Сабақ
1- сабақ
|
Сабақ өтілетін күн: 31.01.2017
Орны: математика кабинеті
|
Барлық оқушы саны: 16
Қатысқаны: 16
|
Сілтеме
|
Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар.
|
Сабақ тақырыбы
|
Жай бөлшектерді және аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
|
Жалпы мақсаттар
|
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу мен азайтуда ЕКОБ-ді дұрыс таба алуға дағдыландыру. Ережелерді қолданып, есептерді дұрыс шешуге үйрету. Оқушылардың ізденісін, зейінін, тұрақты ой қорытындысын жасай білу қабілеттілігін дамыту.
|
Түйінді идеялар
|
Бөлімдері бірдей бөлшектерді және аралас сандарды ережеге сай азайтып және қоса алу, ЕКОБ-ді таба алуға үйрету
|
Әдіс-тәсілдер
|
Топпен, жұппен, жекелей, АКТ, «Үйрете отырып, үйренемін», миға шабуыл, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау,кері байланыс
|
Көрнекіліктер
|
Үлестірмелі кестелер, проектілі тақта, түрлі түсті қағаздар, сурет қиындылары бар парақтар
|
Дереккөз
дер
|
Оқулық, дидактикалық материалдар
|
Оқыту нәтижелері
|
ЕКОБ-ді таба алады
Ережені қолдана алады
Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі
Өз ойын қорғай алады
|
Сабақ барысы
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сабақ кезеңдері:
1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
|
1 мин
2 мин
7 мин
10мин
|
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпта психологиялық жағымды атмосфера орнату.
Парақшаларға жазылған бөлшектер арқылы топқа бөлу(дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан)
«Миға шабуыл»
Жаңа сабаққа қажетті материалдарды жаңғырту үшін оқушыларға сұрақтар қойылады.
«Кім жылдам?»
Тақырыпқа байланысты әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беріледі. Мақсаты қай топ жылдам орындайды.
|
Оқушылар амандасады, өз көңіл күйлерін білдіреді.
Парақшалар арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. Әр оқушы бағалау парағына бағалайды
Оқушылар топпен бірлесе отырып жұмыс жасайды. Әр топтан 3 оқушыдан тақтаға шығып орындайды.
|
2-кезең. Мағына
ны ажырату:
Сергіту сәті
3-кезең. Ой- толғаныс:
|
5 мин
3 мин
7 мин
5 мин
|
«Сәйкестікті орнат!» (жұптық тапсырма)
Кестенің сол жағында тапсырмалар, ал оң жағында жауаптар ретсіз орналасқан. Тапсырманың дұрыс жауабын бағытталған кесінді арқылы қосу керек.
Оқушылардың алдарына (шағын топтарға) әр түрлі жеміс- жидектердің суреттері таратылады. Сол суреттер бойынша мінездемелік сипаттамаларымен танысады.
«Математикалық лото» ойыны. Сурет қиындыларының бір жағына тақырыпқа байланысты тапсырмалар жазылады. Басқа тұтас қағазға тапсырмалардың жауаптары жазылады.
«Қатесін тап!» Бекіту есептері. Өзіндік жұмыс
Кестенің оң жағына тапсырмалар шығарылуымен жазылады. Кейбір тапсырмалар қателерімен тұрады. Ал оң жағында екі бағанада «ия» және «жоқ» деген жауаптар берілген. Қай тапсырма дұрыс болса «ия», қате болса «жоқ» деген бағанға «+» белгісін қояды.
|
Оқушылар берілген тапсырманы жұптасып орындайды. Жауаптарын проектрлі тақтадан тексереді.
Таратылған жеміс- жидектердің суреттерінің ішінен әр оқушы өзіне ұнайтынын таңдайды.
Оқушылар шағын топта бірлесе отырып, жауаптарды дұрыс сәйкестендіріп, суретті құрау керек.
Тақырыпты бекіту мақсатында кестеде берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.
|
Келесі оқуға арналған тапсырма
лар.
|
1 мин
|
п. 6.1 және п. 6.2 ереже жаттау
№985, 986
|
Күнделіктеріне үй тапсырмаларын жазады
|
Бағалау
|
4 мин
|
Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі, алған формативті бағалары бойынша жиынтық бағалау
|
Әр оқушы алдындағы кесте бойынша өзін-өзі бағалайды
|