Сабақ Орындаған: Ұйқасбай А. М. Алматы 2020ж


Ескертулер ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



бет2/4
Дата19.10.2022
өлшемі67,5 Kb.
#153783
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ашық сабақ Сыйластық бастаулары

Ескертулер



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
53 бет. 6- тапсырма. Досыңа хат жаз.

8 сынып «Өзін –өзі тану» оқулығы 53 бет

ІІІ. Дәйексөз
Сыйласаң- сыйысымды боларсың.


Халық мақалы

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)


Сұрақтар:

  1. Сөздің басын неліктен сәлемнен бастау керек?

  2. Қазақ халқының дарқан ниетінен қандай қасиеттерді байқауға болады?

  3. Өзің ылғи да сәлемдесіп жүресің бе? Айтып бер.

Мақал

3.Әңгімелеу
Мұғалім сыйы.
Жылы сөзді ұмытпа1

Жылы сөз жаныңды жылытады. Адамның мейірімін өсіреді. Сырттан жолыққан беймәлім жан сен туралы жылы лебіз білдірсе кәдімгідей көңілің өсіп қалатыныанық. Жылы шыраймен «сізді танимын десе де» жан дүниеңізге бір нәзік сәуле себелегендей болады.


Суық, ызғарлы сөз жаныңды ауыртады. Көңіліңді пәс түсіреді. Әсіресе, өте жақын адамыңнан осындай сөзді естуден ауыр нәрсе жоқ шығар сірә?
Кейде жолдастарың әзілдесемін деп қатты сөз айтып қамықтыратынын білмейді-ау.
Бірде мынадай жағдай болды. Ауылдан шыққан Аман деген бір жігіт институтқа оқытушы болып орналасты. Еңбегінің арқасында доцент, ғылым кандидаты атағын алды... Бірде студенттермен әңгімелесіп тұрғанын көрген жерлес құрдас жігіті таңырқап:
–Әй, сен, Сандыбаевтың баласы емессің бе? – деді төбеден түскедей бүкіл студенттердің көзінше.
–Иә...
Ол ыңғайсыздана бастайды.
- Әй, мұнда неғып жүрсің?
Ауылдас жігіт таңырқауын қояр емес.
- Осында жұмыс істеймін...
- Әй, тоқта, сонда сен институтта сабақ бересің бе? Қайтіп мұндай дөкей болып кеттің?
Бұл жерде ауылдас жігіт әзілдеп тұрған жоқ. Қатты таңырқай қарау да - әдепсіздіктің белгісі емес пе?! Әйтсе де Аманды студенттері алдында қандай ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын ол сезбеді де. Көпшіліктің көзінше қатты таңырқау, түрпідей сөз айтуда есерлік, мәдениетсіздік деген жөн шығар.
Жас ұлғайған сайын еріксіз сабырлықты қажет етеді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» демекші, қандай құрдасың болса да ортаға қарай әңгіме айту ләзім. Және құрметтей түскенің абзал. Кейде «өзіміз ғой...» деп бағалағымыз келмейді. Ал өзіңді құрметтемесең, өзге сені қалай құрметтемек.
Қай уақытта болсын, құрбыға ыңғайсыз тиетін оғаш сөзді айтпаған жөн. Қасыңдағы жанға жақсы сөз айтсаң ол да саған жақсы сөзін арнағысы кеп тұрады. Ізгілік екі адамға бірдей байланысты.
Есіңізде ме, мектепте оқып жүргенде «Волшебное слово» деген әңгіме. Сондағы сиқырлы сөзіміз адамдарға жағымды «Пожалуйста» болып шыққан жоқ па еді.
Адамдық жылы сөз бен жымиысыңыз қасыңыздағы жанға жағымды әсер етеді. Жылылық леп ішкі дүниесін түрлендіреді. Ең үлкен сый – сыйлас адамыңыздың мерейін үстем ету. Шарапатты сөзі бар жанды қайта көргіңіз келетіні хақ.
Мәселен, жаныңыздағы адам түнеріп, қабағын түйіп отырса сізге әсер ететіні анық. Қараптан-қарап көңіл күйіңіз түсе бастайды. Жұмыста адам өзін сергек ұстауы керек. Үйдегі күйкі тірлігін, басындағы мұңдықайта-қайта айта берудің қажеті жоқ. Олтек әріптесіңізді шаршатады емес пе?!
Әбиба деген әпкем өміргеіңкәр, адамдарға құштар, еді... Мектеп бітірген соң интернатта тәрбиеші болып жұмысістеді. Сонда оқушы қыздар сәт сайын «Әбиба апай» деп іздеп жүретінінің, жақсы көретінінің қаншама рет куәсі болдық.
Өзім де қалада оқып жүргенде жаңа ғана үйінен шықсам да ақ пейілді, жылы жымиысты, өте мейірімді Әбиба әпкемді қайта көргім келетін. Жүзіңдегі мұң оны көргенде еріксіз жоғалып кететін. Себебі, шаттық шырайы мен, жылы сөзімен, бар адами ықыласымен өзіңе беріліп кететін. Үйіне келген әрбір жанның көңілін тапқысы келетін...
Өн бойы тұнған мейірім еді...
Танысыңыздың, сыйласыңыздың жақсы қасиеттерін ұға түсіп, одан үйрене білгеннің айыбы жоқ. Қайта сәт сайын оңашада жанымызға шуақ сепкен сол бір сәулелі мезеттерді еске түсіріп отырған жөн.
Адамға әрдайым адами сәуле керек. Ол тек ықылас пен жылы сөз арқылы ғана келмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет