7-наурыз 2020 жыл
4 наурыз күні «Коворкинг» орталығында №39 орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Л. Д. Жалғасбаева «Мы Масленицу встречали, в библиотеку зазывали...» атты шара ұймдастырды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Масленица Ресейде ең қуанышты және жарқын мерекелердің бірі. Бұл мерекені өткізу дәстүрімен танысу балаларға осы көңілді және жарқын мерекенің тереңдігін, кеңдігін және терең мағынасын түсінуге мүмкіндік береді. 10 сынып оқушылары Масленица туралы хабарлама дайындап, Ресейдің тарихи орындарына виртуалды саяхат жасады. Қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындады: тарихи орындар бейнеленген пазлдар жинады, "аудармашылар" конкурсында әдеби аударма дағдыларын көрсетті, атаудан алынған сөздердің ең көп санын құрады, тест сұрақтарына жауап берді. Балалар тек білімдерін ғана емес, тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін көрсетті. Ең белсенді қатысушылар марапатталды. С.Байішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Масленицаны мерекелеу туралы бейнероликтер, кітаптар көрмесін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |