Сабақ өткізу технологиясы Құрастырған: Нұрғали Мирамкүл Рахатқызы



бет5/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#34628
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қажетті жабдықтар: қағаз, қалам, желім, түрлі-түсті қаламдар
Дәйексөз: «Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады»


Кітапханашы:
Қайырлы күн, балалар! Мен бүгін сендерге ерекше көтеріңкі көңіл күймен келіп тұрмын. Бүгін сендердің де мейірімді, мырза, алғыр болғандарыңды қалаймын. Бүгінгі сабағымыз асыл қазынамыз. Кітапқа арналады.

Кітап!
Адамзаттың жақын досы!


Келмейді сені оқымай көңіл хошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңе осы.

Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,


Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде осы сырласады.


Дүниедегі барлық сұрақтардың кілті

Мақсаты: Оқушыларды анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасай білуге, іздеген сұрақтарына жауапты анықтама қорын пайдалана білуге, кітапқа деген қажеттілікті, қызығушылықты арттыруға тәрбиелеу, үйрету.


Көрнекілігі: «Үлкендердің ақылгөйі, сөздер шежірелері»
(кітаптар көрмесі). Көрмеге энциклопедиялық, анықтамалық сөздіктер қойылады.
Плакатқа жазылатын сөздер:
«Алтын кілтпен аш та, тап!»
«Іздесең, табасың».


Кітапханшы:
Құрметті балалар! Дүниедегі барлық сұрақтардың кілтін кім ұстағысы келеді? Сол кілтке ие болу барлығымыздың қолымыздың келеді. Оған жету үшін сен сәл еңбектеніп, көңіліңді аударып зер салуың керек. Мұқият болайық!
Сендер сан алуан сұрақтарға жауап іздейсіңдер. Қиналған кездеріңде көмекке келетін кітаптар бар. Олар көп. Соның бірі үлкендердің ақылгөйі, сөз шежіресі энциклопедия деп аталады. Энциклопедияның өз ерекшелігі бар. Ол кітапты бет қалдырмай бастан аяқ оқып шығу шарт емес. Тек өзіңе қажет сұрақты ғана тез алуыңа болады.
«Ол кім? Бұл не?» кітабынан сендер өздеріңді қызықтырған сұрақтарға жауап іздеулеріңе болады. «Ол кім? Бұл не?» үш кітаптан тұрады. Ол кітаптар сендердің ақыл бере әмбебап серіктерің, тұңғыш сөз шежірелерің – энциклопедияларың болып табылады.
Кітаптағы бүкіл әңгіме атаулы «А»-дан «Я»-ға дейін алфавит тәртібімен орналасқан. Бұл мәнін білмек болған сөзді тез табуға мүмкіндік береді. Бірінші кітаптан «А»-дан «Ж»-ға, екінші кітапта «З»-дан «Ө»-ге, үшінші кітапта «П»-дан «Я»-ға дейінгі әріптерден басталатын сөздер жинақталған.
Бұл кітаптарда сендерге жалпыға бірдей қысқарған сөздер кездеседі. Олар: ғ-ғасыр, ж-жыл, км-километр, т.б
Сан алуан сансыз көп сұрақтарға бір адам жауап беруі мүмкін емес. Сондықтан бұл энциклопедияны жазуға көптеген адамдар қатысқан. Олар: жазушылар, инженерлер, мұғалімдер, т,б сан алуан саладағы ғалымдар.
Әр кітаптың – томның аяғында мазмұны берілген. Әр кітаптың қасында беттің саны көрсетілген. Әр әріп басталған сайын түрлі түсті бетте сол әріптен келетін сөздер жазылған. Қажетіңді сол жолмен тауып алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет