Сабақтың тақырыбы:
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.
46+14,60-14,82+18,100-82
|
Мұғалімнің аты-жөні:А.Удербаева
Атырау облысы,Құрманғазы ауданы, Приморье селосы.
Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
|
СЫНЫП: 2 «б»
Пәні: Математика
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
2.1.1.4 Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін қолдануды үйренемін.
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланған
Уақыт
|
Сабақ барысы :
|
Бағалау түрлері
|
Басталуы
3 минут
|
І. Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын санамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
Аққу болып ұшамыз,
Көлге келіп қонамыз.
Көлдің бетін құшамыз,
Қайта самғап ұшамыз
ІІ. «Таза тақта» әдісі
|
Смайликтер тарату
|
Жаңа білім
10 минут
|
ІІІ. Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Балалар мектепте қандай спорттық үйірмелер бар?
Мыс: футбол ойнау, волейбол, баскетбол, теннис т.б
Ал, балалар қазір біз футбол ойынын ойнаймыз.
Менің алдымнан келіп бір-бір доптан ала қойыңдар?
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Баған түрінде орындау және тексереміз.
ІҮ. Тақтамен жұмыс.
Оқулықтағы №4 есептің (а) нұсқасын шығару.
Есептің берілгенін оқыту, тақтаға орындату.
Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.
Шарты: К.ү-40 бала в.ү-?
Б.ү-?,12 бала кем
Шешуі: 40+(40-12) =68
Жауабы: волейболға 68 бала қатысады.
|
Оқулық,
мәтіндер.
Қол шапалақтау арқылы бағалау
|
Ортасы
5 минут
|
Ү. Қолдану. «Карточкалар иерархиясы» әдісі
Оқулықтағы №5 есепті топтық жұмыс ретінде беру.
Түсіндіре отырып, есепте.
|
Оқушылар бірін-бірі бағалауы
|