Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет24/38
Дата22.12.2022
өлшемі8,12 Mb.
#163884
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
7 кмж

Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.

1-топ
2-топ


3-топ
Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.



Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Омыртқасыздардың белгілері. Ламарк омыртқасыздарға орталық бөлігі омыртқа жотасы болып табылатын ішкі қаңқасы жоқ барлық жануарларды жатқызды. Омыртқасыздарда не шеміршекті, не сүйекті бассүйегі болмайды.
Барлық жануарды омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу за- манауи жүйелеуге сәйкес келмейді. Яғни «омыртқасыздар» деген түсініктің өзі қандай да бір жүйелеу категория болып табылмайды. Бірақ былай бөлу биологияда шамамен 200 жылдан бері бар және ол қолайлы болғандықтан қазіргі кезге дейін қолданылады. Сондықтан біз жануарлардың омыртқасыздар және омыртқалылар деген екі тобын қарастырамыз.
Омыртқасыздардың негізгі типтері. Жануарлар патшалығының ең қарапайым өкілдері – біржасушалылар. Олар қарапайымдар типін құрайды. Жасушалары бір-бірінен аз айырмашылық жасайтын алғашқы нағыз көпжасушалы жануарлар губкалар типіне жатады. Олар мұхитта тіршілік етіп, судан сүзіп алған ұсақ жәндіктермен енжар қоректенеді. Омыртқасыз жануарлар эволюциясының келесі кезеңі ішекқуыстылар типінен тұрады (30-сурет). Ішекқуыстыларда екі қабат қалыптасып, жасушаларының бір-бірінен қатты айырмашылықтары болады. Олар энтодерма және эктодерма деп аталады. Ішекқуыстыларға маржандар, медузалара, саңырауқұлақтар жатады. Эволюциядағы келесі қадам – жасушалардың үш қабатынан тұратын және бұлшық ет жүйесі бар жануарлардың пайда болуы. Ең бірінші пайда болған мұндай жануарлар – жалпақ құрттар. Оларды оңай ажыратуға болады, себебі олардың денелері үстінен астына қарай жаншылған сияқты, сондықтан жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттардан кейін едәуір жетілген жұмыр құрттар типі пайда болды. Бұл жануарларда ішінде алғаш рет ішкі мүшелері орналасқан дене қуысы пайда болды. Бұл қуыс қысым арқылы сұйықтыққа толы, сондықтан мұндай құрттар денесінің көлденең қимасы дөңгелек болып көрінеді.
Әрі қарай омыртқасыздар эволюциясында буылтық құрттар типі пайда болды. Бұл тип өкілдерін оңай ажыратуға болады, себебі олардың денесі жеке буылтықтарға – сегменттерге бөлінген
сияқты. Оларға шұбалшаң, сүлік сияқты жануарлар жа- тады. Бұл омыртқасыз жануарлардың өте маңызды типі. Буылтық құрттарда эволюцияда алғаш рет қан және қан тамырлары жүйесі пайда болды. Ежелгі буылтық құрттардан ұлулар, буынаяқтылар типі және омыртқалы жануарлардың арғы тегі шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет