Сабақ нөмірі: №133 Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу. Берілген санның процентін табу



Дата20.12.2023
өлшемі22,12 Kb.
#197725
түріСабақ
Байланысты:
Матем 5кл каз133


Математика пәні бойынша 5сынып оқушыларына тірек конспектісі
4тоқсан
Сабақ нөмірі: №133
Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу. Берілген санның процентін табу
Сабақтың мақсаты: Берілген проценті бойынша санды табуды меңгеру,берілген санның процентін табуды және күнделікті өмірдегі проценттерге байланысты есептерді шығара алады.

  1. Проценті бойынша санды табу үшін:

Процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп жазу керек;
Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.

  1. Берілген санның процентін табу үшін :

Процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп жазу керек ;
Берілген санды осы бөлшекке көбейту керек

Конспект:

Мысалы:
№1. Теңіз суының 5%-і тұз. Концентрациясы 20% болу үшін 80кг теңіз суының неше килограммын буландыру керек?


Шешуі: 5%=
кг

кг
80 – 20=60
Жауабы: 60кг булану керек
№2. Массалары 80г және 120г тұз ерітіндісі берілген. Бірінші ерітіндіде 12г тұз, екіншіде 15г тұз бар. Осы ерітінділердің концентрациясы неге тең? Осы екі ерітіндіні қосып араластырса, концентрациясы қандай болады?
Шешуі: 80г – 100%
12г – x%
(1-ерітіндіде 15% тұз ерітіндісі)

120 – 100%
15 – x%
(2-ерітіндіде 12,5% тұз ерітіндісі)


г
г
200г – 100%
27г – x%

Жауабы: Екі ерітіндінің концентрациясы
Тапсырмалар:
№1. Тұздың концентрациясы 3%-тен 2%-ке кеміту үшін 20кг теңіз суына неше килограмм тұщы су қосу керек?
№2. 10%-тік 200г және 20%-тік 300г қант шырынын қосып араластырса, алынған ерітіндінің концентрациясы неге тең болады?
№3. Оқушы кітаптың 27 бетін оқып бітірді. Ол барлық кітаптың 15%-ын оқыған болса, кітап неше беттен тұрады?
№4.Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 ке,ал ені 25 ке артты.
Сонда тік төртбұрыштың ауданы неше процентке артты?

Әзірлеушілер:Регинбаева Н.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.


Әшірова А.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет