Сабақ өткізетін орын 3 этаждың аудиториялары Пәннің аталуы «Физикалық практикум»



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі342,6 Kb.
#24520
түріСабақ
  1   2

ПОӘК.042-18.38.75/02-2014


№ 2 баслым 2014ж


беттің -ші беті






ПӘННІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В060400 - «Физика» мамандығы үшін


«Физикалық практикум»
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2014
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ________ 2014 ж. АбдуахитоваО.Т. «Физика» кафедрасының аға оқытушысы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

№ 10 хаттама, 25.06.2014ж.
Кафедра меңгерушісі _______ Маусымбаев С.С.
2.2 Физика- математикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

№ 6 хаттама, 26.06.2014ж.

Төрайымы ________ Батырова К.А
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды

№ 1 хаттама,11.09.2014ж.
ОӘК төрайымы ________ Искакова Г.К
4 БІРІНШІ БАСПАНЫҢ ОРНЫНА №2 баспа

Мазмұны


  1. Жалпы мағлұмат

  2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу

  3. Пән бойынша әдістемелік нұсқау

  4. Курстың форматы

  5. Курстың саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер




  1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы деректер



  • Аға оқытушы Абдуахитова О.Т.

«Физика» кафедрасы

  • Байланыс қатынасы - № 3 оқу ғимараты, № 1109 кабинет, тел: 35-26-22, 77-33-58

  • Сабақ өткізетін орын – 3 этаждың аудиториялары

  • Пәннің аталуы – «Физикалық практикум»

  • Кредит саны – 2

1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Физика материяның қарапайым қозғалыстарын және осы қозғалыстарға сәйкес табиғаттың жалпы заңдарын зерттейтін ғылым. Физикалық зерттеулердің әдістері: тәжірибе, гипотеза, эксперимент, теория. Физиканың дамуының басты кезеңдері – И.Ньютон механикасы, Дж.К.Максвеллдің электромагниттік теориясы және қазіргі физиканың әртүрлі салаларының теориялқ негіздері. Физиканың техниканың дамуына ықпалы. Физика және басқа ғылымдар. Физикалық модельдер. Физика курсының жалпы құрылысы мен міндеттері

1.3 Курстын мақсаты: сәйкес математикалық деңгейде баяндалған тәжерибелер және эксперименттерді бақылау негізінде жалпыланған жартылай өткізгіштердін физикалық теориясы туралы студентердің көріністер алу; физикадағы бақылау, өлшеу және эксперимент жасау негізгі әдестері туралы және казіргі техникадағы физикалық құбылыстар және заңдардың пайдалану туралы делектер алу.

1.4 Курстың міндеті: студентті теориялық білімдерді физикалық және техникалық есептерді шешуге үйрету.

1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мынаны білуге тиісті:



білуге:

  • нейтрондардың затпен әсерлесуінің негізгі турлерің, олардың ерекшеліктерін, бақылау және тәжирибелік зерттеу әдістерін;

  • нуклондардың қасиеттерің анықтаудың басты әдістерін, олардың зат пен әсерлесуінің негізгі заңдарын және олардың математикалық өрнектелуін;

  • нейтрондардың негізгі ғылыми – техникалық қолданылуын.

игеріп алуға: негізгі құбылыстар туралы білімдерді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарын, шамаларын, олардың математикалық өрнектелуін және өлшеу бірліктерін, эксперимент жасаудың және өлшеу нәтижелерін өндеудің негізгі әдестерін, нақты есептердің мазмұнының ядролық физика заңдарымен сәйкестігін табу, негізгі физикалық приборларды пайдалануды;

менгеріп алуға: физиканың негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, ядролық құбылыстарды, олардың математикалық өрнектелуін, олардың казіргі өндіріспен ғылымдағы орны мен ролі;

жасауға білу:

  • нақты есептердің мазмұнының физиканын жалпы заңдарымен дұрыс сәйкестігін табу және физикалық шамаларының ретін дұрыс бағалау;

1.6. Курстык пререквизиттері:



  • Жалпы физика курсының, «механика», «молекулалық физика», «электр және магнетизм», «оптика», «атомдық физика» бөлімдері;

  • Теориялық физиканың «кванттық механика», «статистикалық физика» бөлімдері;

  • Математикалық анализ.

1.7. Курстың постреквизиттері:



  • Специализацияның барлық пәндері.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
Кесте 1




Тақырыптың аталуы

Сағат саны

Әдебиет




ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ







1

2

5

6

7




1

Дәріс № 1 Кіріспе. Физика пәні. Физикалық зерттеу әдістері.

Кинематика. Механикалық қозғалыс-материя қозғалысының қарапайым түрі.. Материалдық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық және үдеу-радиус вектордың уақыт бойынша туындысы. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.

Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы.

Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері.. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы. Зертх. №2 «Денелердің инерция моментін анықтау. Обербек маятнигі».

Өздік жұмыс № 1 Материалық нүкте кинематикасы, динамикасы

Машықтану сабағы № 1 Материалық нүкте кинематикасы, динамикасы




2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





2

Дәріс № 2 Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялық салдары ретінде қарастыру. Материалық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы. Энергия - әр түрлі формалы қозғалыстар мен өзара әсерлесудің әмбәбап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект.

Өздік жұмыс № 2 Консервативті және консервативті емес күштер.

Машықтану сабағы № 2 Сақталу заңдар


2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





3

Дәріс № 3 Тұтас орталар механикасының элементтері.

Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Идеал және тұтқыр сұйық. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Тұтқырлықты анықтау әдістері. Стокс өрнегі. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы. 3 «Стокс әдісі көмегімен сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтау»

Тербелістер мен толқындар. Қума және көлденең тербелістер. Толқындар. Толқын теңдеуі, оның сипаттамалары және оған мысалдар.

Өздік жұмыс № 3 Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.

Машықтану сабағы № 3 Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар.


2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





4

Дәріс № 4 Статистикалық физика және термодинамика.

Молекула - кинетикалық теорияның элементтері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Температураның молекула - кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекула- ларының орташа кинетикалық энергиясы. Тер- модинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. . Еркіндік дәреже саны. Еркіндік дәрежесі бойынша энергияның үлестірілуі. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

Өздік жұмыс № 4 Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

Машықтану сабағы № 4 Газ заңдары




2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14






5

Дәріс № 5 Термодинамика негіздері.

Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термо динамикал потенциалдар. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы. Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия-тасымалдау құбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы.



Нақты газдар. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекула лардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте.

Өздік жұмыс № 5 Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар.

Машықтану сабағы №5 Термодинамика негіздері. Нақты газдар


2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





6

Дәріс № 6 Электростатика.

Электр зарядының өзара әсер күштері.. Электр зарядының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электроста-тикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потен-циалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байла нысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Электр сиымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сиымдылығы.

Өздік жұмыс № 6 Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сиымдылығы.

Машықтану сабағы № 6 Электростатика



2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





7

Дәріс № 7 Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Сыртқы күштер. Гальваникалық элементтің э.қ.к. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Потенциалдар айырымы, электр қозғаушы күш, кернеу. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр өрісі.

Өздік жұмыс № 7 Газдар мен плазмадағы электр өрісі.

Машықтану сабағы № 7 Тұрақты электр тоғы


2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





8

Дәріс № 8 Магнит өрісі.

Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Магнит өрісінің ток элементіне және тогы бар контурға әсері. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Холл эффектісі. Ампер күші. Магнит өрісіндегі тогы бар орам. Біртекті магнит өрісіндегі тогы бар рама. Рамаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде орын ауыстыру кезіндегі істелетін жұмыс.



Заттағы магнит өрісі.

Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

Өздік жұмыс № 8 Холл эффектісі.

Машықтану сабағы № 8 Вакуумдағы магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі.



2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





9

Дәріс № 9 Электромагниттік индукция құбылысы.

Фарадей заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Индуктивтілік. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы. Фуко токтары.



Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі.

Электромагниттік тербелістер.

Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы.

Өздік жұмыс № 9 Электромагниттік индукция құбылысы

Машықтану сабағы № 9 Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тоғы.



2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





10

Дәріс № 10 Электромагниттік толқынның қасиеттері.

Электромагниттік толқынның теңдеуі. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы.

Толқындық түйдек. Жарықтың топтық жылдамдығы. Жарық толқындарының интерференциясы. Уақыттық және кеңістік когеренттік. Интерферометрлер.

Өздік жұмыс № Интерферометрлер

Машықтану сабағы № 2 Жарық интерференциясы


2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





11

Дәріс № 11 Толқындардың дифракциясы.

Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналық әдісі. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы. Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік жіктелу. Голография.



Заттағы электромагниттік толқындар.

Заттағы жарықтың таралуы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Поляризацияланған жарықты алу әдістері.

Өздік жұмыс № 11 Поляризацияланған жарықты алу жолдары.

Машықтану сабағы № 11 Толқындардың дифракциясы. Заттағы электроматниттік толқындар



2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





12

Дәріс № 12 Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Фотонның массасы және импульсі. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Атомның сызықты спектрлері. Сәйкестік принципі.

Корпускула-толқындық екіжақтылық. Де Бройль гипотезасы. Электрондардың дифракциясы. Анықталмаушылық қатынасы. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері.

Шредингер теңдеулері. Шредингердің уақыттық және стационар теңдеуі. Бір өлшемді тік шұңқырдағы бөлшек. Бөлшектің потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі. Деңгейлер ені.

Өздік жұмыс № 12 Электрондардың дифракциясы. Анықталмаушылық қатынасы. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері.

Машықтану сабағы № 12 жылулық сәулелену. Фотоэффект


2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





13

Дәріс № 13 Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі. Сутегіге ұқсас атомдар. Энергетикалық деңгейлер. Кванттық сандар. Паули принципі. Сутегі молекуласы. Атомдар мен молекулалардың спектрлері.2

Өздігінен және ынталандырушы сәулелену. Тосын және мөжбүр сәуле шығару. Лазерлер.

Өздік жұмыс № Лазерлер

Машықтану сабағы № 13 Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы.



2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14


14

Дәріс № 14 Кванттық статистиканың элементтері. Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күйлердің тығыздығы. Бозе-Эйнщтейн және Ферми-Дирактың кванттық статистикасы.

Конденсацияланған күй. Кристалдық торлардың жылу сиымдылығы. Фонондық газ. Металдардың жылу өткізгіштігі. Ферми деңгейі. Металдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы.

Өздік жұмыс № 14 Металдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы.

Машықтану сабағы № 14 Қатты дененің жылулық, электрлік және магниттік қасиеттері..



2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14


15

Дәріс № 15 Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің ауыспалы сипаты. Ядро моделі. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі.

Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы. Ядролық бөлінудің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Ядролық реактор. Синтез реакциясы.

Энергия көздерінің проблемасы.

Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Кварктер. Күшті, электро-магниттік, әлсіз, гравита-циялық өзара әсерлесулер. Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік.

Өздік жұмыс № 15 Энергия көздерінің проблемасы. Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік.

Машықтану сабағы № 15 Қорытынды сабақ


2

1

3

7.1.5

7.1.6


7.1.13

7.1.14





1. Зертх.№1. «Қателіктер теориясына кіріспе. Геометриялық дұрыс формалы денелердің тығыздықтарын анықтау»


2. Зертх. №2 «Денелердің инерция моментін анықтау. Обербек маятнигі».

3. № 3 «Стокс әдісі көмегімен сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтау»

4. № 4 «Тербелмелі қозғалыс заңдылықтарын тексеру»

5. № 5 «Клеман - Дезорма әдісі арқылы анықтау»

6. Зертх№6 Электростатикалық өрісті зерттеу

7. Зертх.№7. № 7 «Ом заңын оқып-үйрену. Уитстон көпірінің көмегімен өткізгіштердің кедергілерін анықтау»

8. Зертх.№8 № 8 Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау.

№ 9 контурды зерттеу

№ 10«Френель бипризмасының көмегімен толқын ұзындығын анықтау»

№ 11 «Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын анықтау»

№ 12 «Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау»

№ 13 «Сутегі спектрін зерттеу. Ридберг тұрақтысын және электрон массасын анықтау»

№ 14 «Шала өткізгіштердің кедергісінің температураға байланыстылығын зерттеу»

Қорытынды сабақ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет