Сабақ оқытудың негізгі формасы. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары



бет1/2
Дата04.05.2023
өлшемі214,61 Kb.
#176013
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ПЕД-8


8-дәріс. Сабақ – оқытудың негізгі формасы.
Оқыту формалары, әдістері мен құралдары.
Сабақ – нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада берілетін білім және тәрбие негіздері. Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуі: И.Т. Огородников, И.Н. Казанцев: дидактикалық мақсатына қарай; М.И.Махмутов сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай; С.В. Иванов оқу үдерісінің негізгі кезендеріне қарай; Н.М. Яковлев, A.M. Сохор сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай; И.Н. Борисов оқыту әдістеріне қарай; Ф.М. Кирюшкин оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне қарай.
М.И. Махмутов ұсынған сабақ құрылымы сабақты ұйымдастыру, жалпы дидактикалық мақсатына, оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай бөлінеді. Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип – жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы; 2-тип – білімді, іскерлікті, дағдыны жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын қолдану сабақтары; 3-тип – білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип – аралас сабақтар; 5-тип – білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары.
Сабақ міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа койылатын талаптар төмендегідей:
  • Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы.

  • 2. Оқу материалдарының көлемін анықтау.
    3. Оқыту меп тәрбиенің бірлігі.
    4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдау, сабақтың әрбір кезеңінің оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
    5. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану.
    6. Оқытушының білімді терең ұғуын, сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестігін үнемі бақылап есепке алу.
    7. Сабақты ұйымдастыруды дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.

Негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру – оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі. Осы талаптардың негізінде қарастырсақ, сабақ – бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т.б.
Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі – жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады:
а) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
ә) даму – оқушылардың танымын ынталандыру, дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) тәрбие – ғылыми дүниетанымын, құндылық қасиеттерін өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.
Сабақ оқушыларды білім жүйесімен қаруландырады әрі тәрбиелеуші міндет атқарады. Сабақ құрылымы – сабақтың тұтастығын қамтамасыз ететін, оның элементтерінің жиынтығы. Сабақтың құрылымы мақсатына, оқылатын материалдың мазмұнына оқытудың әдістеріне, тәсілдеріне, оқушылардың әзірлік дәрежесіне тәуелді болады. Сабақ құрылымы үнемі өзгеріп отырады. Аралас сабақ типі: а) ұйымдастыру кезеңі; ә) үйге берілген тапсырманы сұрау; б) жаңа материалды баяндау; в) жаңа материалды бекіту; г) үйге тапсырма беру.
Қазір аралас сабақты да әртүрлі вариантта өткізуге болады: 1) мұғалім оқу материалын тұтас баяндайды, оқушылар ұғады және бекітеді; 2) мұғалім тек басты мәселелерді баяндайды, оқушылар барлық оқу материалдарын өздігінен игеріп қабылдайды. Жаңа материалды игеруге мұғалім оқушылардың өздігнен жұмыс істеуін ұйымдастырып, бағыт береді. Бүгінгі мектептерде сабақ құрылымы мынадай кезеңдерге, элементтерге бөлінеді: а) танымдық міндеттер қою (не оқылуы керек); ә) мотивация (нені оқу, білу керек); б) таңдау және оқып-білудің бірізділігі; в) әртүрлі тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек).
Сабақ – мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық еңбегі. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақтың логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет