Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет9/156
Дата06.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#79246
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ
Документ (2)
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.


«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)



Оқулық.
Кеспе мәтіндер.


Микрафон

Ортасы
10 минут

Қолдану
Биологиялық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі. Тірі ағзалар бір түрге жатуы мүмкін. Бұл жағдайда олар үйір немесе тұқымтоп түзеді. Көптеген омыртқасыз жануарлар жеке тіршілік етеді. Бірақ оларға ұрпағын жалғастыру үшін серіктес керек, осы кезде олар жұп құрады. Ара, құмырсқа, термиттер сияқты жоғары құрылымды омыртқасыз жануарлар тұрақты бірлестік – тұқымтоп құрады. Бұл тұқымтопта әрбір ағза өзіне бөлінген биологиялық рөлді атқарады және өз тобындағы басқа ағзалармен үйлесімді әрекеттеседі.
Барлық жануарлар қоректенуі керек, себебі олар қорек арқылы өз денелерін түзуге қажет материалдар мен тіршілігін қамтамасыз ететін энергия алады.
Әртүрлі жануарлар түрлі қорекпен қоректенеді. Олардың барлығын жалпы 3–4 топқа бөлуге болады. Өсімдіктермен қоректенетін жану- арлар өсімдікқоректілер деп аталады. Басқа жануарларды жейтін жануарлар жыртқыштар немесе етқоректілер деп аталады. Өлген жануарлардың қалдықтарымен немесе басқа ағзалардың зақымдалған бөліктерімен қоректенетін ағзалар бар, оларды өлексежегіштер немесе сапрофит- тер деп атайды. Басқа ағзалармен қоректенетін, бірақ оларды бірден өлтірмейтін жануарлар бар, олар – паразиттер. Өсімдіктердің паразит жануарларына көптеген жұлдызқұрттар, жапырақжегіш қоңыз, біте т.б. жатады. Жануарлардың паразиттері – бүрге, бит, маса, қандала, сондай- ақ әртүрлі паразит құрттар. Кейде экологтар өсімдіктердің паразиттерін шөпқоректілермен, ал жануарлардың паразиттерін сүтқоректілермен (жыртқыштармен) біріктіреді. Сондықтан жануарлардың үш не төрт қоректену типін ажыратады. Әртүрлі қорекпен, өсімдікті әрі жануартекті қорекпен қоректенетін жануарлар да бар. Оларды талғаусыз қоректенетіндер деп атайды. Оларға аю, егеуқұйрық, шошқа, шимпанзе т.б. жатады.
Қорек неғұрлым қолжетімді болса, ағзаға тіршілік ету соғұрлым оңай. Ағзалардың барлығы қорек табуға ұмтылады, сондықтан олардың арасында бәсекелестік туындайды. Ең күшті қоректік бәсекелестік қажеттіліктері ұқсас ағзалар – бір тұқымтоп, үйір т.б. мүшелері арасын- да болады. Бәсекелестікті азайту үшін жәндіктердің көптеген түрлері тіршілігінің әртүрлі кезеңінде түрлі қорекпен қоректенеді. Инеліктің дернәсілдері тұщы суқоймада тіршілік етіп, ұсақ су жануарларымен қоректенеді, ал ересек инелік ұшатын жәндіктерді жейді (3-сурет). Басқалар жемейтін қорекпен қоректенетін жануарлар да бар. Мысалы, ағаш сүрегін қорытатын термиттер немесе басқа тұяқтылар жей алмай- тын жантақты жейтін түйелер.


ТВ шоу
(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)

  1. «Өсімдікқоректілер», «жыртқыштар», «өлексежегіштер» деген түсі- ніктерге анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер.

  2. Қоректік тізбек дегеніміз не?

  3. «Биоалуантүрлілік» деген түсінікке анықтама беріңдер.

Қоректік тізбек. Сызбадан көріп тұрғандай жануарлардың қорек- тенуін қамтамасыз ету үшін бәрібір өсімдіктер қажет. Тірі ағзалардың тұрақты жоғары дамыған бірлестігі өсімдіктерсіз тіршілік ете алмайды. Тіршілігін қамтамасыз ету үшін тірі ағзалар қоректік тізбек түзеді.
Қоректік тізбек – қоректік затпен энергияны бір-бірінен ретпен ала- тын тірі ағзалар тобы. Ең қарапайым қоректік тізбек: шөп  шегіртке
 торғай  кезқұйрық (коршун).
Қоректік тор. Басқа қарапайым тізбекті де құруға болады: өсімдік тұқымы  тышқан  түлкі балдыр  өсімдікқоректі балық  жыртқыш балық және т.б. Бұлардың барлығы жай үлгі. Шынында табиғатта бір қорек типімен ғана қоректенетін ағзалар болмайды. Шегірткенің өзі бірнеше шөп түрін, ал шегірткені торғай ғана емес, кірпі, құстардың басқа түрлері жейді. Сондықтан шынайы табиғатта қоректік тізбек болмайды, оның орнына күрделі қоректік тор түзіледі. Қоректік тор – әртүрлі қоректік тізбектен тұратын күрделі құрылым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет