Сабақтың тақырыбы: Кинетикалық энергия. Практикалық жұмыс-17
|
Мұғалімнің аты-жөні:Кожагулова А.Т.
Күні:04.04.2019ж
|
СЫНЫП: 7а
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
7.2.3.2 – механикалық энергияның екі түрін ажырату;
7.2.3.3 – кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Механикалық энергияның екі түрін ажырата алады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Кинетикалық энергия формуласын А және Б деңгейлік есептер шығаруда қолдана алады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Кинетикалық энергия формуласын С деңгейлік есептер шығаруда қолдана алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Кинетикалық энергия.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, қазақ тілі.
|
Алдыңғы оқу
|
Қуат
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақ барысы :
|
Бағалау түрлері
|
Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
|
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
|
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
|
Оқулық,
мәтіндер.
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Заводтар мен фабрикалардағы станоктар мен машиналар жұмыс істеу үшін, оларды электр двигатальдері қозғалысқа келтіруі керек, ал электр двигательдері электр энергиясын жұмсайды. Автомобильдер мен самолеттер, тепловоздар мен теплоходтар жанғыш отын энергиясының, гидротурбиналар биіктен құлап аққан судың энергиясын жұмсау арқылы жұмыс істейді. Біз өзіміз өмір сүріп, жұмыс істеу үшін өз энергиямыздың қорын тамақ арқылы ауық - ауық жаңар тып толықтырып отырамыз.
«Энергия» терминін 1807 жылы ағылшын ғалымы Юнг енгізген, грек тілінен аударғанда «қозғалыс» дегенді білдіреді. Энергия – ішкі, жылу, ядролық, механикалық болып бөлінеді. Біз бүгін сіздермен механикалық энергиямен танысамыз. «Энергия» деген сөз күнделікті тұрмыста да жиі қолданылады. Мысалы, көп жұмыс істей алатын адамдарды энергиясы, мол, қайратты адамдар деп атаймыз. Энергия дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін мысалдар қарастырайық. Сығылған серіппе жазылғанда жұмыс істей алады, мысалы, жүкті көтер алады немесе арбаны итеріп қозғалтады. Жоғары көтеріліп қойылған қозғалмайтын жүк жұмыс істемейді, бірақ егер сол жүк төмен түссе, онда ол жұмыс істейді (мысалы, қазықты жерге қағып жібере алады). Әрбір қозғалыстағы дененің жұмыс істей алатын қабілеті бар. Мысалы, көлбеу жазықтықтан домалаған А болат шар В ағаш цилиндрге соғылып, оны біраз жерге жылжытады. Бұл жағдайда жұмыс істеледі. Егер бір дене немесе өзара әсерлесетін бірнеше дене жұмыс істей алатын болса, онда оларды, энергиясы бар деп айтылады. Энергия - бір дененің қандай жұмыс істей алатындығын көрсететін физикалық шама. Энергияны да жұмыс бірліктерімен, яғни джоульдармен өлшенеді.
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|
Сергіту сәті
2 минут
|
«Қара жорға» биі
|
видеожазба
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?
Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?
Энергия дегеніміз не?
Жұмыс пен эенргияның бірліктері қандай?
Энергияның қандай түрлері бар?
Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?
|
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
|
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
|
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Оқу-ң аты-жөні
|
«Жариялау» әдісі
|
«Салыстыру кестесі»
|
«Ыстық орын
дық» орындық әдісі
|
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
|
Балл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
|
Бағалау парақшасы
Рефлексиялық шеңбер
|
Қосымша ақпарат
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Жариялау әдісі
2: Ыстық орындық
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:Синтез
2:Рефлексиялық шеңбер
|