Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақ нөмірі:
Сабақтың тақырыбы:
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің
арақашықтығы.(2-сабақ)
1.
Мақсаты:
рационал сандарды азайтуды орындау;
2.
Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме
Координаталық түзуде F(-8); E(-5); K(3); M(7) нүктелерін алайық.
KM; EF; EK арақашықтығын табу керек.
3 түрлі жағдайды қарастырамыз:
1) K және M нүктелері санақ басының оң жағында орналасқан;
2) E және F нүктелері санақ басының сол жағында орналасқан;
3) E және K нүктелері санақ басының әр түрлі жағында орналасқан;
1)
K және M нүктелері санақ басының оң жағында орналасқан:
𝐾𝑀 = 𝑂𝑀 − 𝑂𝐾 = 4, ОМ = 7, 𝑂𝐾 = 3. 𝐾𝑀 = |7 − 3| = 4.
2)
E және F нүктелері санақ басының сол жағында орналасқан: EF=OF-OE=3,
EF =
|−8 − (−5)| = |−8 + 5| = |−3|
=3.
3)
E және K нүктелері санақ басының әр түрлі жағында орналасқан;
EK=OE+OK = 8, EK=
|−5 − 3| = |−8| = 8.
Демек,
Егер А
(а)
және
В
(b
) болса, онда А және В нүктелерінің арақашықтығы
|𝒂 − 𝒃| немесе |𝒃 − 𝒂|
өрнегіне тең.
1-мысал
.
А(6) және В(-7) нүктелері берілсе, А нүктесінен В нүктесіне дейінгі
қашықтықты табайық: АВ =
|6 − (−7)| = |6 + 7| = 13.
2-мысал.
Координаталық түзуде А (–6) және В (2,6) нүктелері белгіленген. АВ
кесіндісінің ортасы болатын C нүктесінің координатасын тап:
Шешуі : 1) АВ =|–6 – 2,6| = |–8,6| = 8,6
2) 8,6 : 2 = 4,3 3) –6 + 4,3 = – 1,7 немесе 2,6 – 4,3 = – 1,7
Жауабы: C(–1,7 )
3.
Тапсырмалар.
№1.
Координаталық түзуде мына нүктелерді салып, арақашықтығын табыңдар:
1)
А(-3) және В (-9); 2) С(-11) және D(4);
3) M(9) және N(16); 4) F(-436) және E(-546).
№2.
Координаталық түзуде M (8,36) және N -(4,62) нүктелері белгіленген.
MN кесіндісінің ортасы болатын K нүктесінің координатасын тап.
4.
Сілтеме:
1.
Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., «Математика»-6, 2-бөлім, Алматы
«Атамұра», 2018
2.
Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика-6, Алматы: Мектеп,
2018
3.
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/raczional-sandardy-azajtu?mid=%info%
4.
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/koordinatalyq-tuzudegi-eki-nuktening-
araqashyqtyhy?mid=%info%
Достарыңызбен бөлісу: |