Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет73/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115
«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Үлкен ми сыңарларының барлық бөлімдері өзара тығыз байланысты және бірлесе қызмет атқарады. Яғни ми толыққанды жұмыс істеу үшін қыртыстың әртүрлі бөлігіндегі жеке орталықтар ғана емес, қажет барлық құрылымдар бірге жұмыс істеуі керек. Мысалы, ауызша сөйлеу орталығы маңдай бөлімінде орналасқан. Ол естіген сөзді түсінуге жауап беретін самай бөліміндегі орталықпен және оқуға – көрген әріптерден сөз құрастыруға, ал сөзден – сөйлем құрастыруға жауап беретін шүйде бөлігіндегі көру орталығымен тығыз байланысты. Жазбаша сөйлеу орталығы да маңдай бөлімінде орналасқан, ол жазу кезінде қол бұлшық еттерін басқаруға жауап беретін қимыл-қозғалыс орталығымен байланысты. Сөйлеу орталығының қалыптасуына оң қолмен жаттығу – еңбек іс-әрекеті себеп болады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)
Ортақ сүрақтар:

Эволюция барысында мидың қандай бөлігі едәуір күрделенді? Бұл өзгерістер ағза қасиеті мен мүмкіндігіне қалай әсер етті?

Оқулық.
«Қар кесегі» әдісі.



Ортасы
10 минут

Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Көп адамдарда сөйлеу орталығы сол жақ сыңарда орналасқан, ол оң жақ сыңарда болмайды.
Маңдай бөлімінің тағы бір маңызды қызметі – күрделі қимыл- қозғалысты басқару. Ол оқу барысында қалыптасатын қимыл-қозға- лысты – жазуды, музыкалық аспаптарда ойнау, спортшылардың қимыл- қозғалысы, велосипед тебу, автомобиль жүргізу немесе басқа техниканы басқару, клавиатурада басу сияқты басқа да қимыл-қозғалыс басқарады. Төбе бөлігі – тері-бұлшық ет сезімталдығына жауап береді. Осы жерге тері рецепторларынан ақпарат келіп түседі. Біздің ағзамыздағы ең сезімтал ағзалар – (қол саусақтары, тіл, ерін) бұл бөлімде, мысалы, арқаға қарағанда көп орын алады.
Төбе бөлігінің сезімтал аймағы және маңдай бөлімінің қимыл аймағы қатар орналасқан. Ғалымдар оларды біртұтас қызмет атқару жүйесіне:
«соматосенсорлық және қимыл-қозғалыс қыртысына» біріктіреді.
Шүйде бөлігі – көру орталықтары орналасқан орын.
Самай бөлігі – есту орталықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет