Логикалық бірлік – сабақ бөліктерінің, құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі; екіншіден, білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі. Психологиялық бірлік – оқушылардық танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылылығы. Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет, ынта т. б.) есепке алуды талап етеді. Ұйымдастыру бірлігі – бұл сабақта жабдықтарды және оларды рет ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.
Кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер М.Н.Скаткин, М.И.Махмутов, В.Ф.Шаталов, Е.Н.Ильин т.б. келесі жағдайларды атап көрсетеді. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай – мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай – оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, жаңашыл мұғалімдердің іс тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.
Білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асады. «Форма» латын сөзі – тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы. «Форма» ұғымына С.И.Ожегов берген анықтама: «Белгілі мазмұны бар бір нәрсенің түрі, құрылымы, құбылысы, қрастырылымы, типі». Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте, қарым-қатынаста тәртіптің мәдени формаларын игереді.
Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы. Дидактикалық категория ретінде оқу формасы – оқу процесінің ұйымдастырылуының сырттай көрінісі. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болады.
Қазіргі мектеп тəжірибесіндегі оқу формалары: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптық, дəрісханалық, дəрісханадан тыс, сыныптық, сыныптан тыс мектептік, мектептен тыс. Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары: семинар, экскурсия, факультатив, конференция, үйірме, үйдегі оқу жұмысы, өзіндік жұмыстар, өздігінен білім алу, т.б.
«Әдіс» гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод – белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары. Әдіс – мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет, оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушының бірлесе жacaйтын әрекеті. Педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен БІД-ны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптacaды, қабілеттері дамиды» - деп жазылған
Оқыту әдістері – оқушылардың білім алудағы мақсаты, үлкен нәтижелерге жету жолдары. Оқыту индукциялық және дедукциялық әдістер арқылы құрылады. Индукция – ой тұжырымның жекеден жалпыға өтуі. Оның үш түрі бар: индуктивті қорыту; аналогия (ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы пайымдау. Дедукция (лат. deductio — шешім) — қолда бар фактілерді пайдаланып, логикалық шешім шығаруға арналған ойлау әдісі, әртүрлі пікірлердің басын біріктіріп, бір шешімге келу.
Оқыту әдісі – дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі. Оқыту процесі – мақсат, мазмұн, әдістер және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы. Оқыту құралдары – білім алудың, іскерліктерді қалыптастырудың көзі, сонымен қатар оқу процесінің тиімділігін арттыруға арнайы әзірленген материалдық заттар, құралдар, құрылғылар. Оқыту әдісі оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары, мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның негізінде білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті, мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, меңгеру, оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік, проблемалық-ізденістік, практикалық, репродуктивті, индуктивті және дедуктивті, проблемалық-ізденістік, сөздік, дәріс, әңгіме, сұқбат, түсіндіру, пікірталас, кітаппен жұмыс, көрнекілік-иллюстрация, демонстрация. Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістері: оқу пікірсайыстары, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер, жеке (топтық) жобалау, зертханалық жұмыс.
Оқыту құралдары – мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен түп деректер, яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндер. Оқу құралдары мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірімен үйлесімділікте қолданылады. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.
Материалдық оқыту құралдарына оқулықтар, кестелер, макеттер, бөлмелер, жиһаз, оқу кабинеті жабдықтары, көрнекі құралдар,, микроклимат, сабақ кестесі және т.б оқытудың материалдык-техникалық жағдайлары енеді. Идеалдық оқыту құралдарына мұғалім мен оқушылардың жаңа білімді алу үшін қолданылатын меңгерілген білімдері мен іскерліктері жатады.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты етіп өткізу үшін не керек?
Достарыңызбен бөлісу: |