V. Шығармашылық жұмыс Оқулықтағы 1-2- тапсырмаларды жұмыс дәптерге орындайды. Тапсырма: «Мақалдарды толықтыр»
Сыйлап берген су …. (тәтті)
Ерді асы үшін сыйлама,
... үшін сыйла. (басы)
Көпті сыйлағаның - ... сыйлағаның. (өзіңді)
Үлкенді сыйлау - …. (кісілік)
.... сәні – сыйластық. (ағайын )
1-топ Отбасы. Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздерінен үзінді.
2-топ Достық. Сыныптағы оқушылар ақылы лагерьге демалысқа баратын болды, сыныптағы бір оқушының лагерьге баратын қаражаты болмады, сыныптағы достарының сол оқушыға тосынсый ұйымдастыруынан үзінді.
3-топ. Мектеп. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
VІ. Топпен ән айту. М.Өрісбаев «Өмір сыры»
1)Өмір деген –
Жанымның шуағындай жарқырайды.
Көңіл деген –
Бар кезде шарықтап шалқымайды.
Арман деген –
Жүректің жұбанышы үзілмейтін.
Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың.
Қ/ы Бұл дүниені Жарығым қайта оянып көрер болсам Өмірге қайта айналып келер болсам Сезер – ек бақыттың шын бағасын 2)Бақыт деген –
Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы
Уақыт деген –
Өзгермес сұрапыл соқса тағы
Ақымақ деген –
Жүректің жұбанышын көз ілмейтін
Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың
Жүректің жұбанышы үзілмейтін.
Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың.