керек?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Алдыңғы тақырып
|
Тағам және сусын
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Психологиялық дайындық:
Шеңберге тұру
Шаттық шеңберінде оқушылар «Сергіту» тренингін орындайды. Онға бұрылып бір-бірлерінің арқасына мұғалімнің айтуы бойынша сурет салады. Күннің суретін саламыз, күнді бұлт басты, нөсерлеп жаңбыр жауа бастады, жел тұрды, қар жауды, қар қаттырақ жауа бастады, акырындап жаңбыр жауа бастады, қайтадан күн шықты.
Қандай сезімде болдындар?
Қиынды сөздерге байланысты топқа бөліну
1-топ: «Пайдалы сусындар»
2-топ: «Зиянды сусындар»
3-топ: «Пайдалы тағамдар»
4-топ: «Зиянды тағамдар»
Ары қарай өткен сабақта «Тағамдар мен сусындар» тақырыбы бойынша «Миға шабуыл» әдісін қолдану.
Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:
Адам пайдаланатын тағам пайдалы болуы тиіс.
Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.
Тамақты шамамен қабылдау қажет.
«Дәмді әрі пайдалы тағамдар» видео көрсетілім
|
Қиынды суреттер
Экран
|
Ортасы
|
«Тамақтану» кестесі
Виллиге көмектес. Сабақты Виллидің балаларға жазған хатынан бастаймын. Оқушылардың міндеті – Виллиге көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру. Бұл жерде:
Вилли неліктен ауырып қалды деп ойлайсың?
Сауығып кетуі үшін қандай көмек бере аласыңдар?
Виллиге бір күндік тамақтану режимін құрып беру.
1-топ: Таңғы ас
2-топ: Түскі ас
3- топ: Түстен кейінгі ас
4- топ: Кешкі ас
Оқулықпен жұмыс:
1.Оқушыларға оқулықтағы мәтінді тізбектей оқып шығады
2.Қонақжайлылық. Оқушыларға 2-суретті қарау. Олар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын тыңдаймын. Бұл тапсырманың тәрбиелік тиімділігін күшейту үшін оқушылармен «Топтасу тренингін» өткіздім. Алдын ала Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің аты жазылған сөздерді таратамын. Олар бүгін қонақ екенін түсіндіремін. Бұдан кейін оқушылардың біреуі оқулықтағы 2-мәтінді дауыстап оқиды.
Орындап көр.
Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс.
1-топ ұсынылған суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап алады.
2-топқа бір рет пайдаланылатын ыдыс таратып беремін. Онда оқушылар өздері қабылдайтын тағамдардың қажетті көлемін маркермен белгілеп отырады.
3-топ сағаттың циферблатында «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады.
4-топ ұсынылған суреттердің ішінен зиянды тағамдарды алып таста.
Постер құру
Жұмыс аяқталғанда оқушыларға сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өздерінің тамақтану ережелерін ойлап табуға тапсырма беремін. Олар тапсырмаларды
постер немесе плакат түріндегі қағазға безендіруі тиіс. Содан кейін плакаттарды магнитті тақтаға орналастырады. Дұрыс тамақтану туралы жалпы тұжырым жасатамын.
Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөлемін.
Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс.
|
Тамақтану ережесі» тапсырмасына арналған А3 көлеміндегі қағаз,
Оқулық
Суретті үлестірме парақшалар, «мөлшерлі стақандар, тағам өнімдері бейнеленген суреттер.
Оқулық
Парақшалар, маркерлер, қима суреттер
|
Аяқталуы
|
Қосымша тапсырма ретінде «Мнемоникалық» ойын ойнатуға болады. Мнемоника – бір нәрсені ұмытып қалмай, жадында сақтау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы. Ол «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. Оқушылар шеңбер жасап отырады. Ойынды мұғалім дүкенге барып, бір тағам түрін сатып алғанын айтудан бастайды. Келесі оқушы мұғалімнің және өзінің не сатып алғанын айтады. Оны келесі оқушы жалғастырады. Осылайша шеңбер бойындағы оқушылар алдыңғы оқушылардың және өзінің сатып алған тағам түрін айта бастайды. Бұл тапсырма есте сақтау қабілеттерін жақсартуға көмектеседі.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау. Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау. Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|