Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)



бет83/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115
«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)
1. Оқулықта айтылған ғалымдардың түс көру туралы пікірлерін талдаңдар.
2. Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететін сызба сызыңдар.
3. Ұйқының қандай кезеңінде адам түс көреді? Параграфты оқып болған соң, «түс көру» дегенге қандай анықтама бересіңдер?
4. Әртүрлі ақпарат көздерін зерттеп, түнде жұмыс істейтін адамдарға қандай ұсыныс беретіндеріңді айтыңдар.

Оқулық.
Кеспе мәтіндер.


Микрафон

Ортасы
10 минут

Қолдану
Ұйқы – тәуліктік шаршауды басу жолы. Гигиеналық тұрғыда толыққанды ұйқы деп жасқа байланысты ұзақтығы жеткілікті, белгілі бір уақытта ұйықтау және оянуды айтады. Жаңа туған сәби тәулігіне 20–22 сағат ұйықтайды. Жас өскен сайын адам ұйқысының ұзақтығы төмендейді. Балалар ұйқысының 2–4 және одан көп сағатқа қысқаруы ми қызметіне күрт теріс әсер етеді. Жұмысқа қабілеттілігі, ағзаның әртүрлі инфекцияға қарсы тұруы төмендейді, тез шаршайды. Балалардың ұйқыны қажетсінуі денсаулығына және физиологиялық дамуына байланысты. Сондықтан ұйқының белгілі бір ұзақтығын белгілеген кезде, жеке ерекшеліктерді де ескеру керек. Белгілі бір уақытта ұйықтап, оянуды әдетке айналдыру қажет. Адамда ұйқы жағдайына шартты рефлекстері оңай қалыптасады. Осы уақытты көрсететін сағат тілі ұйықтауға әсер етеді. Кешкі шаралар (жуыну, тісті тазалау, аяқты жуу, киімді шешу) шартты рефлекс болып табылады. Ұйықтау алдында қоздырушы ойын ойнамау керек және күшті ақыл-ой еңбегін жасамау қажет. Ең дұрысы – ұйықтау алдында 20–30 минут серуендеп келген жақсы. Түнге қарай шоколад жеп, кофе және қою шай ішпеген дұрыс. Үй-жайдағы салқындау таза ауа тезірек ұйықтауға әсер етеді. Жатын бөлмесін желдетіп алған дұрыс. Жатын бөлмесіндегі ең жақсы температура – 15–16°С.
ТВ шоу
(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)
Қолдану:
1. Оқушылардың: 1) сабақта; 2) оқу күнінде; 3) оқу аптасында; 4) оқу жылында жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін қандай кеңес беруге болады? Оларды мектепте қолдануға бола ма?
2. Биоырғақтың жұмысқа қабілеттілікке (оқуға) әсерін анықтаңдар. Оқушының едәуір өнімді күн тәртібін құрастыр.
3. Жұмысқа қабілеттілік пен көп не аз ұйықтау арасындағы өзара байланыс- ты талдаңдар.
4. Жұмысқа қабілеттілікке теріс және оң әсер ететін факторлар бойынша сызба құрастырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет