Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Адам мен қоғамның өзара байланысы туралы Сабақ мақсаттары



Дата29.06.2017
өлшемі94,33 Kb.
#20549
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп: №16 ЖОББМ

Күні: 12.04.2017 жыл

Мұғалімнің есімі: Р.М.Жайымбай

СЫНЫП: 9«Ә»

Қатысқандар

саны:


Қатыспағандар

саны:


Тақырыбы:

Адам мен қоғам

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)



Адам мен қоғамның өзара байланысы туралы

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар тақырыпты түсініп, берілген мәтінді талдай алады.




Оқушылардың басым бөлігі берілген мәтін бойынша талдау жасап, өз пікірлерін айта алады




Кейбір оқушылар өңделген мәтінмен жұмыс жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар тапсырмаларды дұрыс орындауға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қоғам, қоғамдағы қызмет.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер: айтылым, жазылым

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Қоғам дегенді қалай түсінесің?

  • Қоғамдағы азаматтардың міндеттері қандай?

  • Қоғамдағы азаматтардың алатын орны қандай?

Алдыңғы тақырып

«Адам мен отбасы»

Жоспар

Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Басталуы


Сабақта психологиялық жағымды ахуал орнату.

«Сәлем, досым!» жаттығуы

Жаттығудың шарты: қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады.

«Сәлем, досым!»-қол алысу

«Қалың қалай?»-иығынан қағу

«Қайда болдың?»-құлағынан тарту

«Мен сағындым»-қол айқастыру

«Сен келдің»-қолдарын екі жаққа ашу

«Жақсы»-құшақтап арқасынан қағу.

Оқушыларға бүгінгі күнге сәттілік тілеу.



Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар үлестіріледі


Геометриялық фигуралар



Ортасы
«Ой түрткі»

Шығарма-шылық жұмыс

Жаңа ақпарат
Топпен жұмыс
Дәптермен жұмыс (жеке жұмыс)


Жаңа сабақты қорытындылау.


Оқушылардың Адам мен қоғамның өзара байланысы туралы түсініктерін ортаға салу мақсатында төмендегі сұрақтар арқылы әңгіме жүргізу.

Әңгімелесу.

«Қоғам» сөзінің мағынасын қалай түсінесіз?

Қоғамдағы ер адамның әлеуметтік рөлі қандай?

«Адамның қоғамға қызмет етуі» дегенді қалай түсінесіз?

Берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін айтады.


Ұлағатты сөздерде мән берілген адамның қоғамдағы орнын сипаттайтын ерекшеліктерді сұлбаға түсіру.

1-топ.


Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын.

Қ.Мырзалиев

2-топ.

Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.



Абай

3-топ.


Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі.

Х. Досмұхамедұлы

Берілген тапсырма бойынша топтар шығармашылық жұмыстарды қорғайды.
Оқушыларға адам мен қоғамның өзара байланыс, арақатынасы туралы түсінік беру.

Дәйексөз

«Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады».

Э.Хемингуэй


Жаңа ақпарат бойынша топ мүшелері талдау жасап, пікірлерін дәлелдеу.
1-тапсырма: Оқулықта берілген өлеңдегі ер адамға тән қандай қасиеттерді байқадың? Ер адамның қоғамдағы орнын сипаттайтындай қандай қасиеттерді қосар едіңіз?

2-тапсырма: Тарихта ерлігімен, еңбегімен, өнерімен даңқы шыққан әйел-қыздардан кімдерді білесің? Есіңе түсір оларға тән қасиеттерді атаңыз. Ойыңызды дәлелдер келтіре отырып жазыңыз.



Кері байланыс.

-«Қоғам» деген ұғымды қалай түсінесіз?

-Қоғамдағы ер адамның әлеуметтік рөлі қандай?

Тақтадағы суреттегі адамдар туралы және олардың қоғамдағы орны жайлы не айта аласыз?



интер.тақта,

бейнеролик

А-3 формат, маркер, стикер

Оқулық, дәптер


Әлия, Мәншүк суреттері, ақын, жазушылардың әншілердің суреттері



Аяқталуы

Тыныштық сәті.

Үйге тапсырмасы

Рефлексия

Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз,

қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Мәтінді оқу. Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген... (поэмадан үзінді)

Бүгінгі сабақта «Білемін, білдім, білгім келеді» әдісі бойынша кестені толтыру.






Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Кәмшат Дөненбаеваның өмірінен мысал келтіру арқылы
Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Өз ойынан мәтін құрастыру.



Бағалау – Оқушыларадың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз? Шығармашылық жұмыстың нәтижесін талдау барысы арқылы

Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих

АКТ мен байланыс : интерактивті құралдар

Құндылықтармен байланыс: ұлттық патриотизм.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Сабақтың мақсаты шынайы болды, себебі оқушылар қоғам сөзінін мағынасын түсініп, адамдардың қоғамдағы рөлі туралы ұғынды. Сабақ барысында мақсатты түрде тақырыпты толық меңгертуге нұсқау жасадым. Сыныптағы ахуал көңілді болды. «Сәлем досым» жаттығуы барысында оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Топқа бөлу кезеңі сәтті өтті.

оқушылар Оқушылар «Ой түрткі» стратегиясына өте қызығушылықпен қатысты. Олар өз ойларын еркін әрі жүйелі жеткізуге әрекет жасады.

Шығармашылық жұмыста оқушылар белсенділік танытып, әр топ өз тақырыптары бойынша пікірлерін білдірді. Қате жауап бергендерге өз тобындағы оқушылар түзетулер енгізіп, дұрыс жауабын түсіндірді. Осы кезеңде әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап ғана қоймай басқа топтың тапсырмаларына да қызығушылық танытып, өз ойларын қосып отырды.

Бүгінгі тақырып бойынша жаңа ақпарат беру барысында

Мен оқушылардың адамның қоғамдағы орны, қоғам мен адамының өзара байланысы туралы түсінік алуына жағдай жасауға тырыстым. Э.Хемингуэй сөзін мысалға келтіре отырып оқушылардан осы сөздің мағынасына талдау жасауын ұсындым. Балалар осы сөздің мағынасын талдау барысында өзара пікір талас білдірді.

Сабақ үдерісінде оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқулықтан тапсырма беріп, оны балалар дәптерлеріне орындады. Тапсырманы орындау барысын бақылауда оқушылардың мәнерлеп жазуына, сөйлем құрастыру кезінде сөздік қорын дұрыс пайдалануына, сөйлемдердің мағынасының дұрыс құрастырылуына назар аударуға тырыстым. Бұл оқушылардың басым бөлігінің тапсырмаларды тиянақты орындауына әсер етті. Кері байланыс кезеңінде оқушылар өз көзқарастары мен пайымдауларына талдау жасап, ұлағатты сөздерді, мақал-мәтелдерді өз пікірлерімен дәйектеп, салыстырып, талдау жасады. Жұмыс барысында оқушылар өз ойларын түйіндеп, бір арнаға тоғыстырып берілген даналық сөздердегі адам, ер адам, әйел адам деген ұғымдардың мағынасын аша білді. Caбaқтағы бaрлық кезеңдердегi тaпcырмaлaр тoлығымен қызығушылықпен oрындады. Топтық жұмысты ұйымдастырудағы мақсатым оқушылардың бір-бірлерінің пікірін тыңдауға, әркім өзінің тақырыптқа қатысты пікірін еркін білдіруге, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге ұмтылдырдыру, өзін-өзі реттеуге, бағалауға мүмкіндік беру болды. Сабақ барысында бұл мақсатқа жеттім деп ойлаймын.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: шығармашылық жұмыс

2: кері байланыс

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Мәтінді талдау, сипаттау кезінде сөздік қорының дұрыс пайдалануы

2:Оқушылардың өз бетімен ізденісі

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қосымша материалдарды нақтылауым керек



Кейінгі сабақтарда критериалды бағалауды жүргізу




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет