Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ Сабақ өткізілетін уақыты


Оптикалық біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады



бет2/3
Дата10.04.2023
өлшемі231 Kb.
#174095
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Линзалар
5 Зертханалық жұмыс, 1235
Оптикалық біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады.
Жарықтың сыну заңдары:
Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуля бір жазықтықта жатады.
Түсу және сыну бұрыштары синустарының қатынасы тұрақты шама, және ол салыстырмалы сыну көрсеткішіне тең болады.
Б ұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған.


Жарықтың шағылу заңдары:
Түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуля бір жазықтықта жатады.
Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады.
Жарықтың сыну және шағылу заңдары жарық жұтылмайтын біртекті орта үшін дұрыс.



Егер жарық сәулелері оптикалық неғұрлым тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аздау ортаның шекарасына, мысалы, шыныдан суға түссе, онда жарық екінші ортаға өтпейді. Бұл құбылыс толық шағылу деп аталады.


Егер линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустары R1 және R2 олардың қалыңдықтарынан анағұрлым аз болса, онда ол жұқа линза деп аталады.



Жинағыш (a) және шашыратқыш (b) линзалар


Линзалар. Екі сфералық бетпен шектелген молдір дене линза деп аталады. Жеке жағдайларда бір беті жазық болуы мүмкін, практикалық маңызы бар көптеген жағдайларда линзаны шектеуші беттердің екеуі де сфералық бет болып келеді. Егер линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустарды R және R олардың қалыңдықтарынан анағұрлым аз болса, онда ол жұқа линза деп аталады.


Линзаны шектеуші сфералық беттердің қисықтық C және C центрлері арқылы өтетін түзу линзаны оптикалық бас осі деп аталады.
Жұқа линзадағы оптикалық бас осътің екі жақ бетпен қиылысу нүктелері О мен О линзаның оптикалық центрі деп аталатын О нүктесінде түйіседі деп есептеуге болады. Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін, бірақ оптикалық қосымша осьтер деп аталады. Оптикалық осьтердің кез-келгенінің бойымен таралатын жарық сәулесі линзадан сынбай өтеді.
Праксиал жарық шоғының оптикалық бас оське параллель таралатын сәулелері осы осьте жатқан және линзаның фокусы деп аталатын нүктеде қиылысады.
Линзаның фокусы арқылы оптикалық бас оське перпендикуляр түсірілген MN жазықтық фокустық жазықтық деп аталады.
Л инзаның оптикалық центрінен оның фокусына дейінгі OF=f қашықтық линзаның фокус аралығы деп аталады:

Ж ұқа линзаның формуласы параксиал сәулелер үшін дұрыс.


Егер линзаның фокус аралығы оң болса, , онда линза оң (жинағыш ) деп, фокус аралығы болса, онда теріс (шашыратқыш) деп аталады.


Ауадағы шыны линзалар үшін қос дөңес, жазық дөңес жинағыш линзалар болып табылады.
Шашыратқыш шыны линзалар:қос ойыс, жазық ойыс, және дөңес ойыс линзалар болып табылады. Жинағыш линзалардың фокусы шын, ал шашыратқыш линзалардыкі – жалған болады.
Параксиал сәулелер үшін жұқа линза формуласының тағы бір түрі:
немесе ,
мұндағы , , линзаның фокус аралығы, плюс таңбасы-жинағыш линза үшін, минус таңбасы шашыратқыш линза үшін. шамасы линзаның оптикалық күші деп аталады. Жинағыш линза үшін , шашыратқыш линза үшін . D оптикалық күші f=1 м болғанда бір диоптрияға тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет