Сабақ Өткізген: «Вокал» үйірмесінің мұғалімі Л.Қ. Кашкенова



Дата10.06.2017
өлшемі79,53 Kb.
#19000
Балалар мен жасөспірімдер орталығы


Қазақ музыкасының мақтанышы

Ғазиза Жұбанова


Ашық сабақ

Өткізген: «Вокал» үйірмесінің мұғалімі

Л.Қ.Кашкенова

18 қазан 2016 жыл

Тақырыбы: Қазақ музыкасының мақтанышы - Ғазиза Жұбанова



Ашық сабақ 18.10.2016ж.

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ музыкасының биік тұлғасы – Ғазиза Жұбанованың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.

2.Оқушылардың сөйлеу,ойлау,музыканы түсіне білу дағдысын дамыту.

3.Оқушыларды өнерді және ұлттық музыка өнерінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Слайд, компьютер,суреттер, плакат, стикер.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, танымдық сұрақтар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, тарих.

Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Дауыс жаттығуы. Жаңа ән үйрену.

Күтілетін нәтиже:

1. Білім негізін қалау;

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа тақырып жайлы білімнің басталғанын сезіндіру;

3. Оқуға бағыттап отыру.



І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабақта жоқ оқушыларды анықтау. 0,5 мин.


II. Үй тапсырмасын тексеру:

Ж.Жексенұлының «Қазақстаным» әнін ролге бөліп орындатыру.

Оқушы ьілімін тксеру

Жаңа сабақ мақсаты

Жана сабақ

6 жаңа сбақтың түсінгенің тексеру

7. бекіту

8.» тапсырма


ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Миға шабуыл. «Кім жылдам» ойыны. «Ф» әрпін сызып тастау арқылы тақырыпты табу.

ФҚфафзфафқ фмфуфзфыфкфафсфыфнфыфң /Қазақ музыкасының

Фмфафқфтфафнфыфшфы мақтанышы

фҒфафзфифзфа фЖфұфбфафнфофвфа Ғазиза Жұбанова

Олай болса бүгінгі біздің жаңа сабағымыз:

Қазақ музыкасының мақтанышы - Ғазиза Жұбанова



ІҮ. Жаңа сабақ:

Жұбанова Ғазиза Ахметқызы (1927-1993). Композитор, Қазақстанның және ССРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, профессор Ю. А. Шапориннің композиция класын бітірген. Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант- орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г.Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж.Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады.

Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол – үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - "Батырлық поэмасы" симфониялық поэмасын, "Жігер" симфониясын, "Еңлік- Кебек", "Жиырма сегіз" операсын, "Ақ құс туралы аңыз" балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді. Әрбір композитордың өзіне қымбат туындылары болады. Ғазиза Жұбанова үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған он екі фортепианолық пьесасы сондай қымбат туындыларының бірі деп айтуға болады.

60 жасқа толған мерейтой кезінде Ғ. Жұбанова туған жері Ақтөбе облысының Ақжар ауылына сапар шегеді. «Туған топырағыма тізе бүгіп, жер-анаға иіліп сәлем бердім. Балалық шағым көз алдыма келді», – деп есіне алады Ғазиза Жұбанова.

Әрбір пьесасының өз атаулары мен терең мазмұны бар. Мысалы, «Әуен» атты пьесасында анасының айтқан әнін толғайды. Ал, «Марш» болса, асыр салып ойнаған балалық кезін суреттейді. «Аңыз» пьесасында әжесінің Жерұйық жайлы айтқан әңгімесін баяндайды. «Күй» – әкесі, қазақтың атақты композиторы Ахмет Жұбановқа арнайы келіп, күй орындаған күйшілердің әсем саздарын бейнелейді. Ал «Жыр» пьесасында қазақтың қаһарман батырларының ерлігін сомдайды. Ең соңғы «Токкато» пьесасы зымырап өтіп бара жатқан уақытты көрсетеді.

Ғазиза Жұбанова балаларға арнап жазған әрбір туындысы туған еліне, жеріне деген ыстық махаббатынан туындаған көркем шығармалар болып табылады.



Музыка тыңдайық!

Ғ. Жұбанованың «Мерекелік увертюра».



Біліп ал!

Ғазиза Жұбанова (1927-1993) – Қазақстанның әйгілі композиторы. Қазақстанның халық әртісі. Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. Ғазиза Жұбанованың шығармашылығына әкесі Ахмет Жұбанов ықпал еткен. Ол «Еңлік-Кебек”, “Жиырма сегіз” және “Құрманғазы” операларын, “Ақ құс туралы аңыз”, “Хиросима”, “Қарагөз” балеттерін, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфониялық поэмаларын жазды. Көптеген фортепиано мен скрипкаға арналған шығармалар, поэмалар мен кварттеттер, фантазиялар мен әндер, т. б. музыкалық туындылардың авторы.



Ү. Қорытындылау: Сұрақтар:

  1. Ғ. Жұбанова кім?

  2. Ғ. Жұбанова қай жерде туған?

  3. Ғазиза Жұбанованың шығармашылығына кім ықпал еткен?

  4. Ғ. Жұбанованың балаларға арналған фортепианолық шығармалары дүниеге қалай келді?

  5. Фортепиано шығармаларының бөлімдері қалай аталады?

Сергіту сәті: «Кел ойнайық» -ырғақты қимыл жасау.

Кәне, қызық ойын бар,

Қатарласа қойыңдар.

Отырыңдар, тұрыңдар,

Маған мойын бұрыңдар.
Қолымызды созайық,

Ноталарды санайық.

До, ре, ми, фа, соль, ля, си

Әніне біз салайық.


Ноталарды үйреніп,

Біз білімге қанайық.

Әуенімен дыбыстың,

Билеп, билеп алаыйқ.


Оңға басты бұрайық,

Солға басты бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызға қонайық.



ҮІ. Мақал мәтелдерді толықтыру.

Туған жердей жер болмас

Туған .......... ел болмас.

Кемеңгер елін мақтайды

Дихан.......... жерін мақтайды.

Жер құтты болса

Мал .......... болады.

Туған жер –тұғырың,

Туған ел -..................

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер........... болмас.

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде.......... бол.

Туған жерге туың........

Жерге еткен жақсылық.......... қалмайды.

Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек.......


ҮІІ. Сөзжұмбақ шешу.

1.Әннің ұйқасқа құралған сөзі(өлең)

2. Ғ.Жүбанова нелерге арнап музыка жазды(Кино)

3. Ғ.Жүбанова ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының (лауреаты)

4. Ғ.Жүбанованың шығармасы(Жігер)














ө






















н






















е






















р





Дауыс жаттығулары:

ДО. РЕ, МИ, ФА, СОЛЬ, ЛЯ, СИ, ДО.

ДО, СИ, ЛЯ, СОЛЬ, ФА, МИ, РЕ, ДО.

ДО, МИ, СОЛЬ, ДО.

ДО, СОЛЬ, МИ, СОЛЬ, ДО.

ҮІІІ. Жаңа ән үйрену: «Туған ел» Н.Тілендиев. Әнді ережелерді сақтай отырып орындайды

1.Әнді оқушыларға тыңдату.

2.Өлшемі,екпіні, характері,сазымен жұмыс.

3.Дикциямен жұмыс.

4.Динамикамен жұмыс.

5.Әнді толықтай айтқызу.



Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма беру: «Қазақ музыкасының мақтанышы Ғ. Жұбанова» туралы түсінік, жаңа әнді жаттау

Ү. Дидактикалық ойын «Жоғалған нотаны тап»

До, Ре, Соль, Си, Ля .... ....

Соль, Ля, Си, До, Фа .... ....

Соль, Си, До, Ре, Ми .... ....

Ре, Ми, Соль, Ля, Си .... ....

Ля, До, Ми, Фа, Соль .... ....



Ми, Фа, Соль, До, Ре .... ....

Си, Ля, Фа, Ми, Ре .... .....
Каталог: uploads -> doc -> 042a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
042a -> Сабақтың тақырыбы Ү дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет