Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


Өсімдік клеткасының физиологиясы



бет4/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Өсімдік клеткасының физиологиясы
4-жұмыс
Плазмолиз түрлері
Қажетті құрал -жабдықтар: клетка шырынында антоцианы бар пияз,азот қышқыл калий,вазелин, микроскоп, сорғыш қағаз, заттық және жабын шынылар, препараттық ине.
Жұмыс барысы:Жұмысты орындау үшін қызыл пияздан алынған жұқа эпидермисті заттық шынының үстіне төсеп, оның үстіне азотқышқыл калий тұзы ертіндісінің бір тамшысын тамызып, үстін жабын шынысымен жабады. Тамызылған ертінді кеуіп кетпеу үшін жабын шынысының төңірегі ине ұшымен алынған вазелинмен майланады.Осылайша дайындалған препаратты микроскоппен бақылайды. Алғашқы бақылау кезінде протопластың клетка қабықшасының әр жерінен қашықтағаны көрінеді. Протопластың клетка қабқшасымен, плазмодесмос жіпшелерімен байланыспаған жерлері, клетка суының экзоосмостануынан ішке ойыс бере плазмолизденеді де ойыс плазмолиз деп аталады. Бақылау уақыты, яғни 15-20 минут өткеннен кейін, клетка протопласты клетка қабықшасынан кейбір жерінен толық ажырап, плазмолизденеді. Мұндай плазмолиз - дөңес плазмолиз деп аталады. Клетканың плазмолиздену уақыты протопластың тұтқырлығын көрсетеді. Клетка қаншалықты жас болса, оның протопластық тұтқырлығы күшті, плазмолиздің басталуы немесе ойыс плазмолиздің дөңес түріне көшуі үшін көбірек уақыт керек. Ал өсімдік клеткасы кәрі болса, протопластың тұтқырлығы әлсіз болып ойыс плазмолиздің түзілуіне немесе ойыстан дөңеске көшуі үшін аз уақыт қажет.
Пысықтау сұрақтары: Ойыс плазмолиздің анықтамасын келтіріңіздер, не себепті түзіледі? Дөңес плазмолиздің анықтамасын келтіріңіздер, не себепті түзіледі? Протопластың тұтқырлығы неге байланысты,оны қалай түсінесіздер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет