Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ Сабақ өткізілетін уақыты



бет4/15
Дата06.05.2020
өлшемі160,5 Kb.
#66183
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері

5. Сабақты қорытындылау. Студенттердің жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан студенттерді мадақтау.
6. Үй тапсырма беру. «Күннің және жұлдыздардың спектрлері» конспектілеу (С.Тұяқбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт, В.Кем, В.Загайнова «Физика» /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп, 2011 ж.)
7. Бағалау.

Оқытушы: ______________ Бектилеуова С.К.

Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері
Инфрақызыл сәулелер. Спектрдің қызыл бөлігінің сыртында байқалатын, толқын ұзындығы қызыл жарықтың толқын ұзындығынан (l>7,9*10-7м) үлкен болып келетін сәулелер инфрақызыл сәулелер деп аталады. Инфрақызыл сәулелер электромагниттік толқындар шкаласында радиотолқындар мен көрінетін жарық арасындағы бөлікті алып жатады.

Инфрақызыл сәулені 1800 жылы ағылшын физигі Уильям Гершель ашқан болатын.

Инфрақызыл сәулелерді кез келген қызған дене шығарады.

Инфрақызыл сәуленің екі маңызды сипаттамасы бар: толқын ұзындығы (тербеліс жиілігі) және сәуленің интенсивтілігі.

Инфрақызыл сәулелер толқын ұзындығына байланысты үшке бөлінеді:

- жақын (0,75—1,5 мкм);

- орташа (1,5 – 5,6 мкм);

- алыс (5,6—100 мкм).

Инфрақызыл сәуле спектрі жекелеген сызықтардан, жолақтардан тұруы немесе үзіліссіз болуы мүмкін, ол инфрақызыл сәуле шығару көздеріне байланысты болады. Қоздырылған атомдар немесе иондар сызықтық инфрақызыл спектр шығарады. Ал қоздырылған молекулалар жолақ инфрақызыл спектр шығарады. Қыздырылған қатты және сұйық заттар үзіліссіз инфрақызыл сәуле шығарады.

Бағзы замандардан бастап адамдар жылудың, ғылыми тілмен айтқанда инфрақызыл сәуленің адам ағзасына пайдалы екенін білген. Адам көзі бүл спектрді қабылдай алмайды, бірақ дене жылуды сезеді. Инфрақызыл сәулелер сыну және шағылу заңдарына бағынады және затқа жұтылады. Жұтылған инфрақызыл сәулелер денені қыздырады. Бұл сәулелер жылу алмасу, жылу энергиясын беру қызметтерін атқарады.

Инфрақызыл сәулелері көмірқышқыл газына жұтылады, сол себептен жерге көп мөлшерде инфрақызыл сәуле жіберілмейді.

Инфрақызыл сәулелер ультракүлгін және рентген сәулелеріне қарағанда адам ағзасына зиянсыз болып келеді.



Инфрақызыл спектроскопия. Инфрақызыл сәулелердің шығару және жұтылу спектрі атомдардың электрондық қабатын зерттеу кезінде қолданылады. Сондай ақ күрделі молекулалық қосылыстардың сандық және сапалық талдамасын жасауда қолданылады, мысалы, мотор майы.

Инфрақызыл фотография. Инфрақызыл сәуледе суретке түсірудің артықшылығы кәдімгі жарықта суретке түсіргенде көрінбейтін нәрселер көрінеді. Атап айтар болсақ: жалған қолтаңбаны анықтау үшін, мөр мен штамптың дұрыстығын, өшіріліп немес сырылып қалған жазбаларды (егер бүл жазбалар инфрақызыл сәулені жұтқан болса, графит, типографиялық қара бояу және т.б.) қайта қалпына келтіруде, атылған оқтың іздерін анықтауда және т.б. қолданылады.

Өнеркәсіпте. Материалдарды қыздыру мен кептіруде қолданылады.

Дефектоскопияда. Бұйымдардың көрінбейтін ақауларын анықтауда қолданылады.

Көру құралдары. Биноколдер мен көздегіштер дайындауда инфрақызыл сәулеге сезімтал фотокатодтың арқасында қалыпты жағдайда көзге көрінбейтін заттар, инфрақызыл сәуледе көрінеді.

Адам денесі үздіксіз инфрақызыл сәулені жұтып және шығарып отырады. Бұл тұрақты процесс жылу алмасу деп аталады да, адам денесінің және қоршаған ортаның температурасына байланысты болады. Адам денесінің инфрақызыл сәуле шығаруындағы толқын ұзындығының жоғарғы шегі 9,3 мкм-ге жуық болып келеді. Инфрақызыл сәулелердің денеге алғашқы әсерінде дене температурасы және биологиялық молекулалардың функционалдық белсендігі жоғарылайды.

Қызыл және қысқа толқынды инфрақызыл сәулелер терінің беткі қабатында жұтылады, бірақ оның біршама бөлімі (25-30%) тереңірек еніп (3-4 см) тері асты малы қабатқа жетеді. Орташа және ұзын толқынды инфрақызыл сәулелер терінің сыртқы қабаты эпидермисте жұтылады. Инфрақызыл сәулелердің өтімділігі тек олардың толқын ұзындығына ғана емес, терінің ылғалдылығына, пигментация дәрежесіне және басқа да факторларға байланысты. Инфрақызыл сәулелердің адам терісіне әсерінен теріде төмендегі ерекшеліктерге ие инфрақызыл эритема пайда болады: 1) сәулелену кезінде пайда болады; 2) теріде дақ пайда болады, оның терімен шекарасы білінбейді; 3) сәулелендіру аяқталған соң кетіп қалады.

Инфрақызыл сәулелерді емдік гимнастикамен және массажбен бірге қолдану тиімді болып келеді.

Инфрақызыл сәулелердің әсерінен ұлпаларда биологиялық белсенді заттар (брадикинин, каллидин, гистамин, ацетилхолин және басқа да қан айналысын әсер ететін белсенді заттар) пайда болады. Брадикининнің күшті тамырды кеңітушілік әсері бар, ол тек сәулемен әсер еткен жерлерге ғана емес, сондай-ақ дененің басқа да бөліктеріне әсер етеді. Инфрақызыл сәулелердің жылулық та әсері бар, нәтижесінде терінің, кілегейлі қабат, қасаң қабық, орталық нерв жүйесінің – гипоталамус және жұлынның (оған келіп түскен қанның температурасының жоғарылауы нәтижесінде) терморецепторлары қозады. Терморецепторлардан шыққан импульс орталық термореттегішке (гипоталамус пен жұлын) келіп түседі. Осыдан кейін термореттегіш реакция нәтижесінде тері тамырлары кеңейеді, қан айналысының көлемі және тердің бөлінуі көбейеді.

Ұзын толқынды инфрақызыл сәулелердің адам ағзасына жұтылуы кезінде «резонансты жұтылу» деп аталатын құбылыс пайда болады. Бұл кезде ультракүлгін сәулелердің ішкі энергиясы ағзаға жақсы жұтылады. Осы әсердің нәтижесінде ағза жасушаларының потенциалдық энергиясы жоғарылайды да, ағзадағы қажетсіз сулар сыртқа шығады, ферменттер мен эстрогендердің белсенділігі жоғарылайды. Иммуноглобулиннің мөлшері өседі және басқа да биохимиялық реакциялардың белсенділігі жоғарылайды. Бұл барлық түрдегі ағза жасушалары мен қанға тән.



Инфрақызыл сәуленің емдік қасиеті:

Ұлпалардың иілгіштігі (эластичность) артады. Бұл сіңірдің, байламдар мен бұлшық еттердің зақымдалуы кезінде қолданылады.

Буынның қаттылығын төмендетеді.

Бұлшық еттің созылуын төмендетеді.

Ауырғандық сезімін азайтады.

Қан айналу процесін жақсартады.

Жеңіл зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіру, етеккір циклі кезінде, нейродермит, инфекциялық экзема, беттің салдануы, диарея, өкпе қабынуы және т.б.

Қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады (жаңа әдіс).

Жапон дәрігерлерінің көрсетуі бойынша: 4000С – 5000С температура аралығындағы инфрақызыл сәулемен денеге әсер еткенде күйік кезіндегі ауырғандық сезімі басылады, емдеу мерзімі азаяды, тыртық ізі азаяды, жоғары қан қысымы төмендейді.

Жүрек пен тамыр ауруларын емдеу.

Тері ауруларына.

Денені қалдықтардан тазартуда.

Целлюлитті емдеуге және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет