Сабақтың тақырыбы: Жемістер және олардың түрлері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Жеміс түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру, ерекшеліктеріне байланысты жемістерді топтарға бөлуге үйрету.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну):
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Жемістердің түрлерін біледі. Оқулықтағы мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Жемістерді құрылыс ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөліп, талдай алады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Қойылған мәселені жетік меңгеріп,одан әрі өрбітеді. Жемістер туралы таныстырылым жасап,олардың маңызын талдап,қорытынды жасай алады
Тілдік мақсат:
Геспиридий (померанец)
Ресурстар:
Табиғи материалдар, жемістер, жемістердің нақнұсқалары,слайдтар
Пәнаралық байланыс:
Математика, геометрия, бейнелеу
Алдыңғы оқу:
Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланғануақыт
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
2 минут(1-3 минут)
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Шаттық шеңбері» әдісі, назарларын сабаққа аудару. Топқа бөлу
І. Құрғақ жеміс
ІІ. Шырынды жеміс
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
8минут
1-деңгей (білу, түсіну):
«Ыстық орындық» әдісі. Әр топтан екі оқушыға 3 сұрақ.
1 1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?
2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
3. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
4. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
5. Ұрықтану қай кезде жүреді?
6. Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
(2-3 ұпай)
Кестемен жұмыс
Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз
1. Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер:
2. Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер:
1.Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі,түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
(4-5 ұпай)
«ПАЗЛ» әдісі
Сұрақтарға дұрыс жауап бергенде геометриялық фигуралар шығады.
ЖАҢА САБАҚ
8минут
«Постер» әдісі
І топ
Құрғақ жемістер
ІІ топ
Шырынды жемістер
САБАҚТЫ БЕКІТУ
20 минут
1-деңгей
1.Жеміс өсімдіктің қандай мүшесі?
2. Жеміс неден дамиды?
3.Жемістер нешеге бөлінеді?
4.Жемістердің маңызы бар ма?
2-деңгей
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
1.Шырын мол, жұмсақ болады.
|
А.Жидек тәрізді жемістер
|
2.Сыртқы қабығы мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді.
|
Б. Дәнек
|
3.Сыртқы қабаты жұқа,ортаңғы қабаты қалың етті-шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектенген.
|
В.Шырынды жемістер
|
4. Бір тұқымды жеміс.
|
Г.Бұршаққын
|
5.Қос ұялы,ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар.
|
Д.Сүйекті шырынды
| Сәйкестендіру тесті
3-деңгей
Семантикалық карта
жеміс
|
өрік
|
мандарин
|
Грек
жаңғағы
|
таңқурай
|
қауашақ
|
құлпынай
|
асбұршақ
|
Шырынды
|
|
|
|
|
|
|
|
Құрғақ
|
|
|
|
|
|
|
|
Қақырайтын
|
|
|
|
|
|
|
|
Қақырамайтын
|
|
|
|
|
|
|
|
жинақталған
|
|
|
|
|
|
|
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
3минут
1-деңгей
19-тақырыпты оқу, анықтамаларды жаттау
2-деңгей
Кесте толтыру
Кітап соңындағы кесте бойыншы
3-деңгей
«Жемістер » туралы хабарлама жазу
БАҒАЛАУ
2минут
Журналға,күнделікке баға қойылады.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
2минут
Кері байланыс алу
«Бес саусақ» әдісі бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |