Үй тапсырмасын тексеру (5мин)
1. «Мен саған, сен маған» әдісі арқылы жүзеге асыру.
1.Жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндірудегі тығырықтан шығу жолын ашқан кім?
2.Планк гипотезасы қалай оқылады?
3.Фотон дегеніміз не?
4.Шығаратын немесе жұтылатын сәуле дене энергиясын өзгерте ала ма? Ол энергияның қай түріне жатады?
5.Квант дегеніміз не? Жарты квантты алуға бола ма?
6.Жылулық сәулелену қандай энергияның есебінен орын алады?
2.Терминдерді еске түсіру: Оқушыларды тұрғызып жатқа сұрау.
Дене – body
Сәуле-screening
Жылу- warmth
Жылулық сәуле шығару- Thermal radiation
Абсолют қара дене-absalute blaсk body
Температура- temperature
Электромагниттік толқындар- electromagnetic waves
Толқын ұзындығы-the length of the wave
Толқын жиілігі-the frequency of the wave
Сәуле шығаргыштық қабілеті-the ability of emitters
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы - Planck's hypothesis about light quantum
Планк формуласын - Planck's formula
Тұсаукесер. (3 мин)
Сабақтың жаңа тақырыбын ашу үшін мына сұраққа жауап берйік:
Сәуленің әсерінен сұйық пен қатты дененің бетінен не босап шығады?(электрондар)
Олай болса, жаңа тақырып қалай аталады?
Жаңа сабақ тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану.
|
Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.
Мұғалім тарапынан белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, қалған оқушылар ынталандырылып отырады.
Good, жақсы, жарайсың деген мадақтаулармен мадақталады.
|