Практикалық сабақ 9. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда мектептің әдістемелік қызметінің ролі Жоспар Әдістемелік қызмет
Ғылыми-әдістемелік кеңестің қызметі
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау
Мұғалімнің педагогикалық портфолиосы
Практикалық тапсырмалар Өзіңіз практика өтіп жүрген мектептің әдістемелік қызметімен танысыңыз. Әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарымен танысыңыз.
Өзіңіз практика өтіп жүрген мектептегі алдыңғы қатарлы, озық тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибесі жайлы ақпарат жинаңыз.
Практикалық сабақ 10. ТПҮ басқару және педагогикалық талдау Жоспар Мектепішілік басқару жүйесі
Педагогикалық кеңестің қызметі
Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Практикалық тапсырмалар Практика кезінде өзіңіз қатысқан бір сабаққа талдау жасаңыз. Мәліметтерді кестеге толтырыңыз. Сабаққа талдау жасау схемасын пайдаланыңыз
Сабаққа талдау жасау схемасы: Сабақтың типі және құрылымы.
Төмендегі схеманы пайдаланып, практика кезінде өзіңіз қатысқан бір тәрбиелік шараға талдау жасаңыз
Іс-шараны талдау барысы: а) тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін анықтау;
б) іс-шараның басындағы психологиялық даярлық, оған жету құралдары;
в) тәрбие жұмысын өткізу кезіндегі оқушылардың ұйымшылдығы және тәртіптілігі, оларды көтермелеу әдістері;
г) өтілетін тәрбие жұмысының мақсатына және міндетіне сәйкес өткізілу орнын (кабинет, зал) безендіру;
д) Тәрбие жұмысының барысында оқушыларды тарту, оқушылардың эмоциясына әсер ету құралдары, оқушылардың эмоциясын білдіру түрлері;
е) тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін негіздеу.