Сабақ өткізу технологиясы Құрастырған: Нұрғали Мирамкүл Рахатқызы



бет3/6
Дата13.11.2016
өлшемі1,16 Mb.
#1652
1   2   3   4   5   6
Кітап – ойдың талмас қанаты
Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетіне тәрбиелеу, оның пайдасы мен маңызын ұғындыру.

Білімділікке, ізгілікке, ұқыптылыққа, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: слайдтар, плакаттар, кітап көрмесі, ту жалауша, қағаз, қаламдар, мультфильм, залмен жұмыс, музыкалық фон, фотоаппарат, видеоға түсіру, бағалау парағы, грамота
І Кіріспе бөлім

Фанфар ойнайды,оқушылар орындарынан тұрып қонақтарды қарсы алады.

Фанфар аяқталғасын, оқушылар орындарына жайғасады.

Кітапханашы: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, көздерінде от ойнаған жалынды оқушылар! Өнер мен ғылымның қасиетті тұғыры болған оқу ордамыздағы «Кітап – ойдың талмас қанаты » атты сайысты ашық деп жариялаймыз! Білім алу үшін кітап ауадай қажет.Ол білімнің бұлағы, оны бойына сіңіру үшін көп оқу қажет. Кітап – қымбат дос.Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі.Әрдайым айтқаныңа көнеді.Оны сүй.Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет. Кітап – көп ақылдың құйылатын көлі, ортақ мүлік,халық қазынасы,сарқылмас білім бұлағы.

Ал, ендеше, құрметті қонақтар, сайысымызға қатысатын топтармен таныс болыңыздар.

1-топ «Ойшылдар»

2-топ «Алғырлар»

3-топ «Тапқырлар»

Сайыс бес кезеңнен тұрады.

1. «Сәлем-сөздің атасы» топтардың таныстыруы.

2. «Білім көзі-кітапта», мақал-мәтелдің жалғасын тап.

3. «Ойып айтар ой ...», мультфильмді көркем тілде, мазмұнын жеткізу, мультфильмдегі кейіпкерлерге мінездеме беру және мультфильмдегі негізгі ойды табу

4. «Дайын ұйқас» берілген ұйқастарды қатыстырып өлең шумақтарын құрастыру

5. Синкуейн (суретке қарап 5 жолды өлең құрастыру.)
Әр топтың өздерінің таныстыруы мен тапсырмасы болады. 

Қазылар  орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптарын  кәдік шықты

Білім мен тапқырлықты бағалайтын

Әділ-қазылар алқасы әділ, мықты дей келе, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін
1. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Омархан Ғ.А.

2. Кітапхана меңгерушісі: Нұрғалиева Мейрамгул

3.Гимназия кәсіподақ ұйымының төрайымы: Сапартілеуқызы Г

Әр сайысты  5 балдық жүйемен бағалайды.



Сайысқа қойылатын талаптар: берілген сұрақтың жауабын нақты ашу; тақырыптан ауытқымау; барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау; топтардың өз ойы және өз сөзі арқылы толық еркін айта білуі; уақытты үнемдеу; «Тоқтаңдар!» дегенде тоқтау.

 Сайыс шарты бойынша жеңімпаз топ мектеп кітапханасының мақтау қағаздарымен сонымен бірге сыйлықтармен марапатталады. Ал енді сайысымызды бастайық! Сәттілік тілейміз!
ІІ Негізгі бөлім

1-сайыс. «Сәлем-сөздің атасы» топтардың таныстыруы. Әр команда капитандары өз командаларын көркем тілде таныстарып шығу керек. (командаларды ретімен атау.)

2-сайыс. Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде  мақал – мәтелдерді , нақыл сөздерді көп қолдана білген, «Білім көзі-кітапта» деген 2-сайысымызда берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу керек (слайдтан көрсетіледі.)

1 және 2 сайыс қорытындысын жариялау үшін әділ-қазыларға сөз береміз. (жеңіл музыка ойнап тұрады.)

Додаға түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?!

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар ма?!

Бұл бәйге-ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға-сол алда! дей келе үшінші сайысымызды бастаймыз.



3- сайыс. Бұл сайыс

«Ойып айтар ой ...» деп аталады (музыканы сөндіру). Мұнда экраннан көрсетілген мультфильмді

1-топ көркем тілде, мазмұнын жеткізеді

2-топ мультфильмдегі кейіпкерлерге мінездеме беру

3-топ мультфильмдегі негізгі ойды айту ( мин)


Командалар дайын болғанша залмен жұмыс

Ал енді командалар дайын болғанша залда отырған жанкүйерлердің білімін сынайық. Сіздерге ақын жазушылардың портретін көрсетіледі сіздер ол кім екенін, оның қандай шығармалары бар екенін айтып, мысал келтіріңіздер.


Үшінші «Ойып айтар ой» сайысы бойынша топтың өз тапсырмаларын қорғауы.

4-нші сайыс «Дайын ұйқас» берілген ұйқастарды қатыстырып 2 шумақ өлең шумақтарын құрастыру (слайдтан көрсетіледі)

1-топ «Арайлы-қарайды»

2-топ «Керемет-текемет»

3-топ «Тірегім-жүрегім»



Ойлануға ( мин)

Командалар дайын болғанша залмен жұмыс

Сіздерге берілген сұрақтарға мақалмен жауап бересіздер.



1.Жылан інінен қалай шығады?

Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

2.Қар жана ма?

Қалауын тапса, қар жанады.

3.Инемен құдық қазуға бола ма?

Оқу инемен құдық қазғандай.

4.Ең тәтті не?

Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті



5.Не қорқақ, не батыр?

Көз қорқақ, қол батыр.



6.Кімнен кім жаман?

Олақтан салақ жаман.



7.Тауық түс көре ме?

Тауықтың түсіне тары кіреді.



8.Оттан да ыстық не?

Отан оттан да ыстық.



9.Шошқа үре ме?

Ит жоқта шошқа үреді.



10.Ер қаруы нешеу?

Ер қаруы бес қару.



11.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Отан үшін отқа түс күймейсің.



12.Жігітті шал деген жөн бе?

Жаман жігіт жасында шал болар.



13.Үлкен сөз, үлкен көз бола ма?

Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен.


3-4 сайыстар қорытындысы әділ-қазыларға сөз.

Келесі бесінші сайысымыз «Синквейн» деп аталады.

5-нші сайыс. Суретке қарап берілген 5 жолды толықтырып өлең шумағын құрастыру керек.
1. Зат есім:

2. Сын есім:

3. Етістік:
4. Толықтауыш:
5. Түйін сөз:

5-сайыстың қорытындысын жариялау үшін әділқазыларға сөз береміз.

ІІІ қорытынды бөлім

Кітапханашның сөзі:

Ал енді жиналған ұпай санын анықтап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.



Орындарын беріп, марапаттау қағаздары мен сыйлықтарды табыстау.

Міне, осымен «Кітап-ойдың талмас қанаты»атты сайысы да өз мәресіне жетті.   Кеште өздерінің  білімділігін,  тапқырлығын, шешендігін сынға  салып, өз  өнерін  танытқан  ойыншыл балаларымызға үлкен  алғысымызды  білдіреміз. Кешімізді қорытындылай келе, мектебіміздің кітапханасы туралы слайдқа назар аударыңыздар.



Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет