Сабақ өтті. Қоғам мен білім беру кеңістігінің қазіргі жаһандану жағдайында азаматтылық пен патриотизмді тәрбиелеу аса өзекті болды



бет78/80
Дата04.01.2022
өлшемі58,38 Kb.
#108918
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
2019-2020--

4-наурыз 2020 жыл

2020 жыл,ақпан айының 27 күні бракераждық комиссия мүшелері асхананың санитарлық жағдайын ,технологиялық құрылғылардын және мектептегі жекелеген санаттағы оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ,дұрыс тамақтануын тексеру мақсатында кезекті жұмыс жүргізді.2020 жылғы 4 апталық ас мәзірі еңгізіліп , әлеуметтік көмекке мұқтаж бір оқушыға алғанда 430 теңге болып бекітілді. Мектебімізде жеңілдетілген санат бойынша тегін ыстық тамақпен 127 оқушы тамақтанып отыр.


5-наурыз 2020 жыл

8-Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай 7-8 класс арасында "Бұрымды қыз- 2020" байқауы өтті. Байқаудың шарттары:

1.«Мен қазақтың қызымын».

(Әрбір қатысушы өз өскен ортасын, ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәреселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)

2. Шаш өру формуласы. (Қатысушылар шаш өреді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)

3. Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.

4.Өнер көрсету

5.Сән көрсету

Нәтижесінде бас жүлде 8"б"класс оқушысы "Бұрымды қыз-2020" атанған Бекмурзина Айшабибі

1 орын- Сапарова Аружан 8"а" класы

2 орын- Тлешова Жасмин 7"б" класы

3 орын- Рамазанова Анель


8-Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай

мұғалімдер мен оқушылар арасында "Екі жұлдыз" сайысы ұйымдастырылды сайысқа 8 жұп қатысты.

"Екі жұлдыз" сайысы екі шарттан тұрды. Олар:

1. Ана , әйел тақырыбындағы әндер орындау

2. Замануи әндер орындау

Нәтижесінде Бас жүлде математика пәнінің мұғалімі Борисова Саягүл мен 2 "ә" класс оқушысы Борисов Марлен

1-орын математика пәнінің мұғалімі Рахат Айнұр Берқайқызы мен 9 "б"класс оқушысы Боранбай Ақерке

2-орын Физика пәнінің мұғалімі Жұмабекова Динара және 3"ә" класс оқушысы Асанова Даяна.

3-орын бастауыш класс мұғалімі Калмурзаева Нурсулу мен 3 "а" класс оқушысы Тұрар Диас

Талантты жұп номинациясы Бастауыш класс мұғалімі Губайдуллина Бекзат пен 5"ә" класс оқушысы Жаманова Алтынай

Көрермендер көзайымы номианациясы ағылшын тілі мұғалімі Бисенқұл Жанар мен 4а класс оқушысы Изгалиева Айсана

Өнерлі жұп номинациясы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алшоразова Гүлайым мен 8 а класс оқушысы Мұратбаева Мадина

Креативті жұп номинациясы ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ пәнінің мұғалімі Тайберен Асел мен 5 "в"класс оқушысы Шуйншбаева Айназ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет