36-жұмыс
Жарықтың өсімдік мүшелерінің түзілуіне әсері.
Қажетті құрал -жабдықтар: Асбұршақ тұқымдары, ағаш ұнтағы, он гүл құмыралары, термостат.
Жұмыс барысы: Он гүл құмырасына ылғалданған ағаш ұнтақтарын салып, оның әрқайсысына 5- тен өніп келе жатқан асбұршақ тұқымдары егіледі. Оларды екіден бес серияға бөліп, гүл құмыраларының сыртына серияны көрсететін этикетка жапсырылады. Бірінші серияны екі гүл құмырасында егілген тұқым тәжірибе біткенге дейін қараңғы жерде өсіріледі. Екінші серияны да қараңғы жерде өсіріп, бірақ еүн сайын 1 минут жарыққа шығарып, орнына қайта қояды. Үшінші серияны күнде тек 30 минут қана жарыққа шығарып, қайтадан қараңғы жерде ұстайды, ал төртінші серияны 60 минут жарықта ұстайды. Ал бесінші серия күн тәулігіндегі жарықта өсіріледі. Тұқымдар өніп шыққаннан бастап, 7 күн өсіріп, оның түсін, буын аралықтарын өлшеп, айырмашылықтарына қорытынды беріледі
Пысықтау сұрақтары: Жарықтың өсімдікке тікелей әсері дегенді қалай түсінесіздер? Ал жарықтың өсімдікке жанама әсері қалай?
№ 13 зертханалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |