Блум таксономиясының категорияларын қолдану.
«Ыстық орындық»әдісі бойынша сұрақтар.
Ілмекбезбен тоқуға арналған иірімжіп түрлерін атаңыз?
Ілмекбезбен тоқудың негізгі элементтерін атаңыз?
Шалмалы бағанша қалай орындалады?
4.Тоқуға арналған ілмекбездерді қандай материалдан
жасайды
1.Білу. «Ой қозғау әдісі арқылы. Оқушыларға жұмбақ қойып жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Пластмассадан, әйнектен,
інжу-маржаннан жасалатын
түрлі-түсті ұсақ моншақтар (сумоншақ)
Бүгінгі сабағымыз өткен сабағымызға қарағанда өзгеше.Сондықтан ортаға оқушыны шақырайық. Не дайындап келді екен.
1.Оқушы: -Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.
2.Оқушы: Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған.Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д.ІV ғасыр ескерткіштерінен табылған.Әйнектік массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де,әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан екен. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан,мағынасы «жасалған маржан».
3.Оқушы: -Ұсақ моншақтарды кестелеп тігіп, әсем өрнектер (сақина,сырға, білезік)жасайды. Сонымен қатар, қыз-келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданылады. - Интернеттен алынған сумоншақтың шығу тарихына қатысты қалалардың суреттері шығады, шолу жасалады.Тақтадан бисермен әшекейленген әр түрлі бұйымдар шығады. Қолөнер-мол өнер.Қолөнер-халық өмірімен,тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Осылардың ішінде бисер өнеріне тоқталайық. Сумоншақтың отаны-ежелгі Египет.Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды.Египеттен, Сериядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады.
2.Түсіну .»Жигос» әдісі арқылы
«Гүлдер». Осы гүлдерден алқаны, сырғаны және салпаншақты тоқуға болады. Ең алғашқы тоқу кезеңінде түсі және көлемі бірдей болуы керек. Тоқу әдісі дөңгелек тоқу әдісіне ұқсас.
Тереміз:
жұмыс жіпке гүлдің ортасын тоқу үшін бес моншақ теріп, оны дөңгелек тәріздес бекітеміз 1-ші моншақтан өткіземіз;
5 моншақ басқа түспен (6,7,8,9 және 10-ші) гүлдің ортанғы бөлігі өткіземіз 1-ші және 2-ші моншақтардан;
4 моншақты (11,12,13,14-ші) өткіземіз 6,2 және 3-ші моншақтардан;
3 моншақты (23,24 және 25-ші) өткіземіз 19,5,10,9 және 8-ші моншақтардан.
Енді гүлімізге 5 моншақтан жапырақты қосамыз. Жұмыс жіпті 8-ші моншақтан шығарамыз. Жапыраққа дайындаған моншақты пайдаланамыз. Инеге 5 моншақты теріп, дөңгелекке бекітеміз де 8-ші моншаққа ілеміз.
Жұмыс жіпті 13-ші моншақты теріп дөңгелекке бекітеміз, өткіземіз 13-ші моншақтан. Жұмыс жіпті көшіреміз 17-ші моншақты іліп, өткіземіз 12,11,18 және 17-ші моншақтардан.
Үшінші жапыраққа қайтадан жұмыс жіпке 5 моншақтан теріп, өткіземіз 17,15,15,22 және 21 моншақтардан.
Тереміз 5 моншақты тоқимыз төртінші жапырақты, өткіземіз 21, 20,19,25 және 24 моншақтардан.
Бесінші жапырақты тоқу үшін 5 моншақты аламых дөңгелекке бекітеміз 24-ші моншақтан өткізіп жіпті бекітеміз, гүліміз дайын.
3. Қолдану .Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысты техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру мен оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуімен басталады. Жұмыстың реті:
1. Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы .
2. Тоқу үшін қажетті заттарды дайындау.
3. Нұсқау карта, қиял бойынша тоқу.
4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. Сумоншақтың тоқылу жолдары тақтада көрсетемін. Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар «ЭКСПО-2017», »Құмыра гүлді» жасайды. Нәтижесінде сумоншақпен тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдам-дылықты және қиял ұшқырлығы мен шеберлікті талап етеді екен деп тапты.
Сергіту сәті : Үстел үстінде бисерден жасалған моншақ, білезік, алқа, сөмке және сырға тұрады. Қыздар әшекей бұйымдардың астындағы жұмбақты дұрыс шешсе, сол бұйымды сыйлыққа алады.
1.Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (қайшы)
2.Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді
Із-міз тастап кетеді. (ине)
Үлгі әр оқушының алдына таратылып беріліп, өзіндік жұмыс жүргізіледі.
5.Талдау. Базардағы алқа мен өз қолымен жасаған алқаны салыстыру. Базардағы алқа.
5. Жинақтау «Сұрақ жауап» арқылы топтарға әртүрлі тапсырмалар беру.
1. Бисердің отаны қай ел?
2. Бисер мен стеклярустың айырмашылығы неде?
3. Бисерден, стеклярустан қандай заттар жасалады?
4. Бисермен жұмыс істеу үшін қандай қажетті жағдайлар
қажет?
|
Ыстық орындық
АКТ презентация
Сумоншақ,
Ине,жіп
Сумоншақ,
Ине,сым,қайшы
рамка
Сумоншақ,блезік
Алқа,сырға,сөмке
АКТ перзентация
АКТ презентация
|