Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ Сабақ өткізілетін уақыты



бет5/15
Дата06.05.2020
өлшемі160,5 Kb.
#66183
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері

Ультракүлгін сәулелер. Спектрдің күлгін бөлігінің сыртында байқалатын, толқын ұзындығы күлгін жарықтың толқын ұзындығынан (l<3,9*10-7м) қысқа болып келетін сәулелер ультракүлгін сәулелер деп аталады. Ультракүлгін сәулелердің химиялық активтігі жоғары.

Ультракүлгін сәуле – көзге көрінбейтін электромагниттік сәуле, ол электромагниттік толқындар шкаласында көрінетін сәуле мен рентген сәулесі аралығын алып жатыр.


Ультракүлгін сәуленің толқын ұзындығы - 100 ден 400 нм (1 нм = 10 м) аралығында. Жарықтандырудың Халықаралық комиссиясының (CIE) классификациясы бойынша ультракүлгін сәуле үш диапазонға бөлінеді:

UV-A – ұзын толқынды (315 - 400 нм)


UV-B – орта толқынды (280 - 315 нм)
UV-C - қысқа толқынды (100 - 280 нм)
Ультракүлгін сәуленің барлық облысы шарты түрде былайша бөлінеді:
- жақын (400-200нм);
- алыс немесе вакуумды (200-10 нм).

  • Жақын ультракүлгін сәулені 1801 жылы неміс физигі Н.Риттер мен ағылшын ғалымы У.Волластон бұл сәуленің күміс хлоридіне фотохимиялық әсерін зерттеу барысында ашылды.

  • Вакуумдағы ультракүлгін сәулені неміс физигі В.Шуман құрастырған флюоритті призма мен желатинсіз фотопластинкасы бар ваккумді спектрографтің көмегімен ашылды. Құрал 130 нм. қысқа толқынды сәулені тіркеді.

  • Ультракүлгін сәулені емдік мақсатта ең алғаш рет 1890 жылы Россияда П.В.Эвальд атты дәрігер қолданды.

Қасиеті:

Химиялық белсенділігі жоғары, көзге көрінбейді, өтімділік қабілеті жоғары, микроағзаларды өлтіреді, аз дозада адам ағзасына пайдалы (загар), бірақ үлкен дозада кері биологиялық әсер көрсетеді: жасушаның дамуы және зат алмасу өзгереді, көзге әсері жоғары.



Ультракүлгін сәуле спектрі:

  • сызықтық (атомдары, иондары және жеңіл молекулалары);

  • жолақ (ауыр молекулалары);

  • үздіксіз (электрондардың тежелуі кезінде және рекомбинациясы кезінде туындайды).

Ультракүлгін сәуле көздері:

  • Температурасы t>10000С болатын барлық қатты денелер, сондай-ақ сынап буында

  • Жұлдыздар (соның ішінде Күн)

  • Лазерлі құрылғылар;

  • Трубкасы кварцтан (кварцты лампа), сынапты болып келген газ разрядты лампа.

Ғарыштан келетін жарықтың 40%-і көрінетін жарықты, 50%-ы инфрақызыл сәулені, 10%-ы ультракүлгін сәулені құрайды. Озон қабаты ультракүлгін сәуледен жер бетін қорғайды.

Медицина: бактерицидті, мутагенді, терапевтикалық (емдік), профилактикалық әсері бар, дезинфекция; лазерлі биомедицинада қолданылады. Ультракүлгін сәуленің ағзада жеіспеушілігі авитаминозға, иммунитеттің төмендеуіне, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне, психикалық тұрақсыздыққа әкеп соғады.

Ультракүлгін сәуле фосфорлы -
кальцийлі алмасуға жақсы әсер етеді, теріде D витаминінің пайда болуын реттейді, ағзадағы барлық метаболиялық процесстерге көмектеседі. Ультракүлгін сәуле ағзаның қорғаныс механизмінің белсенділігін жоғарылатады. Май алмасу көрсетіші жақсартады, тыныс алу функциясы жақсарады және т.б.

Адамға әсері:

Оң әсері:

- Ультракүлгін сәуле ағзада кальциийдің түзілуін қамтамасыз ететін Д витаминінің пайда болуын реттейді және қаңқа сүйегінің дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.

- ультракүлгін сәуле күндік биологиялық ритмге әсер ететін гармондар талдамасына белсенді әсер етеді.

- бактерицидті функция

- зерттеулер қанды ульракүлгін жарықпен сәулелендіргенде қандағыадамның эмоциялық үйіне әсер ететін “сергектік гармоны ” – серотониннің 7%-ға көбейгенін көресетті, оның ағзада жетіспеуі депрессияға, көңіл-күйдің құбылуына әкеп соғуы мүмкін. Сондай ақ ульракүлгін сәуле эндокринді және оралық нерв жүйесінің тежелуіне әкеп соғатын – мелатониннің 28%-ға төмендеті.

Кері әсері:

— аз уақытта алынған үлкен дозадағы сәулелену (мысалы, күн сәулесінің әсерінен болған күйік).

— көзге әсері.

Қолданылуы:



Тамақ өндірісінде: Суды, ауаны, ғимаратты, қаптаманы залалсыздандыруға ульракүлгін сәулені қолданады. Ультракүлгін сәуле физикалық фактор ретінде микроағзалардың өмір сүру ортасын залалсыздандыруға өте үлкен дәрежеде әсер етеді, мысалы 99,9% пайызға дейін.

Косметологияда: Косметологияда әдемі, тегіс загар алу үшін қолданылады.

Криминалистикада: Ғалымдар өте аз дозадағы жарылғыш заттарды анықтап, табатын технология ойлап шығарды. Құрал ауадағы, судағы, қылмысқа қатысы бар адамның киіміндегі, терісіндегі жарылғыш заттардың мөлшерін анықтайды.

Шоу-бизнесте: Жарықтандыру, жарық эффектісі

Полиграфияда: мөр мен штамп дайындауда қолданылады

1877 жылы ағылшын ғалымдары Даун және Блант бактериялар күн сәулесінің әсерінен көбейе алмай қалатынын айтты. Кейін зерттеу барысында микроағзалардың көрінетін жарық, сонымен бірге ультракүлгін сәулеге өте сезімтал екендігі анықталыды.

Ультракүлгін сәуледен қорғану:

Күнге қарсы экран қолдану:

- химиялық (химиялық заттар және кремдер);

- физикалық (сәулені жұтатын, шағылдыратын түрлі кедергілер).

Арнайы киім (мысалы, поплиннен дайындалған).

Көзді қорғауға көзәйнек, шлемдер қолданылады.

Ультракүлгін сәуленің барлық толқын ұзындығынан толығымен қорғану үшін қалыңдығы 2 мм. флинтглаз (қорғасыны бар әйнек) қолданылады.

Ультракүлгін сәулені емдік мақсатта қолдану барысында белгілі дозада пайдалану көптеген ауру түрлерінде жақсы терапевтикалық эффект береді. Ультракүлгін сәуле ауырғандық сезімін басуға, қабынуғу қарсы, иммунитетті жоғарылатуға және т.б. көмекеседі. Оны қолдану терідегі беткі жарақаттың тез жазылуына және жүйке және сүйек ұлпаларын регенерациялауға септігін тигізеді. Ультракүлгін сәулені төмендегі ауру түрлеріне қолдануға болады: буын, тыныс алу, әйелдердің жыныс мүшелерінің, жүйке жүйесі, түрлі жараларға және т.б. Алдын алу мақсатында: рахит, сүйе туберкулезі, ағзаның түрлі инфекцияларға қарсылығын нығайтуға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет