«Ақшұқыр мектеп – лицейі» мемлекеттік мекемесі
Мектепалды даярлық тобының
Қарапайым математика пәнінен ашық сабақ
Өткізген: Кагазова Жадыра Аликовна
Ақшұқыр селосы
Бекітемін ___________
Өтетін күні:
Пәннің аты: Математика
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: 26- сабақ. Сандардың құрамын қайталау.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау; заттың қасиеттерін (жуан – жіңішке, ұзын – қысқа, үлкен – кіші) қайталау;
10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту; саусақ қимылын дамыту.
Оқушыларды тапқырлыққа, шапшандылыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: лента, бауырсақтың суреті, презентация.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, презентация, әліппе-дәптер, т.б.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Пән аралық байланыс: балалар көркем әдебиеті
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс - әрекеті
|
Балалардың
іс - әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Менің ойым - мейірімді,
Менің жүрегім – мейірімді,
Мен – мейірімді адаммын!
|
Балалар назарын сабаққа аударады.
Шаттық шеңберіне тұрып ғажайып сөздерді қайталайды.
|
Ізденістер, ұйымдастыру
|
Математика сабағында біздер қандай сандармен таныстық?
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
сандары тура және кері санауға арналған тапсырмалар беріледі.
Сабақ ертегі сабақ түрінде өткізіледі. Интерактивті тақтада бауырсақтың суреті көрсетіледі.
Сұрақ – жауап
Балалар, мені таныдыңдар ма?
Мен қандай ертегі кейіпкерімін?
Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Ендеше, бүгінгі сабағымызда өздерің жақсы көретін ертегі кейіпкерлерімен кездесесіңдер.
Атасынан, әжесінен қашып жолға шыққан бауырсақтың алдынан кенет қоян кездесті. Балалар қоянның қарыны аш екен. Қоян бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ бауырсақты босатады.
Дәптермен жұмыс
№1 тапсырма
Ең ұзын таспаны қызыл түспен, ең қысқа таспаны жасыл түспен, оданда қысқа таспаны көк түске боя.
Балалар қоянның тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. Ол сендерге риза болып бауырсақты босатты.
Бауырсақ әрі қарай домалап жүре бергенде алдынан аю кездеседі. Оның да қарыны аш екен бауырсақты жемекші. Аюдыңда бізге қояр шарты бар. Аюдың шартын орындасақ бауырсақты босатады. Не істейміз, балалар көмектесеміз бе?
№2 тапсырма
6 және 7 сандарының құрамы бойынша ауызша жұмыспен ұштастырылады. Содан соң балалар өздігінен 8 санының құрамын дәптерге орындайды.
Сергіту сәті
Есептедік, шаршадық,
Орнымыздан тұрайық.
Қимылдатып аяқты,
Шапалақты ұрайық.
Отырайық, тұрайық,
Соқтығысып қалмайық,
Сәл демалып алған соң,
Жазуды қайта жалғайық
Ал балалар енді бауырсағымыздың алдынан қасқыр шығады. Ол да бауырсақты жемекші. Қасқырдың бізге қояр шартын бірге орындайық.
№3 тапсырма
Суретте неше құлпынай жидегі бар? Неше таңқурай жидегі бар? Санды жеміс санымен сәйкестендіріп, үлгіге жазады. Барлығы неше жеміс-жидек екенін сана. Екінші сурет бойынша да жұмыс жүргізіледі.
Енді бауырсақтың алдынан түлкі шығады. Түлкінің де қарыны аш екен, бауырсақты жемекші. Түлкінің де шартын орындап көрейік.
№4 тапсырма
Тапсырманы орындамас бұрын ұжым болып ең үлкен шелек қайсысы екенін табамыз. Оны шеңбермен белгілейік. Бізге қандай қарандаштар қажет?
Педагог тапсырманы интерактивті тақтадан көрсетеді: үлкен шелек және оның жан-жағына көк, сары шелектер қойылады.
Мінекей балалар қу түлкі де бауырсаққа тиіспеді.
Ал бауырсақ болса келген ізімен домалап орманды аралап ата – әжесіне аман – есен қауышады.
|
Балаларға 1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды.
Ертегілерді естеріне түсіру.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар ертегіні тыңдай бастайды, кедергілерден өту үшін тапсырмаларды мұқтият орындайды.
Балалар өздеріне риза болады.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Аюдың тапсырмасын орындайды.
Балалар сергіту сәтін орындайды. Қимылдармен көрсетеді.
Қасқырдың тапсырмасын орындайды.
Балалар ұжымдасқан түрде тапсырманы орындайды.
- Көк, сары, қызыл
Балалар бауырсақтың ата-әжесіне аман-есен қауышқанына қуанады.
|
Рефлексті қозғаушы
|
Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Балалар біз сандар туралы көп білетіндігіміздің арқасында, мейірімділігіміздің арқасында бауырсақты да құтқардық. Бауырсаққа ақылды бол дейміз.
Бауырсақ тарату.
|
Балалар сабақтан жақсы әсер алады.
Сабаққа жақсы қатысқан балалар мадақталады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: 1-10 дейінгі сандардың құрамын қайталау.
Болуы керек: Әліппе-дәптер, түрлі-түсті қарандаштар, жапсырмалы сандар.
Достарыңызбен бөлісу: |