Сабақ негізделген оқу



Дата01.05.2022
өлшемі108,87 Kb.
#141662
түріСабақ
Байланысты:
Аспан денелері
Демократиялы жолмен айта руда ы талпыныстар жариялы , демок, Сураныс пен усыныс

Сабақтың тақырыбы :
Аспан денелері
туралы ғылым

Мектеп:

Күні:



Мұғалімнің есімі:
Токеева А.Б.

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)

7.7.1.1 – геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру7
.7.1.1 – геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

1– геоцентрлік түсінеді


2- гелиоцентрлік түсінеді
3-гео,гелиоцентрлік жүйелерді салыстырып түсінеді



Тілдік құзіреттілік



Жаңа білім. Аспан денелері туралы ғылым

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер онлайн түрлері.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,сілтемелер,онлмектеп.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Энергияның сақталуы және айналуы

Жоспарланған
Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут



Өткен сабаққа 5,3 жаттыіуды тексереді




Ортасы
20 минут

https://youtu.be/usC_-BMSmAw сілтемені қолданады



Әлем туралы адамды қызықтыратын білім салаларының бірі — астрономия. Астрономия аспан денелерінде болып жататын құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар, планеталар, планеталардың серіктері, астероидтер, кометалар, метеориттер, газ­тозаңдықтар жатады. Адамдар жұлдыздар бойынша бағдар жасауды үйренді, жұлдыздар мен Күннің орнының өзгеруіне байланысты уақыт есебін жүргізе бастады. Практикалық қажеттілікке байланысты аспан денелерінің қозғалысын зерттеу астрономия ғылымының дамуына әкелді. Астрономия сөзі гректің астрон — жұлдыз және номос — заң деген сөздерінен шыққан. Ежелгі грек ойшылдары Әлем құрылысын, аспан шырақтарының көзге көрінетін қозғалысын түсіндіру және олардың аспандағы орнын анықтау үшін әлемнің геоцентрлік жүйесін құрды (грек. Гео — Жер). Бұл жүйе бойынша Әлем центрі — Жер, ал басқа аспан шырақтары оны айналып жүреді деп есептелді. Ертеде тікелей бақылау дан туындаған Әлем құрылысына мұндай көзқарас әбден заңды бо латын. Әлемнің геоцентрлік жүйесі б.з. II ғасырында грек ғалымы Клавдий Птолемей (б.з. 70—147) еңбектерінде толығырақ көрініс тапты. Птолемей Күн мен Ай Жерді айнала батыстан шығысқа қа рай үлкен дөңгелектер — деференттер (лат. деôеренс — тасымалдайтын) бойынша бірқалыпты қозғалады деп тұжырымдады. Птолемейдің бұл  астрономия  геоцентрлік жүйе  гелиоцентрлік жүйе тірек сөздер: Сендер • астрономия нені зерттейтінін; • геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелер туралы бiлетiн боласыңдар. 6 184 Әлем жүйесі екі мың жылға жуық өз күшін сақтады (6.1­сурет). Аспан денелерінің қозғалысын бақылай оты рып, XVI ғасырдың ортасында поляк ғалымы Николай Коперник (1473—1543) Птолемей теориясы дұрыс емес деген қорытындыға келеді. Отыз жылға созылған қажырлы еңбектің, ұзақ бақылаулардың және күрделі математикалық есептеулердің негізінде ол Әлем нің гелиоцентрлік моделін ұсынды. Öентрінде Күн орналасқан Әлем жүйесін гелиоöентрлік жүйе деп атайды (грек. гелиос — Күн). Коперник: “Жердегі адам үшін Жер қозғалмай тұрғандай, ал Күн оны айнала қозғалатын сияқты болып көрінеді. Ал, шындығында, Жер Күнді айнала қозғалады және бір жылда өзінің орбитасы бойымен толық бір айналым жасайды. Жерді тек Ай ғана айналады”, — деді. 6.2­суретте Коперниктің гелиоцентрлік жүйесінің сұлбасы берілген. Әлем центрінде Күн орналасқан. Сыртқы қабат (сфера) қозғалмайтын жұлдыздардан тұрады. Ішкі қабат өздеріне планеталарды және Айды ілестіре отырып, күрделі бірқалыпты айналым жасайды. Планеталар орналасуына қарай мына ретпен қозғалады: Меркурий, Шолпан, Жер Аймен бірге, Марс, Юпитер, Сатурн. Коперник планеталардың Күнге қатысты орналасуына қарай Күнге дейінгі қашықтығын есептеп шығарды. Өлшеу бірлігі ретінде Жерден Күнге дейінгі қашықтықты алды (1 астрономиялық бірлік — 1 а.б. = 149,6 млн км): Меркурий — 0,4 а.б.; Шолпан — 0,7 а.б.; Жер — 1 а.б.; Марс — 1,5 а.б.; Юпитер — 5 а.б.; Сатурн — 10 а.б. Н. Коперник теориясын Тихо Браге, Джордано Бруно, Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Исаак Ньютон әрі қарай дамытты. Н. Коперник теориясы негізінде И. Кеплер аспан денелері қозғалысының нақты заңдарын, И. Ньютон Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты. 6.1-сурет 6.2-сурет Қозғалмайтын жұлдыздар сферасы Меркурий о Ш лпан Эпицикл Күн Эпицикл Сатурн Деферент Ю Марс Д е ф ер е н т Ж е р Ай Қозғалмайтын жұлдыздар сферасы Шолпан Сатурн Ю п ит ер Марс Кү н Ж е р М еркурий 185 Қазіргі кезде Күн жүйесіне өзінің серіктерімен бірге 8 планета кіретіні белгілі: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун және олар эллипстік орбиталар бойымен қозғалады. Гелиоцентрлік жүйе жұлдыздық астрономияға (жұлдыздар — алыстағы күндер) және шексіз Әлемнің ғарышнамасына жол ашты. Астрономиялық бақылаулар жүргізгенде әртүрлі құралдар пайдаланылады. Негізгі астрономиялық құралға телескоп (грек. теле — алысқа және скопео — қараймын) жатады. Ол Күн, Ай, планеталар туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді (6.3­сурет). Қазіргі кезде астрономиялық нысандар ғарыштық аппараттар көмегімен де бақыланады. Жер бетінен жүздеген километр қашықтықта екпіндей ұшып бара жатқан орбиталық ғарыш стансылары таяу ғарышты игеруге және алыс ғарышты зерттеуге үлкен үлес қосуда. Байланыс, ауа райын болжау мақсатында Жер серіктері ұшырылады. Қазақстанның KAZSAT­3 деп аталатын өз Жер серігі бар (6.4­сурет). Ғарыштық ұшу аппараттары Ай бетіне, Марс пен Шолпан планеталарына жеткізіліп, оларды зерттеді. Ғарыштық ұшу аппараттары көмегімен Күн жүйесінің басқа планеталары да суретке түсірілді және зерттелді. 1. Әлемнің геоцентрлік жүйесі деп қандай жүйені айтады? 2. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі деп қандай жүйені айтады? 3. Н. Коперник бойынша Әлемнің құрылысы қандай? 4. Қандай бақылаулар Жер Күнді айнала қозғалатынын дәлелдей





«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы түсіндіріледі.




Дискрептор:
1. Әлемнің геоцентрлік жүйесі деп қандай жүйені айтатынын сипаттайды
2. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі деп қандай жүйені айтатынын түсінді, сипаттайды.
3. Н. Коперник бойынша Әлемнің құрылысын түсініп сипаттайды
ББб-кестесі арқылы кері байланыс алу,тиімді әдіс.



Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?




Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?







Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет