ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
10 мин
HTML-да белгілеулер (әріпті, абзацты, нысандарды қосуды әзірлеу) туралы сендер жеткілікті деңгейде білесіңдер. Гипермәтінге көшейік.
Гипермәтіннің қарапайым мәтіннен айырмашылығы мәтін фрагменттері арасында өте тез орын ауыстыруға мүмкіндік беретінін еске түсірейік. Мысалы, ОЖ Windows анықтама жүйесі және көптеген программалар гипермәтіндік принцип бойынша ұйымдастырылған. Гиперсілтемені басқан кезде - белгіленген мәтінді немесе суретті - құжаттың белгілі бір фрагментіне немесе басқа құжатқа өту болады.
HTML-да гиперсілтемені <а> тегі сипаттайды. Гиперсілтеме көрсететін ресурстың орналасуын көрсететін HREF атрибуты міндетті болып келеді. Ресурс ішкі болуы да,сыртқы болуы да мүмкін.
Келесі код фрагментінен тұратын
<А HREF="index.html"> Басты бетке өту А>
HTML-құжатты қарау нәтижесінде сендер Басты бетке өту сілтемесін көресіңдер. Сілтемеге басу нәтижесінде index, html парағына өту болады.
Гиперсілтеме абсолюттік, салыстырмалы, ішкі деп бөлінеді.
Сілтеме орналасуы өзгермейтін болып келетін сыртқы интернет-ресурсқа көрсететін тағы бір мысал қарастырайық. HTML-кодының мына жолы
<а REL="nofollow" target="_blank" HREF="http://infourok.ru/go.html?href=%3CA+HREF%3D"http://www.google.kz">http://www.google.kz"> Google-ден көп нәрсені біл а>
браузерде қарау кезінде Google іздеу жүйесі парағына сілтеме жасайды.
Бұл - абсолюттік сілтеме деп аталады.
Бұл жерде абсолюттік сілтеме D дискісіндегі Document бумасында сақталған құжатқа көрсетеді. Жергілікті компьютерде бұл сілтеме жұмыс жасайды. Бірақ мұндай сілтемесі бар web-парақты серверге орналастырған кезде сендер «бос сілтеме» аласыңдар, себебі серверде D дискісінде Document бумасы жоқ.
Салыстырмалы сілтемелер
Сайтты құрастыру мен оның жұмыс жасауын тексеру үшін желіге қосылмаған компьютерді қолдана аласыңдар. Сайтты құрайтын барлық web-парақтар бір бумадаорналасуы керек. Сол кезде парақтарды байланыстыратын гиперсілтемелерде файлдың атауын көрсету жеткілікті болады. Сайтты жергілікті немесе ғаламдық желіде жариялаудан кейін (іс жүзінде сайтпен бірге буманың тасымалдануы болады) гиперсілтемелердің жұмыс жасау қабілеті сақталып қалады.
Ішкі ресурстар үшін құжатты анықтайтын жолдың сендердің қазіргі орналасқан орындарыңа қатысты көрсетілуі бар салыстырмалы сілтемелер пайдаланылады.
Бұны site бумасында орналасқан біздің сайт мысалында қарастырайық, суреттер imagesсалынған бумасында орналасқан
|