Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет91/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115
Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Гүл суреттері бойынша бөліну.
Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Жіптік құбыр» тренинг
Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны екіге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжыйды..

1-топ:
Раушан
2-топ:Тұңғиық
3-топ:Түймедақ

«Жіптік құбыр» тренинг, қағаздар, шарик.



Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
ДНҚ  ген  хромосома. ДНҚ – күрделі химиялық зат. Ал жасуша- ның ұсақ органоидтері – хромосомалар эукариотта жасуша ядроларын- да болады. Оларды электрондық микроскоппен көруге және суретке түсіруге болады (113-сурет). Хромосомалардың белгілі бір пішіні бар. Көрінетін күйде таяқшатәрізді құрылымға ие. Хромосомалар ДНҚ-дан тұрады. Бір нәруыз туралы тұқым қуалау ақпараты жазылған. ДНҚ молекуласының бөлігі ген деп аталады. Яғни ген – хромосома бөлігі. Хромосомалардағы гендерді заманауи микроскоппен де көре алмайсың. Себебі бір генді басқасынан бөлетін физикалық құрылым жоқ. Гендер арасында ДНҚ-ның химиялық компоненттерінің – нуклеотидтердің ерекше үйлесімі болады. Сондықтан бір геннің қай жерде аяқталғанын, басқа геннің қай жерден басталғанын тек химиялық және молекулярды- биологиялық әдістерімен анықтауға болады.
Мысалы, шеге темірден жасалған. Шеге өзек пен қалпақшадан тұрады деп те айтуға болады. Бұл екі пікір де дұрыс, бір-біріне қарама- қайшы емес. Темір – химиялық зат, ал өзек пен қалпақша – тұтас шегенің бөліктері. Осы ДНҚ  ген  хромосома деген түсінік те қатар бағынады. ДНҚ – химиялық зат, хромосома сол химиялық заттан тұрады. Ал гендер – хромосома бөліктері, хромосома сол бөліктерден тұрады.
Хромосомодағы ген саны орасан көп. Адамда барлығы 46 хромосома бар, ал ағзада шамамен миллион нәруыз бар. Әрбір ген ағзада екі данадан болады – біреуі әкеден, біреуі шешеден берілген. Сонда 23 хромосомада миллионнан астам ген бар. Адамның барлық хромосомалары өлшемі мен пішіні бойынша бірдей емес. Сонда да бір хромосомада көптеген ген бар. Кейде генетик ғалымдар: «бір ген – бір белгі» деп айтады. Бұл
– ескірген пікір. Бір ген ғана бақылайтын белгілер бар. Бірақ белгілер даму үшін көптеген ген жұмыс істеуі керек. «Бір ген – бір нәруыз» деп айтқан дұрыс.
Уотсон мен Крик ұсынған ДНҚ молекуласы моделі – хромосомада ішіндегі молекула моделі емес, оңтайлы температурасы, қысымы, тұз концентрациясы т.б. бар сулы ерітінді моделі. Яғни ширатылған емес, жазылған кезіндегі. Барлық шынайы хромосомада ДНҚ мұндай күйде бола алмайды. Мұндай молекула ядро ғана емес, жасуша ішіне де сый- майды. ДНҚ ядро ішіндегі хромосомаға қалай сыяды? Шын мәнінде бұл оңай. Катушкаға оралған 100 м жіпті қалтаға салуға болатын сияқты. Ширатылған күйімен оны алақанға да қысып ұстауға болады. Хромо- сома жасуша емес, соған ұқсайтын нәрсе.
Хромосома құрамына ДНҚ ғана емес, нәруыздар да кіреді. Бұл нәруыздар хромосомада кішкене – катушка шар түрінде болады, оған ДНҚ молекуласы оралады. Бұл кішкене шарлар келесі реттегі құрылымға жиналады – топталып жиналады. Содан кейін орамдар оралған кішкене шарлардан тұратын бұл құрылымдар бірігеді де, тікелей хромосома түзеді (119-сурет).
Сонымен хромосома ДНҚ молекуласы мен нәруыздан тұрады деп айтқан дұрыс. Мұндай тұжырымдар жиі қолданылады; «хромосома – нәруыз қабықшадағы ДНҚ молекуласы».
ДНҚ нәруыздан механикалық тұрғыда ұсталып тұрады деп ойламау керек. Хромосома құрамындағы заттар арасында механикалық емес, химиялық өзара әсер бар. ДНҚ мен нәруыздардан тұратын, хромосома түзетін қосылысты белгілеу үшін õроматин деген термин пайдаланы- лады. Ең дұрыс анықтама: хромосома – хроматиннен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет