Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет60/156
Дата06.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#79246
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ

Білу және түсіну
Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктері. Өсімдіктер жануарлар сияқты оттексіз тіршілігін жояды. Бірақ олар жануарларға қарағанда оттексіз ұзағырақ тіршілік етуге қабілетті. Бұл өсімдік ағзасының аз энергия жұмсауына байланысты. Жануарларға тән ең көп энергия жұмсалатын үдерістер өсімдіктерде болмайды. Өсімдіктер жылжымайды. Табиғи жағдайда өсімдік ағзасы жа- сушаларын оттектен айыру өте қиын. Су және жарық болса, өсімдік фотосинтез үдерісінде оттекті синтездеп үлгереді, ол тыныс алу үшін артығымен жетеді. Топырақтағы тамыр жасушаларына да от- тек керек. Топырақ кеуек құрылымға ие, сондықтан тамыр жасушалары тыныс ала- ды. Сонымен қатар көптеген өсімдіктерде тамырында оттекті қорға жинайтын ұлпа түзіледі. Батпақта өсетін өсімдікте «ауа тамырлары» түзіледі. Олар топырақтың беткі жағына көтеріледі. Себебі: батпақ топырағында шынында ауа мен оттек аз.
Тұқым мен өскіннің тыныс алуы. Құрғақ тұқым тыныштық күйіндегі жа- сушалардан тұрады. Өсіп жатқан тұқым жасушалары сол түрге жататын ересек өсімдіктің кез келген басқа бөліктері пайдаланатын мөлшерден көп оттекті пай- даланады.
Өсіп жатқан өсімдік тұқымы қарқынды тыныс алатынына үш эксперименттік дәлелді келтірейік.
Тыныс алу кезінде энергия бөлінетіні белгілі. Оның едәуір бөлігін (50%-дан көп) ағза сіңірмейді, ол жылу түрінде жұмсалады. Сондықтан қарқынды қимылдаған кезде, мысалы, жүгіргенде, ағза тез жылынып, жылудың артық мөлшерін бөле бастайды. Питон сияқты салқынқанды жануарлар жұмыртқа басқанда оны жылыту үшін денесінің темпе- ратурасын жоғарылата алады. Аналық питон өзінің алып денесімен жұмыртқаны орап алып, толқын тәрізді қозғалыс жасап, бұлшық еттерін жиыра бастайды. Нәтижесінде дене температурасы жоғарылайды. Бұл жылумен жұмыртқасын жылытады. Тыныс алу үдерісінің арқасында жылжымайтын өсімдік жасушаларының температурасының артқанын тұқым өніп-өскен кезде ғана байқауға болады. Өзгеріс айқын байқалу үшін өніп-өсетін тұқым мөлшері көп болуы керек. Көктемде егін егу кезінде тұқымдық дән селекциялық станциядан себілетін жерге жүк машиналарымен әкелінеді. Егер жолда жаңбыр жауып, дәнге су тисе, ол өне бастайды. Үйілген дәнге қолыңды салсаң, жылынғанын, яғни температура артқанын байқауға болады. Бірақ тұқымның өну белгілері әлі байқал- мауы да мүмкін. Егіншілер тұқымның мұн- дай күйін «дән жанып жатыр» дейді. Ол тұқымды тез арада себу керек, себебі өскін шығып, тұқымсепкішке (сеялка) салған кез- де зақымдануы мүмкін. Тұқымды сақтайтын қамбада өніп кетпеу үшін арнайы аспаппен температурасы мен ылғалдылығын өлшеп отырады.
Құрғақ тұқым өскен кезде тыныс алатынын дәлелдеудің тағы бір әдісі: тыныс алу барысын- да бөлінетін көмірқышқыл газын анықтау. Ол үшін өсіп жатқан тұқымды (бұршақ) әк суы бар резервуарға жалғанған ыдысқа салады. Әк суы көмірқышқыл газынан лайланады. Демек, өсіп жатқан тұқым көмірқышқыл газын бөледі.
Тыныс алғанда оттек жұмсалады. Оттексіз жану үдерісі жүрмейді. Сондықтан өрт шыққанда – жанып жатқан затты қалың ауа өткізбейтін матамен жабады. Ауадағы оттек ағынымен жану процесін үдетуге болады.
Құрғақ тұқым оттекті қажет етпейтінін, ал өніп жатқан тұқымға оттек қажет екенін төмендегі қарапайым тәжірибеден көруге бо- лады. Ол үшін жабық ыдыстың ішіне жанып тұрған шамды орналастыру керек.
Ылғал тұқым өсу үшін керек. Мұндай жағдайда өскін жасушалары тыныштық күйден шығуға қабілетті. Өсіп жатқан тұқымды ауасыз қалдырса, олар тіршілігін жояды. Оны анықтау үшін кез келген өсімдік тұқымдарын сулау керек. Содан кейін оларды екіге бөліп, әртүрлі ыдысқа салады. Олардың біреуіне дымқыл мақта немесе майлық салу керек, тұқымға ауа баратындай болуы тиіс. Басқа ыдысқа салынған тұқымға ауа бармайтындай етіп су құю керек. 4–5 күннен кейін бірінші ыдыстағы тұқым өскіндері өсіп жатқаны байқалады. Ал екінші ыдыстағы тұқым ауа (оттек) болмағандықтан тіршілігін жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет