Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


Өсімдіктің өсуі мен қозғалыстары



бет34/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Өсімдіктің өсуі мен қозғалыстары.
34-жұмыс
Тамырдың өсу аймағын анықтау
Қажетті құрал -жабдықтар:Асбұршақтың, үрмебұршақтың өнген , тамыр ұзындығы 2 см келетін тұқымдары, тушь, тігін түйрегіші немесе ине, миллиметрлік сызғыш, аузы тығынмен тығындалатын банка, қайшы, картон қағазы, сорғыш қағаз, пинцет, жіп.
Жұмыс барысы:тамырының ұзындығы 1,5-2,0 см үш асбұршақ немесе үрмебұршақтың өнген тұқымын алып, тамырына зақым келместей мм сайын тушпен таңба салынады. Сонан соң ылғалды камера даярлау керек. Ол үшін шыны банка алып, оның ішкі қабырғасын сорғыш қағазбен қаптап, ыдыстың ішіне 1/3 бөлігіне дейін келетін су құйылады. Бұл банканың аузына тығын немесе тығын болмаған жағдайда қақпақ болатындай картон қағазын қиып алып, одан тігін түйреуішін өткізіп, ұшына тамырын тік төмен қаратып тұқым жарнағынан түйреп орналастырады. Осылай даярланған банканың аузы жабылып термостатқа қойылады. Бір күн тәулігінен кейін таңба аралықтарының қашықтауына қарай тамырдың өсу аймағы анықталады. Үш өсімдік тамырындағы таңбалардың арифметикалық орташа саны алынып, төмендегі таблицаны толтырып, қорытынды жасалады. Тамыр ұшындағы таңбадан бастап әрқайсысының аралықтарының қашықтығы өлшенеді.

Объект



Т аңбалар арасының қашықтығы, мм

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12



Тамырлар
1.
2.
3.
Арифметикалық орташа саны






Пысықтау сұрақтары:клетканың өсуіндегі үш кезеңнің айырмашылықтарын атаңыздар. Клетканың өсуіндегі синтетикалық процесті келтіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет