Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы



бет1/4
Дата25.01.2017
өлшемі371,85 Kb.
#7910
түріСабақ
  1   2   3   4
1-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Табиғи материалдардың алуан түрлілігі. Табиғи

материалдарды жинақтау. Құрал-саймандар, олармен жұмыс істеу қауіпсіздігі

Сабақтың жалпы мақсаты

1.) Оқушыларды қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып сурет жасауды үйрету және олардың жеке басының қабілетіне байланысты шеберлігін арттыру.
2.) Оқушыларды қолданбалы өнер туралы білімдерін байытып, оларды еңбек сабағына қызықтырып, еңбекке
деген ынтасын арттыру және олардың ой – қиялдарын дамыту.
3.) Оқушыларды әр түрлі халық өнерін бағалауға, сыйлауға, жұмысты таза, ұқыпты істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Табиғаи материалдар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

2. Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар:
Қол арамен ағаш кеседі.
Түрпімен материал бетін тегістейді.
Зімпара қағазбен материал бетін тазалайды.
Пышақпен майда материалдың ұшын шығарады.
Қарындашпен белгі салады.
3. Ағаш материалына қалай белгі саламыз.
 Шеті түзу, жарылмаған ағаш таңдаймыз
 Керекті ұзындық өлшеніп, тақтайдың бір шетінен бастап белгі саламыз.
 Ағашты белгі салынған жерден қоларамен кесеміз.
 Ағаш тайып кетпес үшін қосымша жабдық пайдаланамыз.
III. Қызығушылықты ояту
- Балалар, біз әр таңымызды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы аламыз. Сүйікті Отанымыздың көк байрағы шұғылалы күн аясында желбірейді. Арайлап тағы бір таң атты. Айналамызға көз салаықшы.
- Қазір жылдың қай м езгілі?
Олай болса осы әсем табиғат аясында серуендеп қайтамыз деп
« Тоғай сәулеті» деп аталатын көрмеге аттанамыз.

Жаңа сабақ

Мына заттар қалай аталады?


Табиғи материалдар

Органикалық (жанатын) Бейорганикалық (жанбайтын)


Өсімдік тектес табиғи материалдар Сазбалшық, құм, бор, ермексаз, жұмыр тас, қайыршақтар т. б

Біздің республикамыздың әртүрлі аймағында сол жерге тән өсімдік тектес және бейорганикалық табиғи материал бар.


Табиғи материалдардан жасалған бұйымдардың бөлшектерін жапсыру, біріктіру үшін ермексаз, тіс тазалағыш, аылшын түйреуішін пайдаланамыз.
Табиғи материалдардан композиция құрастырамыз.
«Аққулы көлде» композициясы.
- Аққу қандай құс?

Сарамандық жұмыс


• Қатырма қағазға көк түсті қағаз жапсыру.
• Жұмыртқадан аққу бейнесін жасау
• Құстың мойнын жұмсақ темірден иіп, денесіне ермексазбен біріктіру
• Көл бетіне орналастыру
• Айналасын кептірілген өсімдіктермен әсемдеу.
Топтық тапсырма
I топ
Құмыраны әшекейлеу
ермексаз, моншақ,
жеміс сүйектері
Құстар туралы не білеміз?
II топ
Кірпі жасау
шемішке дәні, ермексаз

o Қазақстанда құстардың 480 түрі бар


o Табиғатқа сән береді
o Олар ағаштағы, жердегі зиянды жәндіктерді жейді.
o Ән салып, көңіліңді көтереді.
o Құстар жемі азайғанда жылы жаққа топталып ұшады.
o Көктемде оралады, ол жақ жылы болады, жұмыртқа шіріп кетеді.
o Бақтың сәні
o Құстарды атуға, жәбірлеуге болмайды.
Уақытың болса тыңдап ал

Ой толғаныс

Құс сұлуы.................................3-4 жасқа дейін сұр қу болып өседі»
...............................30-40 жыл өмір сүреді Қардан да аппақ, үш түс бойынан табылады.
.................................Өте тату құс
«Бесік баласы бес түлейді».......................... Көлде жүзіп келе
деген мақалға сай ол да................................жатқанда үйрек-қаз
3-4 жыл түлеп, шын....................................шетке ысырылып жолды аққуға
айналады................................................береді екен

Үйге тапсырма беру.

 Табиғаи материалдардан бұйымдар жасау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

2-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Орман патшалығын жандандыру

Сабақтың жалпы мақсаты

Сабақтың мақсаты: Ағаш бүршіктерінен орман кейіпкерлерін жасауды үйрену.

Міндеті:

- Техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрену;

- Ойлау қабілетін дамыту;

- Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Сілтеме: Оқулық, еңбекке баулу әдістемесі, слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер.
Оқытудың нәтижелері:

  1. Бүршіктерден мүсіндеп үйренеді.

  2. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды.

  3. Өз бетімен жұмыс жасай алады.

Қамтылған модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауды үйрету (ассоциация, миға шабуыл); 3-модуль – бағалау, 4-модуль – АКТ пайдалану, 6-модуль -Жас ерекшелік,7-модуль – көшбасшылық ( топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)



Көрнекіліктер

Орман туралы суреттер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Арива»



Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу


Үй тапсырмасы

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық
Оқушыларды суретті парақшалар арқылы 2 топқа бөлу.

І-топ «Орман», ІІ топ «Патшалық» (топ басшылары сайланады, олар тапсырмалар бойынша топ мүшелерін бағалап отырады)



1-тапсырма. Модуль АКТ

Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты шығаып алу.



2-тапсырма. Модуль СТО әдісі: Ой қозғау

Модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс)
Орман патшалығы дегенде көз алдымызға нені елестетеміз? (әр топ постер қорғайды)

Орман патшалығының кейіпкерлері


3-тапсырма. Модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Әдісі: миға шабуыл

  1. 1-3-суреттердегі бөлшектердің біріктіру тәсілін анықта.

  2. Бөлшектерді біріктірудің қай тәсілі неғұрлым қарапайым, берік, үнемді.

Сергіту сәті



4-тапсырма. Модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (2 топ жеке орындайды)

  • Өзің таңдап алған зат бөлшектерінің біріктіру схемасын құр.

  • Біріктіру тәсілін анықта.

5-тапсырма. Модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (жұптық жұмыс)

  • Затты құрастыр және безендір.

Жасаған жұмыстарын топ басшылар бағалайды.

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.




Ой толғаныс

6-тапсырма. Модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Әдісі: сәйкестікті іздеу


Ермексазбен біріктіру

Желімдеу









Рефлексия. INSERT әдісі

Білемін

Не білдім?

Не білгім келеді?













Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

3-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. Бұйымдарды жасау схемасы

Сабақтың жалпы мақсаты

Сабақтың мақсаты: Ағаш бүршіктерінен орман кейіпкерлерін жасауды үйрену.

Міндеті:


- Техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрену;

- Ойлау қабілетін дамыту;

- Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сілтеме: Оқулық, еңбекке баулу әдістемесі, слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер.

Оқытудың нәтижелері:

1. Бүршіктерден мүсіндеп үйренеді.

2. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды.

3. Өз бетімен жұмыс жасай алады.



Көрнекіліктер

Орман туралы суреттер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу
ә) Күннің жадын белгілеу
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылардың сабаққа қатысымен түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, топқа бөлу, сабақ барысымен, бағалау тәсілдерімен таныстыру.
Бірінші топты «Таусоғар», екінші топты «Мерген» деп атаймыз және топтар фамилия реттілігі бойынша бөлінеді.
Оқушылар «шырша безендіру» тәсілімен бағаланады. Слайдқа топтағы бала сандарына сәйкес бұтақтары бар екі топтың шырша суреті ілінеді және әр бұтақтың ұшына фамилия реттілігімен әр оқушының нөмірлері қойылады. Оқушылар сабақтың бүкіл кезеңдері бойынша тапсырмалар орындау арқылы шырша ойыншықтарын жинайды. 5-6 шырша ойыншығын жинақтаған оқушыға «5» деген балаға қойылады, 3-4 ойыншық жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады, 1-2 ойыншық жинаған балаға «»3» деген баға қойылады.
Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі:
Ғажайып түс көрдім.
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,
Бұлттары билейді...

Жаңа сабақ

Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі әлеміне саяхат» деп аталады.


Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
Бар екен де, жоқ екен,
Ерте ерте ертеде
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрықтары ұзын екен...
Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру.
«Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.
Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.

2. Ертегілер еліне саяхат


Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл.
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.
Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.
Оқушыларға Қаңбақ шал, Таусоғар, Алтын сақа, Алдар көсе, Алтын балық ертегілерінен үзінділер айтылады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.
Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

Ой толғаныс

Саяхат жолнұсқасы:
1- аялдама «шебер суретшілер» елі.
Бұл аялдамада үйге берілген тапсырма бағаланады. Ертегілер мазмұны бойынша иллюстрация жасап келу тапсырылған болатын. Жұмыстың мазмұнына, бой нақышына мән берілуі тиіс. Өте жақсы салынған шығармаға 2 ойыншықтан, жақсы салынған суретке 1 ойыншықтан беріледі.
2- аялдама «тапқырлар» елі.
Слайдта тестік жүйеде берілген ертегілер тақырыбын табады. Сурет астына қызыл және көк дөңгелекпен екі жауап беріледі. Слайдтағы сурет астындағы екі дөңгелекшенің қайсысы дұрыс жауап екендігін табу, дұрыс дөңгелекшенің түсін дәптерге бояу арқылы дөңгелектеп түсіру. Мұғалімнің өзіне таныс орналастыру заңдылықтарын ескере отырып, оқушы жұмыстарын бағалап шығады, ең көп және дұрыс тапқан оқушыларға екі ойыншықтан, аз тапқан оқушыларға бір ойыншықтан үлестіреді.
3- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.
Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс)
Слайдта берілген жыл мезгілдерінің суреттерін бірнеше минут тамашалаймыз, алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қиылған ертегі кейіпкерлерін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету. Өте жақсы орындалған жұмысқа екі ойыншықтан, орташа орындалған жұмысқа бір ойыншықтан беріледі.
4- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.
Жазба дәптермен жұмыс. (Теориялық жұмыс)
Оқушылар слайдта берілген ертегі кейіпкерлері арқылы өздері білетін әр түрлі жанрдағы ертегілер тақырыбын жазуы керек. Ең көп тақырып жазған оқушыларға екі, орташа деңгейде жазған оқушыларға бір ойыншықтан беріледі.

Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

4-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. Бұйымдарды жасау схемасы

Сабақтың жалпы мақсаты

Мақсаты:   балаларды, бөлікті қосып, оларды біріктіруге, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшекетермен толықтыруға (тұмсық, көздер, құлақтар, кішкене табан) үйрету. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.

Билингвальды компонент: Қоян-заяц, мүсіндеу-лепка, көз-глаза т.б.

Сөздік жұмысы: Бөлшектермен толықтыру.

Технологиялық қамтамасыз ету: Қоянның суреті. Мүсінделген қоянның үлгісі. Жабайы жанурлар (түлкі, аю, қасқыр, қоян).



Көрнекіліктер




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңбері: Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіліді күйімізді сыйлайық.

Арайланып таң атты.

Күн шуағын таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қайырлы күн, достарым!

Жылуыма жылу қос,



Топқа бөлу

Аңдардың суреттері салныған плакаттар


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Жаңа сабақ

Үстел үстінде сулықпен жабылған ойыншық жабайы жануарлар тұр. Тәрбиеші сулықтың шетін көтереді де, онда біреулер біреулер тығылып тұрғанын айтады. Жануарларды кезек-кезек алып шығады, балалар олардың аттарын атайды. –балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, жабай жануарлар адамдардың үйінде тұрады ма, әлде орманда өмір сүреді ме?

-Әрине, олар жабайы табиғат аясында өмір сүреді. Сондықтан оларды жабай жануарлар деп атайды.

