Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


Берілген мәтіндерді балалар оқып алады



бет69/156
Дата06.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#79246
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ
Документ (2)
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Стикердегі диалог» әдісі


(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)
Топтарға тапсырма:
1-топ: Тыныс алу жолдарын құрайтын әртүрлі мүшелердің қызметін сипаттаңдар.
2-топ: Қабырғааралық бұлшық ет, көкет және жүйке жүйесінің тыныс алу үдерісіндегі маңызы қандай?
3-топ: Ағза қай кезде және неге тыныс шығару керек екенін қалай түсінеді? Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі неге байланысты?

Оқулық.
Кеспе мәтіндер.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.



Ортасы
10 минут

Қолдану
Бронõылар шеміршекті сақиналардан тұрады. Олар өкпенің ішінде бронхы ағашын түзіп едәуір ұсақ бронõиолаларға тармақталады.
Өкпе – жұп мүше. Оң жақ өкпе үлкен, ол үш бөлікке бөлінеді. Сол жақ өкпе жүрек есебінен кішірек болады, ол екі бөлікке бөлінеді. Бронхылар өкпеге тармақталады, бронхылардың ең ұсақтары ауа көпіршіктері – алüâеоламен аяқталады. Әрбір альвеола ұсақ қан тамыр- лары (капиллярлар) торымен қоршалған. Оларда көмірқышқыл газына қаныққан қан тазартылады да, оттекке қанығады. Газалмасу альвеола қабырғасы және ұсақ қан тамырлары арқылы жүреді. Альвеола өкпені ұяшықты етеді, газалмасу жүзеге асатын бетінің ауданын арттырады. Өкпе көкірек қуысымен ажырағысыз байланысқандықтан тыныс алу қозғалыстарын жасаймыз. Егер қабырғааралық бұлшық ет пен диафрагма жиырылса, олар көкірек қуысының көлемін арттырады, сәйкесінше өкпені алға, төменге және жан-жағына созады. Бұл кезде
ауа ішке айдалады. Осылай тыныс алу жүзеге асады.
Тыныс алу механизмі шприцке ауа толтыруға ұқсайды, поршень арқылы ауа толатын қуыс көлемін арттырамыз.
Егер қабырғааралық бұлшық ет пен диафрагма босаңсыса, көкірек қуысы мен өкпе көлемінің кішіреюі есебінен автоматты түрде тыныс шығару жүзеге асады. Тыныс алу орталығы сопақша мида болады. Тыныс алу және шығару ауысымын ми басқарады және ол қандағы көмірқышқыл газының мөлшері артса, онда қабырғааралық бұлшық ет пен диафрагмаға сигнал беріледі де тыныс алу жүзеге асады. Адамның тыныс алу жиілігі тыныштық күйде минутына 16–18 тыныс алу қозғалыстары болады.
Қорғаныш тыныс алу қозғалыстарына жөтелу мен түшкіру жатады. Егер қандай да бір зат шаң-тозаң түйіршігі немесе басқа нәрсе мұрынның шырышты қабатын не көмейді тітіркендірсе, тыныс алу жүзеге асады. Түшкірген кезде ауа бірден мұрын арқылы шығарылады, ал жөтелгенде ауыз арқылы шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет