САБАҚ: Қазақ әдебиеті Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Мектеп:Барвинов орта мектебі
Күні: 5.05.2016 жыл
Мұғалімнің есімі: Абитчанова Гүлзада Закирқызы
СЫНЫП: 6 «А»
Қатысқандар саны: 16
Қатыспағандар
саны: 2
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша
білімдерін кеңейтеді. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік береді. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Ақын шығармашылығымен танысып, мағлұмат алады. Сауатты сөйлеп, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Шығармашылық тапсырма орындап, өлеңді талдайды. Өз ойын еркін жеткізуді үйренеді
Кейбір оқушылар:
Өлеңді мәнерлеп оқып, талдау жасайды. Әр тармақты қарасөзбен баяндайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар
Топпен жұмысқа үйренеді, ізденеді.Адамның борыштары жөнінде ой бөлісіп, тереңірек білетін болады. Өлеңді талдау, мәнерлеп оқуға машықтанады. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып,оқушылар бойына сіңіреді. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиеленеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Ақынның өмірбаяны, білім алуы, шығармашылығы, адами қасиеттер, «ой қозғау», деңгейлі сұрақтар, салыстырма жұмыстары бойынша жұмыс нәтижесі, өлеңді нақышына келтіре отырып оқу.
«Мен борышым» шағын шығарма. Географтар, тарихшылар, әдебиетшілер тобының жұмысы.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Ақынның өмірбаяны, географиялық мекені, әдебиеттегі орны, ақын өмір сүрген тарихи кезең.
Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?
«Адамдық» өлеңі бойынша борыш түрлері талқыланып, оқушылар «Адамдық борыш деген не?» деген сұрақтарға өз ойларын айтады.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс.Дәптермен, сөздік жұмыс.
Бұл кезеңде сонымен қатар тыңдалым дағдысы жүзеге асады.
Алдыңғы оқу
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ»
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
І Ұйымдастыру
Сыныпты 3 топқа бөлу. (карта, даталар, өлеңдер арқылы топқа бөлу) (2 мин)
ІІ.Психологиялық тренинг «Әуезді ән »
(2 мин)
Әр топқа бағалау критерийлерін, парақтарын тарату
(1 мин) Үй тапсырмасын тексеру.( 5 мин)
ІІІ.Жаңа сабақ
а\»Тарихшылар» Шәкәрім Құдайбердіұлына байланысты даталар мен оқиғалар туралы жазады..
( 2 мин)
ә\ «Географшылар» География пәні бойынша картамен жұмыс.(2 мин)
б\ «Әдебиетшілер» Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді. ( 2 мин)
«5»- толық және дұрыс жауап; «4»- толықтыратын жауап; «3»- ақпарат аз, толық емес; «2»- мүлде жауап жоқ;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қазақтың бас ақыны» оқушылардың шығармаларын оқыту
Әр топқа сұрақ-тапсырмалар беріледі.
«Тарихшылар» 1-топ:Абай өмір сүрген жылдар, тарихи кезеңдер қандай?
«Географшылар» 2-топ:Абайдың туған жері еліміздің қай бөлігінде орналасқан ?
«Әдебиетшілер» 3-топ: Неге Абай қазақтың бас ақыны ?
Ортасы
ІІІ Жаңа сабақ
а\АКТ-мен жұмыс.
Тарихшылар. Шәкәрім Құдайбердіұлына байланысты даталар мен оқиғалар туралы слайдпен қорғайды..
Географ.География пәні бойынша картамен жұмыс.
Әдебиетшілер. Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді.
«Түртіп алу»стратегиясы
1\Топтағы оқушылар жазушының өмірбаянымен танысып шығады.
2. «Сөздер сөйлейді» кезеңі. Оқушылар өздері жазып алған тірек сөздерді байланыстыра отырып, түсінгендерін баяндайды. Ақынның өмірбаянына мағлұмат алады.
3.«Ой шақыру» кезеңі. Оқушылар өз ойларын жазып шығады.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
Қабілеті жоғары оқушыларға зерттеу үлгісіндегі тапсырмаларды дайындауды жоспарлаймын.
Әр топтағы оқушылар бірін-бірі сабақтың әр кезеңі сайын бағалағауды толық үйрету
Қазақ әдебиеті сабағында география, қазақ тілі, тарих, орыс әдебиеті пәндерімен пәнаралық байланыс орнату, АКТ-ны жиі қолдану.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті сабағы бойынша қойылған мақсаттар шынайы. Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істеуді, бірін-бірі бағалауды меңгерді. Өздіктерімен тапсырманы орындауға машықтанды.
Сыныптағы ахуал жақсы деңгейде болды. Жоспардағы саралау шаралары сабақ барысында тиімді болды. Мен берілген уақытта үлгердім. Өз сабақ жоспарыма көп өзгерістер енгіздім, себебі оқушылар дәстүрлі сабақтан гөрі бұл сабақ барысында өздігімен жұмыс жасап, топ ішінде бірін-бірі оқытуға үйренеді, сынып оқушыларында сабаққа деген қызығушылық артады деп ойлаймын.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:СТО стратегиялары «Ой шақыру», Постер қорғау, деңгейлі сұрақтар 2: Тыңдалым дағдысы бойынша жұмыс
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушылардың топпен жұмыс жасауы
2: Бірін-бірі бағалауы
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Келесі сабақ барысында оқушылар топпен жұмыс істеуге толық үйреніп, сынып белсенділігін жетілдіріп, білім сапасын арттыратына көмектесетінін білдім.