Жануарлар ормандар мен шөл далаларда, суық және ыстық елдерде өмір сүреді. Оларға ешкім де қамқор болмайды. өз тамақтарын өздері тауып жейді. Және ұрпақтары туралы өздері қам жейді.

-Мынау –қоян, оның құлақтары ұзын және құйрығы шошақ, тоны сұр. Ол қасқыр, түлкі лерден қорқады. Сондықтан мен оны шыршаның астына тығып қойдым. Енді біз қоянға көмектесу үшін мына ермексазбен қоянның бейнесін мүсіндейік. Ермексазды алақанысызбен уқалап, тақтайшада ысып, саусақтарымызбен қысқылау арқылы жұмсартып ұзын, сопақша жасаймыз. Осы біртұтас сопақшадан қысқылау арқылы қоянның дене мүшелерін жасаймыз.

    Енді басына көзін, мұрнын орналастырайық. Аяғына табанын жабыстырайық. Міне, осылай біз біртұтас қоянды мүсіндедік. Қонаққа келген қоянымыз риза шығар. Қане барлығымыз жұмыстарымызда қонағымызға көрсетіп мәз қылып қуантайық. Ендеше, балалар, қонаққа келген қоянымызыды қасқыр мен түлкіге жем болып қалмасын деп шығарып салайық.

Қоян: -Сау болыңдар, балалар! Сендер өте өнерлі, тату, ұйымшыл балалар екенсіңдер. Сендерге кездескеніме қуаныштымын!


Ой толғаныс

1-топ Сурет салу

2-топ Суретті бояу

3-топ Ермексазбен жұмыс


Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

5-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

«Шыбынжұт саңырауқұлағын» құрастыру. Дайындау реті

Сабақтың жалпы мақсаты

Сабақтың мақсаты: 
а) білімділік: оқушыларды түрлі - түсті қағаз қиындыларынан саңырауқұлақ жапсырмалауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
б) дамытушылық: қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру. Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін
дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
в) тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, интерактивті әдістер, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: еңбек, ойын құралдары, ереже, слайд, т. б.
Техникалық құралдары: мультимедиалық құрал, ноутбук.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қоршаған орта, бейнелеу өнері, т. б.

Көрнекіліктер

Саңырауқұлақ суреттері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Жеміс-жидектердің суреттері арқылы топтарға бөлемін.


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

II. Жалпы білімді тексеру
а) «Негізгі түстер қызығы» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Шарты: түстердің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтары:
1. Қағаз дегеніміз не?
2. Қағаздың қасиеттерін ата.
3. Қағаздың түрлерін ата.
ә) «Жануарды таны» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.
Шарты: көбелек туралы мәліметтерді еске түсіру.
Жасаған көбелектері туралы сұрау.
б) Сергіту сәті.
III. Жаңа білімді үйренуге дайындық
а) Қызығушылығын ояту: «Кім тез табады?»
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту.
Шарты: суретте берілген көбелектерді санау, ерекше көбелекті табу.
ә) Ой қозғау: саңырауқұлақ туралы не білеміз?
б) Ақпараттық мәлімет.

Жаңа сабақ

IV. Жаңа білімді түсіндіру
а) Мозаика құрастыру туралы айту.
ә) Слайдпен жұмыс.
б) Мұғалімнің көрсетуі.
V. Жаңа білімді бекіту
а) Қауіпсіздік ережелері:
Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.
ә) Практикалық жұмыс.
1 - топ: қайшымен қию арқылы мозайка құрастыру.
2 - топ: қылқаламмен үзу арқылы мозайка құрастыру.
3 - топ: қағазды майдалап жырту арқылы мозайка құрастыру.
б) Сергіту сәті.
в) «Саңырауқұлақ» сөзін буынға бөлдіру, тасымалдату, әріптерінен сөз құрату.

Ой толғаныс

VI. Жаңа білімді қорыту
а) Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?
ә) Не жасап үйрендік?
б) Көрме ұйымдастыру.
в) Жұмыс орнын жинау.

Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет