Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Күні: Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата10.04.2017
өлшемі236,39 Kb.
#13640
түріСабақ
1   2

Шығармашылығы:

1914 жылы алғашқы өлеңдер жинағы -«Өткен күндер» жарық көрді.

«Асығып тез аттандық» шығармасы -С.Сейфуллиннің шығармашылығының жаңа күрт бетбұрыс басы болған туындысы.

Поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образдар бар. Олар: асау тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сыр сандық, толқын.



М.Әуезов: «Төңкерісшіл драманың басы - Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» мен «Бақыт жолына» пьесасы».

Поэзиялық туындылары: «Кел жігіттер» (қазақ әдебиетінде ең алғашқы төңкерістік жыр деп есептеледі.)

«Жас қазақ марсельезасы» (1919) «Жұмыскерлерге» «Жолдастар» т.б.
Драмалары:

«Қызыл сұңқарлар» (1920)



«Асау тұлпар» (1922, Орынбор)

«Домбыра»(1924)

«Аққудың айырылуы» (1925)

«Экспресс» (1926, Қызылорда)

«Социалистан» (1927)

«Тұрмыс толқыныда» (1928)

«Советстан», «Көкшетау» (1925, 4 бөлім, 47 тараудан тұрады)

«Альбатрос» (1933, қызықты поэтикалық формасымен оқшауланатын ірі туындысы.)

«Қызыл ат» (1933-34, Голощекин саясын әшкерелеу жайлы. Ақын мен аттың айтысына құрылған.)

«Бақыт жолында» (1935).



Повестері:

«Жер қазғандар» (1928)

«Айша» (1922)

«Біздің тұрмыс»

«Сол жылдарда»

«Жемістер» (1935).



Зерттеу еңбектері:

«Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары (1931)

«Батырлар» (1933)

«Қазақ әдебиеті» (1932).



«Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романында М.Тәтімов, С.Шәріповтердің бастарынан кешкен оқиғаларды (1916-1919) қосалқы эпизодтар арқылы суреттеген.
Сөзжұмбақ.



  1. «Қартқожа» романын жазған жазушы?

  2. 1835-1865 жылдары өмір сүрген философ, суретші дәрігер, ғалым, аудармашы.

  3. М. Жұмабаевтің поэмасы.

  4. Абайдың аяқталмаған поэмасы.

  5. 1873-1938 жылдары өмір сүрген әдебиет зерттеушісі, ғалым, тілші, ағартушы, мұғалім.

  6. М. Дулатовтың романы.

  7. «Абай жолы» роман эпопеясының авторы.

  8. Адамның көңіл-күйін білдіретін сыршыл өлең түрі.

  9. Арабша сөз, үлгілі сөз дегенді білдіреді.

  10. Жүсіпбек Аймауытовтың романы.



Ұлт руханиятының үш бәйтерегі қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де, қалам қуатымен де байытқан даңқты да тұғырлы тұлғалар болып табылады.

Қазақ халқы "Үш бәйтерек" деп атаған ақындардың өлеңдері қай тілдерге аударылған?

Оқушылар «Үш бәйтерек» атанған ақындардың өлеңдерін айтады.



3-баспалдақ.

Оқушыларға алтернатив тест беріледі.



Алтернатив тест

  1. І Жансүгіров бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезінде дүниеге келген бе?

жоқ

  1. С.Сейфуллин «Әдебиет майданы» жұрналының редакторы болып істеген бе?

Иә

  1. Б. Майлин «Құлагер», «Күйші» поэмаларын жазған ба?

жоқ

  1. «Шұғаның белгісі» повесін Сәкен жазған ба?

жоқ

  1. І Жансүгіровтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деп атала ма?

Жоқ


  1. С.Сефуллин «Аққудың айрылуы», «Асау тұлпар» атты драмалар жазған ба?

Иә

  1. Б.Майлин «Азамат Азаматович» романын жазған ба?

Иә

8. Бейімбет Майлин 1896-1937 жылдары өмір сүрген бе?

Жоқ 1894-1938

9. І. Жансүгіров ақын, жазушы, драматург, аудармашы деп атауға бола ма?

Иә

10. «Жолдастар» романын Б. Майлин жазған ма?



Жоқ І.Жансүгіров жазған

11. С.Сейфуллин қазіргі Қостанай облысы Тобыл ауданында дүниеге келген бе?

Жоқ Ақмола обл. Ақмола уезі

12. «Жетісу суреттері», «Күйші» поэмаларын І. Жансүгіров жазған ба?

Иә
4. Баспалдақ. Кубизм стратегиясы.

«Ойлы болсаң озып көр»
1. Суретте. Сәкен Сейфуллин қай қырынан қарауға болады?

Дұрыс жауап: ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, публицист, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым.


2. Зертте. Сәкен Сейфуллин қандай зерттеу еңбектері бар?

Дұрыс жауап: «Батырлар» (1933)

«Қазақ әдебиеті» (1932)

«Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931)


3. Салыстыр. Б. Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров өлеңдерінің тақырыбы.

Дұрыс жауап: Қоғамдық теңсіздік, оқу-білімге үгіттеу, адамгершілікті құрметтеу, қазақ халқы көрген азаптар, уақыт тудырған жаңалықтар, 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі ауыр жағдай, әйел теңсіздігі.


4. Қолдан. «Үш бәйтерек» туралы ел не дейді?

Дұрыс жауап: Қазақ зиялылары, ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі атанған ақы-жазушылары үкіметі тұсында «Алашордашыл – ұлтшылдар» атанды. ХХ ғасырдың 30- жылдар қуғын-сүргінге ұшырап, атылды.


5. Дәлелде. неліктен «Үш бәйтерек» деп атанған?

Дұрыс жауап: Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген Б.Майлин, С.Сейфуллин және І.Жансүгіров бір жылда өмірге келіп, шығармашылық-тарын қатар бастап, дүниеден бір мезгілде өтеді.




  1. Талда. С.Сейфуллин поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образдар.

Дұрыс жауап. Асау тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сыр сандық, толқын.


V. Баспалдақ. «Дода»

Оқушыларымыз жаңа тақырып бойынша Дода ойынын ұйымдастыру.


AutoShape 5AutoShape 22AutoShape 23AutoShape 24AutoShape 25

AutoShape 6AutoShape 9AutoShape 11AutoShape 12AutoShape 13

AutoShape 7AutoShape 14AutoShape 15AutoShape 16AutoShape 17

AutoShape 8AutoShape 18AutoShape 19AutoShape 20AutoShape 21

Сөздік

Репресия құрбаны – Жертва репресии – репресия қурбони

Қоғам қайраткері – общественный деятель – ижтимоий арбоб

Публицист – публицист – публицист

Өнер зерттеушісі – искусствовед – санъатшунос

Ұлт-азаттық көтеріліс – революция – миллий озодлик кураши

Қорытынды:

Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген — Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.

Қазақ зиялылары, ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында "Алашордашыл-ұлтшылдар" атанды. XX ғасырдың 30-жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді. Қуғын-сүргінге ұшырап, атылды. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады.

Ұлт руханиятының үш бәйтерегі қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де, қалам қуатымен де байытқан даңқты да тұғырлы тұлғалар болып табылады.


Адамға тән алты қасиет.

Ұғымыңды ойлы ететін зерде-зейінің;

Сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің;

Тез ілгері бастайтын – талабың;

Еш қашан алдамайтын – тапқырлығың;

Қиындықта сыналатын – қайратың;

Бәрінен күшті ететін – ақылың мен білімің;

Т. Қолмағамбетұлы.
Осы бүгінгі кештің ақылды, білімді, оқушыларын анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.

Ал, оқушылар тілегім: Егеменді елдің еңселі, білімді ұл-қызы болыңдар!



Үйге тапсырма: Сәкен Сейфуллин тақырыбы. (8-12 бет)


Білетінім

Білгенім

Білгім келеді










Мұғалім: Пирназарова А.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет