Сабақ Пән: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»



бет10/52
Дата06.02.2022
өлшемі4,66 Mb.
#51909
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
4 сынып КМЖ

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім



Оқушылар дайын сценарий бойынша ойын құрастыра алады және Scratch программалау ортасында бірнеше сахналармен, кейіпкерлермен жұмыс атқара алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:
1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2-топ: « Ептілер » (сары түсті)
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)
Шаттық шеңбері
Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)
Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін
Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?
Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.
Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет