Сабақ нөмірі: 25 Күні 05. 10 Сабақтың тақырыбы: Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар (1-сабақ)



Дата09.01.2022
өлшемі215,37 Kb.
#110675
түріСабақ
Байланысты:
матем 6кл 05.10


Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақ нөмірі: 25 Күні 05.10

Сабақтың тақырыбы: Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар (1-сабақ)

Мақсаты: 6.1.1.4координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу; 6.1.1.7қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу

Сілтеме:

  1. Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., «Математика»-6, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018

  2. Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика-6, Алматы: Мектеп, 2018

Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме

Шамалардың өзгерісінің сан мәнін жазғанда, оқығанда оның тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» таңбасы қойылады. Шаманың қарама–қарсы мағынасының сан мәнінің алдына

«–» таңбасы қойылады. Өмірде пайда-шығын, биіктік-тереңдік, жылы-суық, т.б. сөздерді пайдаланамыз.

Мысалы, жылы «+», суық «-»; биіктік «+», тереңдік «-», т.б.

1-мысал. «+», «-» таңбаларын пайдаланып жаз:


17 жылы

+17

10 суық

-10

1400 тг шығын

-1400 тг

1702 тг пайда

+1702 тг

5 ұпай ұту

+5

3 ұпай жеңілу

-3
Оң және теріс сандар ұғымын координаталық түзуді түсінейік.

Координаталық түзу деп санақ басы, бірлік кесіндісі және санау бағыты таңдалынып алынған түзу сызықты айтады. Санақ басы ретінде О нүктесіне 0 санын сәйкестендіреміз. Оң сандар 0 санынан оң бағытта (стрелкамен оң бағыт көрсетілген) орналасады, ал теріс сандар 0-ден белгілі бір қашықтықта қарама-қарсы бағытта орналасады. Түзу көлденеңінен немесе тігінен орналасады.

Оң сандардың алдына «+», теріс сандардың алдына «-» таңбасын қоямыз. 0 саны оң сандарға да, теріс сандарға да жатпайды.











Дәптерде жазамыз 05.10 Сынып жұмысы

Тапсырмалар.

1. «+», «-» таңбаларын пайдаланып жаз: 300 м биіктік; 96 м тереңдік; 9 ұпай ұтыс; 22 жылы; 90000 тг шығын.

2. Сызбадағы суреттердің қайсысы координаталық түзу болады?

№229 бет 72

Кері байланыс

-Балалар сұрақтар болса сұраймыз, жазамыз. Есептерді шығарғанда мұқият болыныз

- Балалар, орындаған тапсырмаларыңызды мұғаліміңіздің электронды почтасына немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасына жіберіңіздер



Сәттілік тілеймін!

Әзірлеуші: Борамбаева Гульмира Ернаровна математика пәні мұғалімі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет