Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы Өткізілетін орны



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі317,29 Kb.
#16064
түріСабақ
  1   2   3
32 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Изотоптар. Атом ядросының байланыс энергиясы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларда атом ядросының құрылысы, изотоптар, ядролық күштер туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: химия
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1165, 1166, 1167-есептер.


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Атом ядросының құрылысы.

  • Ядролық күштер.

  • Изотоптар.

  • Атом ядросының байланыс энергиясы.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 35 минут
6. Жаңа материалды бекіту – 15 минут

І. Бекіту сұрақтары:

  1. Атом ядросы дегеніміз?

  2. Атом ядросының құрамы қандай?

  3. Изотоптар дегеніміз?

  4. Ядолық күштер дегеніміз?

  5. Массалар ақауы дегеніміз?

  6. Протон мен нейтронның арасында қандай айырмашылық бар?

  7. Нуклондар дегеніміз?

  8. Массалық сан дегеніміз не?

  9. Ядроның байланыс энергиясы нені анықтайды?

  10. Меншікті байланыс энергиясының мәнін түсіндіріңдер.

ІІ. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1172, 1176, 1177-есептер.


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 1178, 1179, 1180-есептер.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Атом ядроларының жалпы сипаттамалары
Кез келген химиялық элеметтің атомдық ядросы оң зарядты протондар мен электр зарядсыз нейтрондардан тұрады. Протон заряды абсолют шамасы бойынша электрон зарядына тең. Протондар мен нейтрондарды жалпылама нуклондар деп атайды.ядродағы Z протондар саны (ядроның заряды Ze) Менделеевтің периодтық жүйесіндегі сәйкес химиялық элементтің атомдық нөміріне тең. Ядродағы нейтрон саны N әрпімен белгіленеді.

Ядродағы нуклондардың жалпы саны ядроның массалық саны деп аталады: А=Z+N. Ядроны белгілеудің символы: , мұндағы Х – берілген химиялық элемент атомының периодтық жүйедегі белгіленуі. Зарядтары бірдей, массалық сандары әртүрлі ядролар изотоптар деп аталады. Мысалдар: сутегінің изотоптары. және ; уран изотоптары. .

Протон мен нейтронның тыныштық массалары:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет