26-жұмыс
Тыныс алу қарқындылығын СО2 мөлшерінің бөлінуі арқылы (Бойсен –Иенсен бойынша) анықтау
Қажетті құрал -жабдықтар: Өскін және жаңадан өне бастаған өсімдік тұқымдары, өсімдік бүршіктері, жапырақ, гүлдер,т.б. өсімдік материалдары, 0,025 Н күйдіргіш барий (Ва(ОН)2 0,025 Н тұз қышқылы ертіндісі, бюреткалар (2дана),шойын штатив, фенолфталейн ертіндісі, таразы және оның гірлері, көлемі 250-300 миллиметрлік банка, оның резина тығыны, скрепкалар, бинт, стақандар.
Жұмыс барысы:Өсімдікті таразысында 5-10г тартып алып,бинттің үстіне салып, жан-жағы жиналып жіппен байланады да, ыдыстың аузын жабатын тығынның төменгі жабындағы скрепкадан жасалған ілгекке ілінеді.
Тәжірибе жүргізетн ыдыстың ішіне 25 мл Ва(ОН)2ерітіндісін өлшеп құйып,ілгегі бар тығынмен тез жабылады.Уақыты белгіленіп жазып алынады. 30минут тәжірибенің жүргізу кезінде ауық-ауық ВаСО3-тен жүргізілген ерітінді бетіндегі қалқыған тұз пленкасы шайқап отырады.Уақыты болғаннан кейін өсімдік материалы бар тығын алып тасталынып бір тегісі бар тығынмен жабылып,сол тесіктен 2-3 тамшы фенолфталейн тамызып НСІ мен титрленеді.Бұл жұмысты орындау кезінде қалған уақытта өсімдігі жоқ көлемі тең ыдыс алып,оған 25 мл Ва(ОН)2ерітіндісін құйып,2-3 тамшы фенолфталейн тамызып НСІ мен титрлеп бақылау есебі алынады. Тәжірибе жасыл пигменті бар өсімдік мүшесіне анықтау жүргізілетін болса,тәжірибе қараңғыға қойып анықталады.Оның себебі жасыл мүшелерде жарықтың әсерінен фотосинтез процессі өтеді.Тәжірибе алынған сандар 21-таблицаға толтырылады.
Өсімдік түрлері немесе
мүше аттары
|
Алынған г салмақ
|
Ва(ОН)2 мл мөлшері
|
Уақыт
|
Кеткен НСІ мл мөлшері
|
Титр түзудегі айырмашылықтар
|
Тыныс алу қарқындылығы мг/г. сағ
|
басталуы
|
аяқталуы
|
ұзақтығы
|
Бақылауға кеткен
|
Тәжірибеге кеткен
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пысықтау сұрақтары:Жұмыстың соңыда әр студенттің жұмыстарында жүргізілген өсімдік түрлерімен мүшелердің тыныс алу қарқындылығы салыстырылып,қорытынды жасалады.
№ 10 зертханалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |